7


  • Учителю
  • Информатика пәнінен 'Ақпарат әлемі' тақырыбында ашық сабақ 7 сынып

Информатика пәнінен 'Ақпарат әлемі' тақырыбында ашық сабақ 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Сыныптан тыс сабақ


Тақырыбы: «Ақпарат әлемі»








Сыныбы: 7 «Б»

Пәні: информатика

Пән мұғалімдері: Заурбекова Ұлмекен

Тастанбекова Ырысай






Тараз қаласы


Сабақтың тақырыбы: «Ақпарат әлемі».

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ақпарат әлемі тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір болып тұрататын ақпаратты алуға, сақтауға, өңдеуге, кодтауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі білімділік жағынан көрсете алуға, шешім қабылдай білуге, ой ұшқырлығын нығайтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Cұрақ-жауап, ойын, топтастыру, постер

қорғау, сөзжұмбақ, қима қағаз, тест.

Жеті модулдің ықпалдастығы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен

оқудағы жаңа технология, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, көмекші құралдар,

оқулық.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.

Болжамдап отырған нәтиже: Ақпарат әлемін толық меңгерген және

логикалық ойлау қабілеті дамыған, ұжымның намысын жоғары қоя білетін тұлға қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Практикалық тапсырма орындау

ІV.Сабақты қорыту

V. Үй тапсырмасы

VІ. Бағалау

VІІ. Кері байланыс

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

б) Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау.

Алтын ережеге бағыну:

1. Сабаққа кешікпеу

2. Тыныштық сақтау

3. Бір-бірімізді сыйлау

4. Әркімнің пікірі құнда.

ІІ. Сабақтың мақсатымен оқушыларға таныстыру:

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті мен дайындалу жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Күнделікті өмірде біз ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз.


Ғалымдардың деректере бойынша біз ақпаратты 81%-ын көру арқылы, 10%-ын - есту, 4%-ын - иіскеу, 3%-ын - дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Ақпарат алудың арналарға бөлінуін мына суреттен көре аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Оқушылардың кейбіреулері жаңа материалдарды кітаптан оқу арқылы жақсы түсінеді, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері (қабылдау тәсілі бойынша)

Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері

  1. Графикалық ақпарат дегеніміз - қоршаған ортадан алынатын ақпараттың графика (сурет) түрінде бейнеленуі. Жалпы графика түрінде берілген ақпаратты мұражайларда пайдаланады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар өз ойларын суреттен көру арқыл білдіреді.

  2. Табиғи ақпарат дегеніміз - қоршаған ортада болып тұратын оқиғалар, құбылыстар, табиғи процесстер. Мысалы, табиғатта болып тұратын жылдың төрт мезгілі, жаңбырдың жауғаны, желдің тұрғаны, қардың жауғаны, күн шуағын шашқаны. Табиғатта болған барлық процесстерді сурет түрінде, немесе кітапқа ақпарат түрінде көрсетеді.

  1. Ақпаратты кодтау дегеніміз- дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру. Компьютердегі барлық ақпарат екілік кодпен беріледі, оның алфавиті екі цифрдан тұрады (0 және1). Сондықтан да ақпараттың әр түрінің алфавиті компьютерге түсінікті болатын екілік кодқа ауыстыру керек. Код - нақты әр хабарламаға қатаң түрде белгілі бір белгілер үйлесімін сәйкестендіру ережесі. Кодтауға қарама-қарсы үдеріс декодтау деп аталады.

IІІ. Практикалық тапсырма орындау:

Мысал. Постер қорғау

1-тапсырма: Графикалық ақпарат туралы жалпы түсінік






2-тапсырма: Табиғи ақпарат туралыжалпы түсінік






3-тапсырма: Ақпаратты кодтау туралы жалпы түсінік

Қима қағаздан сәйкесін табу.

Декодтау


- қоршаған ортада болып тұратын оқиғалар, құбылыстар, табиғи процесстер.

Графикалық ақпарат


- дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру.

Ақпараттың көлемі


Кодтауға қарама-қарсы үдеріс .............. деп аталады.

Ақпаратты кодтау


- қоршаған ортадан алынатын ақпараттың графика (сурет) түрінде бейнеленуі.

Табиғи ақпарат


-ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

Пиксель


- хабарламадағы битпен , байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және тағы сол сияқты өлшенген ақпараттың көлемі.

Жад


-ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі.


Жауаптары:


Декодтау


- қоршаған ортада болып тұратын оқиғалар, құбылыстар, табиғи процесстер.

Графикалық ақпарат


- дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру.

Ақпараттың көлемі


Кодтауға қарама-қарсы үдеріс .............. деп аталады.

Ақпаратты кодтау


- қоршаған ортадан алынатын ақпараттың графика (сурет) түрінде бейнеленуі.

Табиғи ақпарат


-ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

Пиксель


- хабарламадағы битпен , байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және тағы сол сияқты өлшенген ақпараттың көлемі.

Жад


-ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі.


Топтарға информатика сабағыбойыншажұмбақтаржасырылады.

1 - жұмбақ
Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады. (Тышқан )
2 - жұмбақ
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер )
3 - жұмбақ
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшейтін (Бит )
4 - жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта )
5 - жұмбақ
Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар (модем )
6 - жұмбақ
Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )
7 - жұмбақ
Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет пен сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )
8 - жұмбақ
Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (сканер )
9 - жұмбақ
Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейдіешкейпін
Жаралғандайасылдан. (шырша )

ІV. Сабақты қорыту:

Жиналған ұпайлары арқылы жеңіске жеткен топты анықтау.

V. Үй тапсырмасы

Ақпараттың өлшем бірліктерін жаттап, Мәтіндік ақпаратты оқып келу.

VІ. Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Топ басшысындағы кесте арқылы топ мүшелерін бағалау.

VІІ. Кері байланыс:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал