- Учителю
- Енгізу және шығару операторлары
Енгізу және шығару операторлары
Сабақтың тақырыбы: Енгізу және шығару операторлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сабақта оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіру.
Дамытушылығы: Жұмыс істеу принциптерін түсіну мен қатар алгоритммен программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғынып, қарапайым сызықтық программаларды жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: ойлау, өзін - өзі тексеру қабілетін арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары.
А) Операторлардың жалпы жазылу түрі қалай сипатталады?
BEGIN
1 - оператор
2 - оператор
--------
П - оператор
END
Б) Тілдің қарапайым объектілеріне қандай ұғымдар жатады.
(«сан»тұрақты: айнымалы: функция: өрнек: идентификатор)
В) паскаль тілінде қандай сандар пайдаланамыз? (ондық, оналтылық бүтін сандар)
Г) Алгоритм дегеніміз не? (берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру). Алгоритмді өмірмен байланыстырып мысал келтір:
Д) Блок - схема дегеніміз не? (алгоритм схемасы)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Енгізу операторы read (ағылшынша оқу) идинтификаторынан және айнымалылар тізімінен тұрады, мәндерді оқып, айнымалыға меншіктейді.
Жазылуы (read(): мысалы: read (а, в, с):
Readln операторының read операторынан айырмашылығы Readln операторы қатар
жазылса, келесі мәні жаңа жолдан теру керек.
Мысалы: var a, b, c,d: real;
Begin
read (a, b);
read (с, d);
readln (c, d);
Ескерту: енгізу операторының соңынан нүкте - үтір (;) қойылады.
Мәлімет шығару операторы Write (жазу) идентификатордан және айнымалы тізімнен
тұрады, өрнектің нәтижесін экранға шығарады.
Жазылуы: Write (): мысалы: Write (153); (өрнек тұрақты түрде берілген)
Write (а+в/с); өрнектің нәтижесі шығады. Writ (а[1]); өрнек индексті айнымалы түрінде
берілген.
ІV Сабақты бекіту
Тапсырма № 1
Табандары a,b болатын биіктігі һ болатын тең бүйірлі трапецияның ауданын табатын программа құрыңдыр.
Program esep;
Var a,b,h, s :real;
Begin
Write (' a, b, h -sandarin engiz');
Readln(a,b,h);
S:=a*b*h/2;
Writeln( 's=',s:7:2);
End.
Тапсырма № 2
Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек.
Program san;
Var a,b,x, y:integer;
Begin
Write (' a,b -sandarin engiz');
Readln(a,b);
x:=sqr(a+b);
y:=a*b;
Writeln('x=', x 'y=', y);
End.
V Қорытындылау
Сұрақтар мен тапсырмалар бойынш бағалау.
VI Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу, екі саннның үлкенін табатын программа құрыңдар.