- Учителю
- Сызықты программалау тілі 9 сынып
Сызықты программалау тілі 9 сынып
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық программалау тілі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Сызықтық программалау тілінде есептер шығаруға үйрету.
-
Тәрбиелік: жүйелілікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа, ізденіске, талпынысқа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, компьютерлік сауаттылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: слайд, плакат, фишка, компьютер , топшалар , тест сұрақтары,
блок схема, буклет
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі : Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы
Сабаққа қолданылатын тәсілдер: Сұрақ- жауап , топпен жұмыс
Пән аралық байланыс: математика, физика
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Журналға белгі соғу;
б) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
Сынып оқушыларын топ бөлу.
-
топ . Программист
-
топ . Оператор
Үй тапсырмасы барысында өткенді қайталау сұрақтары қойылды.
-
Turbo Pascal прграммалау тілінде қандай алфавит қолданылады? (латын)
-
Программа құрылымы қанша бөлімнен тұрады? (9 бөлім)
-
Программа соңы қандай қызметші сөзбен бітеді? (end)
-
Readln нені білдіреді? (енгізу операторы)
-
Writeln нені білдіреді? (экранға шығару)
-
integer қандай санды білдіреді? (бүтін сан)
-
real қандай санды білдіреді? (нақты сан)
-
Операторлар құрамы нешеге бөлінеді? (жай және күрделі)
Жауап берген оқушыларға фишка тарату.
Жаңа сабақ:
Оқушыларды жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.
Тапсырмалары:
-
Кім жылдам? (есепті программалау тіліне аудару)
-
Кім тапқыр? (программадағы қатені табу)
-
Теңге алу (есеп шығару)
-
Өзіңді-өзің тексер? (тест)
І. «Кім жылдам?» бөлімінің тапсырмалары:
-
, жауабы:
-
, жауабы
-
, жауабы:
-
, жаубы:
ІІ. «Кім тапқыр?» бөлімінің тапсырмалары:
-
k = x - 5 (1 қате), жауабы: k := x- 5;
-
x := a / - z (1 қате), жауабы x := a - z;
-
writeln (y1; 2) (4 қате), жауабы writeln('y1=', y:2:2 );
-
program x?a; (1 қате, "?" қоюға болмайды), жауабы program xa;
-
x + y := c (1 қате, меншіктеу таңбасы сол жақта болу керек),
жауабы c := x + y;
-
readln[y1]; (1 қате, тік жақша қолдануға болмайды), жауабы readln(y1);
ІІІ. «Теңге алу» бөлімінің тапсырмалары
1. y := x2 + 4ac
Program esep;
Var y, x, a, c:integer;
Begin
Writeln ('x, a, c: мәнін енгіз:');
Readln (x, a, c );
y := sqr(x) - 4*a*c;
writeln('y=', y:2:3);
end.
2.
program esep1;
var a,z,x:integer;
begin
writeln('z,x - мәндерін енгіз=');
readln(z,x);
a:=1+sqr(z)/3+sqrt(x);
writeln('a=', a);
end.
3. Дөңгелектің радиусы берілген r=50 см, оның ауданын табу программасын құру керек. Дөңгелектің ауданы s=p1*sqr(r); мұндағы PI=3,14
program audan;
const
p1=3.14;
var
r:integer; s:real;
begin
r:=50;
s:=p1*sqr(r);
writeln('s=', s:6:2);
end.
4. Ньютонның екінші заңын программалау. F=m*a
program kush;
var
m:integer; f,a:real;
begin
writeln('Масса мен үдеуге мән енгіз:');
readln(m, a);
f:=m*a;
writeln('f=', f);
readln;
end.
5. z:=x2+y2
program esep;
var
z, x, y:integer;
begin
writeln('x, y мәнін енгіз:');
readln(x,y);
z:=sqr(x)+sqr(y);
writeln('z=', z);
readln;
end.
6. Нақты k және m сандарының квадраттарының қосындысын шығаратын программа құру.
program san;
var
k, m:integer;
begin
writeln('k, m мәндерін енгіз');
readln(k, m);
x:=sqr(k)+sqr(m);
writeln('x=', x);
end.
Өзіңді-өзің тексер (тест тапсыру 10 сұрақ). Слайд арқылы жауаптарын тексеру.
-
Дұрыс жазылған программа тақырыбын көрсетіңіз ?
А) PROGRAM 1Audan В) PROGRAM Audan1;
С) PROGRAM audan-1; Д) Program
2) Тұрақтылар бөлімі қандай қызметші сөзбен сипатталады ?
А) LABEL В) TYPE
С) VAR Д) CONST
3) Дұрыс жалыған идентификаторды көрсетіңіз ?
А) MAX1' В) MAX1;
С) MAX? Д) MAX %
4) Меншіктеу операторының дұрыс жазылғанын көрсетіңіз
А)a: a+1 В) a+1= a
С) a:= a+1 Д) a:a=1
5) Var бөлімінде нелер сипатталады ?
А) айнымалылар В) типтер
С) тұрақтылар Д) енгізу операторы
6) INTEGER нені білдіреді ?
А) бүтін В) нақты
С) тұрақты Д) айнымалы
7) REAL нені білдіреді ?
А) бүтін В) нақты
С) тұрақты Д) айнымалы
8) DIV нені білдіреді ?
А) бүтін В) нақты
С) тұрақты Д) айнымалы
9) MOD нені білдіреді ?
А) бүтін В) нақты
С) тұрақты Д) айнымалы
10) Программа соңы немен бітеді ?
А) нүктелі үтір В) леп белгі
С) нүкте Д) жақша
Тест жауабы
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау, фишкаларды санау.
Үйге: Сызықты программалау тілі .
Математика, физика пәндерінен есептер шығару.