7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Аяулы анашым' 6 - сынып

Тәрбие сағаты 'Аяулы анашым' 6 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана пейілі мен махабатын сезіндіру,

ананы ардақтай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың бойына ананы сыйлау,

құрметтеу,өнеге тұту сияқты қасиеттерді

сіңіру ,үлкенге ізетті болуды қалыптастыру.


Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б


Тәрбие сағатының барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылыарды сахна төріне тұрғызу.

2.Кіріспе.

Мұғалім сөзі: Мектеп үшін ата-аналар бөлексіздер

Мектеп үшін қашанда керексіздер,

Ата-аналар ардақты абзал жандар

Ұстаздармен қашанда біргесіздер.


Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар


Құрметті Ұстаздар, ата-аналар ,қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.Халықаралық әйелдер -қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілей отырып мектепалды даярлық тобы балаларының дайындаған «Аяулы анашым»атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.


Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?


Бала, бала ,бала деп

Түнде шошып оянған .

Түнұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

Балалар : Ана, Ана, Ана.

Мұғалім сөзі: Әрине ,бұл біздің аналарымыз. .Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.


1-бала: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмекн құттықтаймын.

2-бала; Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым,күліп» дейтін.


3-бала: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.


4-бала: Үн қатасың бал тілімен

Еркелеймін әр күні мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен


Мұғалім сөзі: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар!

«Құттықтаймын мама туған күніңмен!»әні орындалады.


Мұғалім сөзі:Ортаға ұш ананы шақырамыз.Көздерін шарфымен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

5-бала: Анамды мақтан етем

Ақсүтін ақтап өтем

Анам сау жүрсе өмірде

Арманыма жетемін.


6-бала:
Өлең айтып беремін

Нанды алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.


7-бала: Анам менің сүйкімді

Қарақаттай көздері

Жаныма жылы тиеді

Ақылмен айтқан сөздері.


8 -бала Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.


9-бала : Тіс ауырса, іш ауырса

Анам дәрі береді .

Барлық ана ,барлық бала

Оны жақсы көреді.

10-бала: Әр ананың арманы

Баласы жақсы болғаны

Орындалса сол тілек

Орындалар қалғаны.


Хормен: Ана-мақтан ,ана -жыр,

Ана- бақыт, жанашыр.


Мұғалім сөзі: Балалар анамызды құрметтейік

Көңілін ешқашанда кірлетпейік

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.


Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.Осымен даярлық тобының оқушылары дайындаған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі сөзді ата-аналар комиттетіне береміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал