- Учителю
- План урока по информатике для 6 класса 'Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау'
План урока по информатике для 6 класса 'Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау'
Күні: _________
Сыныбы: 6 «В»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларды Word мәтіндік редакторында кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге, кестелерді қоршауды үйрету
-
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
-
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс:
-
Кесте жасау тәсілдерін;
-
Ұяшықтарды қосу, алып тастау, біріктіру және ерекшелеу амалдарын;
Оқушы меңгеруі тиіс:
-
Қарапайым және күрделі кесте жасауды;
-
Дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосу;
-
Кестеден баған, жол немесе жекелеген элементтерді алып тастауды;
-
Ұяшықтарды біріктіруді және бөліктерге бөлуді;
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ көрнекілігі: Проектор, компьютер, презентация, таратпа материалдар.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, бағалау парақтарын тарату
"Компьютерлік сауаттылықтан - ақпараттық мәдениетке ..." (А.П.Ершов)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
«Келесі» ойыны (алма ағашындағы алмада жасырынған сұрақтарға партада бірінші отырған оқушыдан бастап жауап беру, білмесе «келесі» - дейді, сұраққа келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай)
Сұрақтар:
1. Word мәтіндік редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
2. Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Word мәтіндік редакторында сол жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені қолданамыз?
4. Word мәтіндік редакторында оң жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені қолданамыз?
5. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
6. Мәтіндік құжатты баспаға шығару қалай орындалады?
7. Мәтіндік редакторында құжатты сақтаудың бірінші жолы?
8. Құжатты сақтаудың екінші жолы?
9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
10. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
11. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
12. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
13. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
Жауаптары:
-
Word Pad мәтіндік редакторында мәтін тереміз, мәтінді пішіндейміз, сурет енгіземіз, кесте құрамыз, баспаға шығарамыз, кестені пішіндейміз
-
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін Бастау(Пуск) → Барлық бағдарламалар (Все программы) → Стандартты (Стандартные) → Word Pad
-
Word Pad мәтіндік редакторында сол жақтағы символды Backspace пернесі арқылы өшіреміз.
-
Word Pad мәтіндік редакторында оң жақтағы символды Delete пернесі арқылы өшіреміз.
-
бұл батырма арқылы жаңа құжат құра аламыз
-
Мәтіндік құжатты баспаға шығару үшін Файл - Баспаға шығару (Печать) арқылы орындалады
-
Мәтіндік редакторында құжатты Файл - Сақтау (Сохранить) командалары арқылы сақтаймыз
-
Мәтіндік редакторында құжатты сақтаудың екінші жолы Файл - Қалай сақтау...(Сохранить как...)
-
бұл батырма орындалған әрекетті болдырмауды білдіреді
-
батырмасы мәтінді ортасынан туралайды
-
Батырмасы арқылы көшіруді орындаймыз
-
батырмасы қаріптің өлшемдерін өзгертеді
-
буферден қою қызметін атқарады
-
Кім жылдам, соңғы сөзді мен айтамын! (Тест жұмысы)
1. Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосуға болады?
А) Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандартты →Word Pad командаларын орындау арқылы*
В) Файл → Ашу
С) Бастау → Барлық бағдарламалар → Paint
2. Word Pad стандарт тақтасының орналасуы:
А) құралдар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында
3. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) жоларалық интервал түрлерімен
В) шегініс және аралық
С) сол жақ, орта, оң жақ, ені бойынша туралау*
4. Жоларалық интервалдың қызметі:
А) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді
В) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді*
С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді
5. Word Pad программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?
А) Беттің бөлігінің көлемі →Ориентация (бөлік) → кітаптық, альбомдық.*
В) Қою → Бөлу → Жаңа бетке
С) Қою →Беттің нөмірлері
6. Алмасу буфері дегеніміз не?
А) қатқыл дискідегі файл
В) қатқыл дискінің резервті аумағы*
С) файлдар мен бумаларды тұрақты сақтауға арналған сыйымдылық
7. Word Pad редакторында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?
А) Кірістіру → Беттің нөмірлері → Орналасу → ОК*
В) Кірістіру → Бөлу → Жаңа бетке → ОК
С) Файл → Беттің параметрлері
8. Мәтіндік редакторларда бір сөз екінші сөзден қалай ажыратылады?
А) қос нүктемен
В) бос орынмен*
С) үтірмен
9. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
А) мәтіндік ақпаратты компьютерлік желі арқылы жіберу
В) мәтінді дискіге мәтіндік файл ретінде сақтау процесі
С) берілген мәтінге өзгерістер енгізу процесі*
10. Мәтіндік редактордағы мәтін бөліктерін көшіру үшін алдымен не істеу керек?
А) алдыңғы мәтінді дискіге жазу
В) жаңа мәтіндік терезе ашу
С) көшірілетін бөлікті ерекшелеу *
ІІІ Жаңа сабақ
Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік,
Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан)
Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.
Кестелік мәліметтермен біздер күнде жұмыс жасаймыз. Мысалы: сынып журналы, күнделік, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар схемасы - барлығы кестелік түрде ұйымдастырылған. Олардың ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан (жолдардан) тұрады. Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құрудың екі тәсілі бар. Кесте құрудың бірінші тәсілі: Кесте (Таблица)→Кесте қосу (Добавить таблицу), ал екінші тәсілі: Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) - Кесте қою (Вставить таблица) командасын орындаймыз.. Экранда Кесте қою (Вставка таблицы) диолгтік терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім бойынша Баған саны (Число столбец) өрісінде 2 баған ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.
Кесте (Таблица)→Баған қосу (Добавить столбцы) командасын орындап кестеге баған қосуға болады.
Жол саны (Число строк) операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Кесте (Таблица)→Жол қосу (Добавить строки) командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:
-
Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
-
Макет- Объединить ячейки
Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:
-
Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.
-
Макет- Разбить ячейки
Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:
-
Контекстік менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
-
Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы
Word мәтіндік редакторында жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар (границы) қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
-
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
-
Формат - Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
-
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
-
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
-
Соңында ОК-ді басу керек.
Кесте ішіне деректер енгізу немесе редакциялау үшін деректері бар ұяшыққа шертіп, басу және редакциялау үшін пернетақтадағы әдеттегі пернелерді пайдаланыңдар. Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады.
-
Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «TAB» пернесін басыңдар.
-
Бір жолда кейін қарай (солға қарай) қайтып оралу үшін «Shrift+tab» пернелері үйлесімін басыңдар.
-
Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланыңдар.
Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.(Шығыс нақылы)
Оқушыларға тапсырмалар тарату, дербес компьютерде орындату.
Тапсырма:
-
Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) - Кесте қою (Вставить таблицу) командасын орындау арқылы 5 баған, 4 жолдан тұратын кесте құрыңыз.
-
3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
-
Кестенің соңына 1 баған 4 жол қосып электронды пошта адресі деп жазып, толықтырыңыз
-
Кестенің соңына жол қосып, барлық ұяшықтарды біріктіріп, «6 «В» сыныбы» деп жазыңыз
-
Формат → Шекаралар және құю (Границы и заливка) командасы арқылы жиектеу орналастыр
-
Орындаған тапсырманы мұғалімге көрсетіңіз
Оқушы туралы мәлімет
Р/с
Оқушының аты-жөні
Туған жылы
Мекен-жайы
Телефоны
1
2
3
Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар
Көзді дем алдыру жаттығулары:
Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;
Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;
Көзді жұмып және оны қолмен жауып 30 секунд отыру.
Сәйкестік кестемен жұмыс (флипчарт сәйкестік кестесін ашын интерактивті тақтада жалауша қойғызу арқылы орындату)
ІV. Қорытынды
«Ақпараттық диктант»
1. Таблица →Вставить Таблицу командасының көмегімен ……… құруға болады.
2. Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.
3. Число строк өрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.
4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін басамыз.
5. Жолдан жолға өту үшін ...... немесе ....... пернелерін пайдаланамыз.
«Ақпараттық диктант» жауаптары:
1. Таблица → Вставить Таблицу командасының көмегімен КЕСТЕ құруға болады.
2. Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН санын енгіземіз.
3. Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.
4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін TAB пернесін басамыз.
5. Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланамыз.
«Ой қозғау» Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды. Тапсырмада жұмбақ берілген, жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтады. Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе, 10 ұпай, егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыларға беріледі.
Жұмбақ шешу:
1)Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте, Таблица, Table)
2)Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол, Строка, Line)
3)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық, Ячейка, Stage)
V.Бекіту
Рефлексия жүргізу
Не білдім
Не үйрендім
Сабақтан алған әсерім
VI. Бағалау
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау. (кезекші жинастырады)
№
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Қорытынды
Барлық ұпай
Баға
«Келесі» ойыны (алма ағашындағы алмада жасырылған сұрақтарға жауап) әр дұрыс жауап
5 ұпай
Кім жылдам, сонғы сөзді мен айтамын! (Тест жұмысы)
әр дұрыс жауап
1 ұпай
Тапсырма (практикалық жұмыс)
5 ұпай
Сәйкестік кестесімен жұмыс әр дұрыс жауап 5 ұпай
Ақпараттық диктант
әр дұрыс жауап
1 ұпай
Ой қозғау (Жұмбақ
әр дұрыс жауап)
5 ұпай
1
Ануарова Аружан
2
Досымбеков Ақәділ
3
Жуманбаев Амир
4
Кеңесхан Альбина
5
Кульжанбекова Аружан
6
Курманов Едиль
7
Кадылбекова Адеми
8
Маратов Эльдар
9
Мусилимханова Жадыра
10
Сериккалиева Ақнұр
11
Тайменова Аружан
12
Тоқанов Бағыжан
13
Тоқанова Мадина
70-90 ұпай - «5», 50-70 ұпай - «4», 30-50 ұпай - «3»
VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, «Менің күнделігім» атты кесте құрып келу (Электронды түрде)
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!