7


  • Учителю
  • Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау. 6 класс

Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау. 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Маңғыстау облысы Қарақия ауданы  Жетібай селосы №3 орта мектебінің  информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның  қысқа мерзімді жоспары.  Күні:  24.09.14 Пәні: информатика Сынып: 6 «Г» Сабақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау. Сілтемелер: Комп
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай селосы №3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның

қысқа мерзімді жоспары.


Күні: 24.09.14

Пәні: информатика

Сынып: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау.

Сілтемелер:

Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, тұсаукесер.

Сабақтың жалпы мақсаты:

АКТ-ны пайдаланып, «компьютерлік вирус» түсінігін беру. Оқушыларға теориялық білім бере отырып, ойлау қабілетін, әскерлік белсенділігін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы топпен орындауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижесі:

Вирустан қорғау программаларының мәні және олардың түрлерін біліп, оларды қолдана алады. Ақпараттың қорғалу тәсілдері туралы өз ойларын айту.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы берілген тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, өз ойларын айтады. Топ мүшелерін сыйлай, құрметтей алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

ДК, оқулық, тұсаукесер.

Іс-әрекет

Жаңа әдістер: СТО, АКТ


1.Топтық жұмыс.

2.Жеке жұмыс.

3.Жұппен жұмыс

Тапсырмалар:

1.Топтық жұмыс

Топтас-бөліс


2.Жұптық жұмыс

1.Бір-біріне сұрақтар қояды

3.Жеке жұмыс

1. Сұрақ-жауап

2.Компьютермен жұмыс

3.Тест жұмысы

Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:

1.Сурет арқылы топқа бөлінеді.

2.Шаттық шеңберін құрады.

3.Үй тапсырмасы.

Білу:

-Компьютер деген не?

-Компьютермен адамның қандай ұқсастығы бар?

Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау. Оқулықтағы және қосымша материалдармен танысу.

- Компьютерлік вирус деген не?

-Сенің үйдегі компьютеріңде қандай вирустан қорғану

программасы бар?

-Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер?

-Бұл программалар кімдер жазады?

Қолдану: Компьютермен жұмыс.

1.Вирустан қорғау программасын іске қос.

2.Базаны жаңартуды орында.

3.Программаның қосымша бетіндегі терезелермен таныс.

4.Менің құжаттарым папкасына тексеріс орнат.

5.Сканерлеуді іске қос.

6.Құжаттарды сканерлеуді аяқтағаннан кейін қорытындысын сарапта.


Талдау:

Топтас-бөліс. Топтарға тапсырмалар таратылады.

1-топқа:

1.Компьютерлік вирустар:

2.Компьютерлік вирустың үш аксиамасы:

3.Вирустардың әркеті үш кезеңге бөлінеді?

2-топқа:

1.Вирустың негізгі пайда болу белгілері?

2.Вирустардың компьютерге ену жолдары?

3.Компьютердің зақымдалу белгілері мен болғандағы әрекет.

3-топқа:

1.Вирустан қорғау программасы?

2.Вирсутан қорғау программалары өнімінің арасынан кеңінен мына программаны айтуға болады?

3.Вирустан қалай қорғануға болады?

Жинақтау: ТЕСТ тапсырмасы.

Кейінгі тапсырмалар

1.Тақырыпты оқып келу.§1.3.

2. «Ақпаратты қалай қорғауға болады?» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Бағалау

Рефлексия


Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды - формативтік бағалау, мұғалім қорытындылып бағалайды -жиынтық бағалау.

Кері байланыс жасау үшін стикерлерге жазып білім баспалдағына іледі.

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Саған қай тапсырманы шешу қиын болды?

  • Нені біліп, үйренуіміз керек?






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал