7


  • Учителю
  • Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі

Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№_2_ Сабақ жоспары



Топ





Сабақтың өткізілетін күні







Пән аты: Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы.



Оқытушы: Убаев Каримжан Камилжанович



Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы үйрету, түсіндіру.

Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз бетімен іздену, білімдерін іс - жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.



Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту, зерттеу әдістері.

Пән аралық байланыс: информатика, есептеу кешендерінің операциялық жүйелері, қазақ тілі

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер (шарты: сөздердің мәнін ашу)

  1. Бағдарламамен қамтамасыздандыру сөзінің мәні?

  2. Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы пәні нені үйретеді?



Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру



II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеру

  1. Бағдарламамен қамтамасыздандыру (БҚ) - бұл не?

  2. Бағдарламамен қамтамасыздандыру неше түрге бөлінеді, оларды атаңыз.

  3. Жүйелік бағдарламамен қамтамасыздандыру - бұл не?

  4. Жүйелік бағдарламамен қамтамасыздандыру неше түрге бөлінеді, оларды атаңыз.

  5. Негізгі бағдарламамен қамтамасыздандыру өз ішіне нелерді алады?

  6. Сервистік бағдарламамен қамтамасыздандыру өз ішіне нелерді алады?

  7. Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыздандыру - бұл не?

  8. Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыздандыру тағы не деп атайды?

  9. Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыздандыру өз ішіне нелерді алады?

  10. Бағдарламалау жүйелері - бұл не?

  11. Бағдарламалау жүйелері әдетте қандай құралдардан тұрады?

Тапсырма: «Сөз жұмбақ» сарқырамасы. Сарқыраманың жанында нұсқағыш тұр, онда былай деп жазылған: «Сөз жұмбақты шешсең, аралдың атын білесің»Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі

Топтарға кроссвордтар беріледі (әр жауапқа 1 балл, аралдың атың тапса + 1 балл)













Сөз жұмбақтың сұрақтары

  1. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейін негізгі жұмыс не арқылы ашылады?

  2. Белгілі бар атпен дискіде сақталып қойылған программа немесе құжат?

  3. Кез келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы

  4. Компьютердің жадына графикалық ақпарат енгізу құрылғысы

  5. Сегіз биттен тұратын топ

  6. Ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы

  7. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

  8. Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы

  9. Иілгіш диск

  10. Диск түрі

  11. Қоршаған орта туралы мәлімет

  12. Кез келген символдар тізбегі немесе мәтін сөзінің синонимі

  13. Қатқыл диск

  14. Цифрге синоним сөзі

  15. Ең кіші өлшем бірлік

  16. Кестеге (сан, формула, мәтін) түрінде не енгізуге болады?



III.Жаңа материалды түсіндіру.



Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі

Амалды жүйе (АЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.

Амалды жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалды жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Мини компьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені.

Барлық аппараттық, сондай-ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал - операциялық жүйе арқылы ғана жетеді (1-сурет).



Операциялық жүйенің негізгі қызметтері болып мыналар саналады:

  • бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;

  • орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер алмасу бойынша опреацияларды қамтамасыз ету;

  • бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды тексеру;

  • орындалған бағдарламаны жедел жадтан аластау және жаңа бағдарламаны жүктеу үшін орын босату;

  • сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру мен сақтауды ұйымдастыру;

  • пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара әрекеттерін ұйымдастыру - пайдаланушының командаларын қабылдау мен орындау;

  • дискілік құрылғыларды форматтау, ақпаратты бір дискілік құрылғыдан екіншісіне көшірмелеу және тағы басқадай әр түрлі қосалқы қызметтерді орындау.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесін құрайтын операциялық жүйенің бөліктері әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылады. Оның қалған бөліктері жүйелік дискі деп аталатын иілгіш, Винчестерлік пен лазерлік дискілерге орналастырылады.

Операциялық жүйе компьютердің жұмыс істеп тұрған барлық уақыты ішінде жұмыстық қалып күйде тұруы тиіс. Операциялық жүйенің жұмысы компьютерді қосқаннан басталады да оны ажыратқан сәтте аяқталады.



Даму тарихы

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультіне қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральды микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық концепциялар: мультипраграммалау, мультипроцесстеу, көп терминалды іс-тәртіп, виртуалды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини - компьютерлер кең тарала басталды. Мини - компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.





Жалпы

*History

  • Timeline

  • List

  • Comparison

  • Usage share

  • Advocacy

  • Hobbyist development

KernelMonolithic

Microkernel

Exokernel

Hybrid

Компоненттері

  • User space

  • Microkernel

  • Loadable kernel module

  • Device driver



Process managementProcess

Process control block

Interrupt

Thread

Context switch

Scheduling algorithms

  • Computer multitasking

  • Preemptive

  • Round-robin

  • Fixed-priority preemptive

  • Multilevel feedback queue

  • Shortest job next



Memory management and

resource protection

*Security rings

  • Memory protection

  • Virtual memory

  • Paging

  • Segmentation fault / Bus error

  • General protection fault

List

*AmigaOS

  • BeOS

  • BSD

  • DOS

  • GNU

  • Linux

  • Mac OS

  • MorphOS

  • OS/2

  • ReactOS

  • Solaris

  • Unix

  • Windows

Miscellaneous concepts

*Boot loader

  • Live CD

  • Live USB

  • PXE

  • API

  • Virtual file system

  • Virtual tape library

  • Computer network

  • OS shell

  • CLI

  • TUI

  • GUI

  • VUI

  • HAL



Қорытындылау:

  1. Операциялық жүйе туралы сұрақтарға жауап беру.

    1. Амалды жүйе (АЖ) - бұл не?

    2. </<span>Амалды жүйе болмаса не болады?

    3. Интерфейс деп неге айтамыз?

    4. Программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа бұл не?

    5. Амалды жүйенің даму тарихы туралы не айта аласыз?

    6. Амалды жүйелерге мысал келтіріңіз.

    7. Linux амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

    8. MS DOS қандай амалды жүйе?

    9. Mac OS амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

    10. Ubuntu қандай амалды жүйе?

    11. Windows амалды жүйесі туралы айтып беріңіз.

  2. Оқушылардың Операциялық жүйелер және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.

  3. Инсерт әдісін қолданып, білімін, нені үйрендім, нені білгім келеді кестесін толтыру.





Үй тапсырмасы: ____Н-3 4 - 10 б, Н-4 8 - 14 б _____



Оқытушының қолы: _____________________ Убаев К.К.



ПБ төрағасы: _____________________ Убаев К.К.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал