7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 7 сынып информатика Paint графиктік редакторының құралдары

Сабақ жоспары 7 сынып информатика Paint графиктік редакторының құралдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: 7 сынып Информатика



Сабақ: Тақырып: Paint графиктік редакторының құралдары

және онымен жұмыс істеу.



Мақсаты: а) Оқушылар графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар Paint графикалық редактода сурет салу техникасын көрсету

б) Ойлау қабілетін дамыту компьютерлік сауаттылығын ашу. Оқушылардың өз ойын айтуға және шынайылыққа тәрбиелеу.

д)Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу



Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары



Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

II Үй жұмысын сұрау

а) Меню командалары арқылы объектілерді қалай көшіруге болады?

д) Қапшықтар мен файлдың немесе таңбашалардың аттарын қалай өзгертуге болады?



III Үй тапсырмасын бекіту

IV Жаңа сабаққа кіріспе

V Жаңа сабақ

VI Жаңа сабақты бекіту

VII Қорытындылау

VIII Үй тапсырмасын беру

ІX Бағалау



Жаңа сабақ

Түзу сызық сызу.

Түзу сыщық сызу айрықша еңбекті талап етпейді. Түзу сызық сызу үшін:

  1. Линия (сызық) батырмасын шертіндер.Құрал-саймандар жиынының астындағы жақтаудан сызықтың қажетті қалындығын таңдандар.

  2. Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қойындар.

  3. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға нұсқағышты тасымалдап апарындар.

  4. Маустың батырмасын жіберіңдер.



ТСабақ жоспары 7 сынып информатика Paint графиктік редакторының құралдарыөртбұрыштар мен шаршылар (Квадраттар) салу

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Прямоугольник батырмасын шертіңдер.

  2. Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңда: 1-тек жақтау (рамка), 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Жақтау палитраның бірінші төртбұрышында сол жақ батырмамен таңдаған кескін түсімен сызылады. «Жақтау және толтыру» түрін таңдағанда, онда жақтау кескін түсімен сызылады да, ал іші оң батырмамен өздерін таңдаған фон түсімен толтырылады. Ал «тек толтырылған» түрін таңдағанда, бірден кескін түсімен боялған тік төртбұрыш салынады.

  3. Маус нұсқағышын тік төртбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты тік төртбұрыштың жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдандар.

  5. Маус батырмасын жіберіндер.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Скурленный прямоугольник батырмасын шертіңдер.

  2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдандар:

1-тек жақтау, 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру.

Жақтау паоитрадағы бірінші квадратта сол жақ батырмасымен өздерің таңдаған кескін түсімен сызылады. «Жақтау және толтыру»

Түрін таңдағанда, жақтау таңдаған кескін түсімен сызылады да, іші оң жақ батырмамен таңдалған фон түсімен толтырылады. Ал «тек толтыру» түрін таңдасаңдар, онда бірден кескін түсімен боялған дөңгеленген тік төртбұрыш салынады.

  1. Маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

  2. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

  3. Маус батырмасын жіберіңдер.



Бекіту: а) Өшіргіш құралын қалай пайдалануға болады?

б) Вертикалық кескіндерді қалай жасауға болады?



Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене

қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып

отырған оқушыларға ескертпелер бару арқылы

білімдерін бағалау.



Үй тапсырмасын беру: Paint редакторының құралдары?

Paint құралдың түрлері және олармен жұмыс істеу?

Бағалау:















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал