7


  • Учителю
  • Внекласный урок по информатике на тему Жақсыдан үйрен

Внекласный урок по информатике на тему Жақсыдан үйрен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» информатикалық сайысы



Мақсаты: Білім алушылар шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.

Жоспары:

І тур. Топты таныстыру

ІІ тур. Сергіту сәті.

ІІІ тур. «Жылдам бол »

ІҮ тур. Сандар арифметикасы

Ү тур. Инфо бюросы.

ҮІ тур. Бетпе - бет

ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»

Барысы:

Техника дамып ғарыштаған,

Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.

Компьютерлік ғажайып виртуальдық,

Өзіндік өрнегіммен өріс табам,

- дей отырып, барлықтарыңызды «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» информатикалық сайысы көріп тамашалауға шақырамыз!

Әділдікпен баға берер сіздерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.



І тур. Топты таныстыру:

Компьютерде келешек,

Ұғып, білгіш елгезек.

Әр кластың білгірлері,

«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз.

Информатика пәнінен,

Көрсетер бізге алғырлық.

Ой толғайтын жүйелі

«Сканер» тобын шақыралық,- ортада «Сканер» тобы.

Тобының жоғын мұңдайтын,

Ертеңі жайлы ойлайтын.

Болашақтың арманын,

Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға шақырайық.

Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.

1. Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)

Топтың ұраны:

Сәттілік тілейміз біз жарыста.

Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!

«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,

Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.

Топтың әні:

1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,

Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.

Әділ - қазы алқасына мың сәлем,

Хабары бар есеппенен өнерден!

2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,

Өлеңменен осы әнімді арнадым.

Информатика - ғылымдардың патшасы

Ой - сананың түсінетін астарын.



Қайырмасы:

Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.

Сенсіз бастамаймыз бір істі.

Драйверлік бағдарлама боламыз,

Орнатылған компьютерге келісті.



3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,

Өлеңменен осы әнімді арнадым.

Информатика - ғылымдардың патшасы

Ой - сананың түсінетін астарын.

4. Болашаққа бірге қадам басамыз,

Білімменен асулардан асамыз,

Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,

Сәттілікті жолдас қылып аламыз!



2. Топтың аты: Сканер

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.



Тотың әні: (Қ. Нұртас «Сағыныш моншақтары» әнімен)

1. Жүректің жалынымен,

Қал сұрап амандасып,

Сіздермен қауыштырған,

Информатика апталығы.

Принтер мен Модем топтары

Қарсылас емес бізге.

Достармыз біз әрқашан

Жазылмас жұбы мүлде.

Қайырмасы.

Сен барда ұмытпаймыз біз.

Мектептің қызық шақтарын.

Сканер тобы ұмтыл алға,

Шыға бер биік шыңға.



2. ХХІ ғасыр

Технология заманы.

Ақпараттар Бүгінде

Информатика саласы.

Ұмтылыңдар сендер де

Информатиканы білуге.

Кибернетикасы атасы

Норберт Винер ізімен.

3. Біздің топ: Модем

Біздің ұран:

Егеменді елімнің ұланымыз,

Тәртіпті болп, жақсы оқу ұранымыз.



Біздің ән: (Қ. Нұртас «Сүйіп едім» әнімен)

Амандасып алайық

Жалпыңызбен халайық

Модем тобы келгенде,

Қол соғып қарсы алайық.

Модемдерді көргенде

Интернетке кіргенде,

Білесіңдер пайдасын

Сол кездерде сендер де.



Қайырмасы:

Модем деген керегі,

Интернеттің тірегі.

Кез келгені біледі,

Модемдерді үнемі.



Ғылымдардың патшасы,

Жаңа өмір қақпасы,

Компьютерді өмірде

Қолданады баршасы.

Қорытынды кеш бүгінгі,

Топтар өзіне сенімді.

Тілейміз біз сәттілік

Қарсыласқа бүгінгі.

Қайырмасы.



ІІ тур. Сергіту сәті.

Информатика бұл кейде басты талап,

Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.

Енгізу - шығару құрылғысын,

Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,

- деп «Сергіту сәтін» бастайық.

1 минуттың ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

(Тапсырманы орындау парағы таратылады.)

ІІІ тур. «Жылдам, тағы жылдамырақ»

Ақпараттану күнбе-күн,

Тез - ақ дамып келеді.

Таппай іздеп жүргенің,

Компьютерге енеді.

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де,

Ақпараттық заманың,-

деп ІІІ - турымызды бастаймыз. «Жылдам бол» деп аталатын бұл турда 1минуттың ішінде таңдап алынған әріптен басталатын информатикалық терминдер жазу керек. (Әділқазы алқасынан әріптерді таңдап алады. Тапсырманы орындау парағы таратылады.)



ІҮ тур. Сандар арифметикасы.

Информатика пәнінен,

Алғырлық біздер көрсетіп.

Әр түрлі санау жүйесінен,

Тастайық есеп шығарып,-

деп «Сандар арифметикасы» турын бастайық. Оқушылар санау жүйелерінен тапсырмалар орындайды. (Тапсырмалар әділқазылар алқасында).

1. «Принтер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең үлкен үш разрядты санды жаз және оны ондық санау жүйесіне көшіріңіз.

2. «Сканер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең кіші төрт разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.

3. «Модем» тобына: 16-лық санау жүйесіндегі ең үлкен екі разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.



Ү тур. Инфо бюросы

О, информатика, сен қандай ғажап едің,

Сенсіз өткен күндерім азап менің,

Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,

Мен сені қалайша жырламаймын,-

</ деп толғана отырып, кезекті жанкүйерлерге береміз.

(Жанкүйерлер сайысы. Өздерінің шығарған өлең жолдарын оқиды. Әділқазылар алқасына жұмыстарын өткізеді).

Компьютерге арнау («Принтер» тобы)

Армысыңдар замандастар!

Апталықтың додасына қадам басқан.

Бүгінгі бұл сайыста біз жеңбесек

Ұстаздан алған білім бекер болмақ.

Лунара апай емес қой сондай бөтен,

Танымаған адамдар оңбайды екен.

Жалғыз ғана мұғалім компьютерден

Компьютерден басқа ұстаз болмайды екен.

Біз міне армандарға жеттік бүгін

Алып жүрген жоқпыз ғой бекер білім

Осы жұрт біле ме екен, айтып көрсін

Бар байлықтың компьютерде екендігін.

Айғайлап айтып жатыр оқушы әнін

Жырға қоссақ білімнің атырабын

Бар адамды шетелдік кино емес

Компьютерді білуге шақырамын!

Компьютер....

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе, неге іздедім?

Мультимедия, физикадан сені іздедім.

Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,

Үйден шықсам, мектептегі компьютерге асықпын,

Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,

Сезімнің толқындарын тасыттым.

Компьютерсіз күн қараң

Ақпарат жоқ сол жаман.

Егер білсең пайдасын

Ешқашанда қиналман.

Интернетке кіресің

Әлемнің бәрін білесің

Көп қиналмай барлығын

Бір минутта көресің.

Оқу жайын байқалық

Біз жүрейік жайқалып

Апталықта мың алғыс

Ұстаздарға Айталық!

Біз бақытты баламыз,

Биік біздің санамыз,

Компьютер біздің ақылшы,

Ол да біздің панамыз.

Керемет бұл бала шақ

Оқушы кез тамаша,

Білімді бол достарым,

Біз кейінгі болашақ!

Информатиканы жырлаймын («Сканер» тобы)

Апталықтың ең соңғы күні бүгін,

Информатикадан жетілдірдік ілім - білім.

Ада Лавлейс программистің ізімен,

Үйренеміз информатика ілімін.



Информатика пәнінің жетекшісі

Лунара апай ұстазымыз есепші.

Білмегенді сұра деп аянбайтын,

Бағындырған небір қиын белесті.



Мынау заман ақпараттың ғасыры,

Интернетсіз бағынбастай бар шыңы.

Бэббидж, Лейбниц, Гейтстер ойлап тапқан,

Информатика ғылымдардың асылы.



Брайен менен Деннис Ритчи құрған тіл,

Программалау емес пе оны да біл.

Томастың атындағы арифмометр,

Бізге мәлім бүгінгі калькулятор.



Информатика ғылымының бір саласы,

Есептерін шығаруға ешкімнің жоқ таласы.

Паскаль тілінің ерекшілігін қарастырып,

Орындайды компьютерді әр адамзат баласы.



Информатика жадымызда біздердің,

Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді.

Осы менен аяқтайық жырымызды,

Жүректен шыққан ән - сырымызды.



Информатикаға арнау («Модем» тобы)

Болашақ білім - ғылым тұтқасында

Мұны әр кез, әр кез ұстасында

Заманның компьютердей кезеңінде

Информатика тағы тұр көш басында



2. Компьютермен басқарылар бәрі де

Меңгереді оны жаста, кәрі де

ХХІ ғасыр дамыған мынау заманда

Көш басында компьютер тұр әлі де.



3. Заманның бүгін талабы

Озық ұлттар ойынның

Үлгісін соған салады

Жұмбақ сырын ғылымның,

Компьютермен табады

Қиын деген есепті

Шемішке шағады

Жетістігі ғылымның

Бұл ғасырдағы ең бағалы

Жанындай жақсы көретін

Жасампаз жарқын жаңаны

Шетінен сондай болсам деп

Қазақтың барлық адамы.



ҮІ тур. Бетпе-бет.

Ақпараттандыру ғылымы,

Информатика жайында.

Сұрақтар қойсақ нақтылы,

Жауабыңды дайында,-

дей келе, «Бетпе-бет» турына кезек берейік.

(Әр команда қарсыластарына сұрақтар дайындап әкеледі.)

ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»

Аспан ашық, жер мамық жастанарға,

Біздің қазақ ұқсамас басқаларға.

Ақылшысы атойлап алда тұрса,

Арыстандай ерлері жасқанар ма?,- деп жас ақынымыз жырлағандай, еліміздің ертеңі, болашағы болар мына жастарымыздың Елбасы жолдауын қалай насихаттайтынын тыңдалық.

(PowerPoint - та жасаған презентацияларын қорғайды.)

Білімдіден шығады білгір маман,

Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.

Ақпараттық ғасырың - болашағың,

Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-

дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал