7


  • Учителю
  • Мәліметтерді енгізуді және шығаруды ұйымдастыру

Мәліметтерді енгізуді және шығаруды ұйымдастыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Күні:


7 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Мәліметтерді енгізуді және шығаруды ұйымдастыру

Сілтеме

7-сынып оқулығы. Авторы: Е.Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов электрондық оқулық, презентация

Мақсаты

Мәндерді енгізу және экранға шығару, программа құруды үйрену.

Оқыту нәтижесі

Мәндерді оперативті жадыға енгізуді және экранға шығаруды, программа құруды үйренеді.

Сабақтың әдісі

Баяндау, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ қолдану, Сын тұрғысынан ойлау «Топтастыру»

Жалпы

Білу

Кіріспе.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Тест жұмысы

Жинақтау

ББҮ

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Сыныппен сәлемдесу.

Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру). Сабақта өзін-өзі бағалау парағы таратылады.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Әр жауап 1 ұпаймен белгіленеді.

1

Техникалық диктант


2

Жаңа сабақ


3

Компьютермен жұмыс


4

Тест


5

Қорытынды ұпай





Сергіту сәті. «Досыма тілек»

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.

Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы -ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар

Тіктөртбұрыш таңдағандар - Жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар
Шеңбер таңдағандар - осы 4 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын бөлуге даяр тұратын жандар


ББҮ Оқушының аты-жөні..........................................................................

Оқушы «білемін» бөлігін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім
І. «Техникалық диктант»

ІІІ. Жаңа сабақ. Екі топқа кітаппен жұмыс беріледі. Керектісін дәптерге жазып, түсінгендерін айтады.

«Түсіну»

Мағынаны тану

Меншiктеу операторының көмегiмен айнымалыға немесе функцияға есептелiп отырған өрнектiң мәнi меншiктеледi. Ол үшiн ":=" белгiсi қолданылады. Бұл белгiнiң сол жағында айнымалының немесе функцияның аты, ал оң жағында олардың қабылдайтын мәндерi немесе сол мәндердi есептейтiн өрнек жазылады.

Begin және end операторлық жақшаларға алынған орындалатын операторлардың тiзбегiнiң жиынтығы құрылымды операторды сипаттайды:

Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады

Read (ln)- сандық мәндерді, символдарды, жолдарды клавиатурадан енгізеді.

Жазылу форматы : Read (ln)(айнымалылар тізімі);

Жазылу түрлері:

Read операторы орындалған соң курсор сол жолда қалады.

Readln-операторы жаңа жолға түсіп айнымалы мәнін ендіруді сұрайды.


Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады. Айнымалының мәнін, өрнектің мәнін, тексті экранға шығарады.

жазылу форматы:

WRITE (ln) (параметр);

Жазылу түрлері:

WRITEln (өрнек) - өрнектің мәнін экранға шығарады

WRITEln (х)-х айнымалының мәні экранға шығады.

WRITEln ('текст')-апостроф ішіндегі сөзді экранға шығарады. Мысалы WRITEln('сәлем');

Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылады.


«Қолдану»

Оқулықпен жұмыс жасаймыз

Компьютерде тапсырма орындау

1-тапсырма

«Сәлем!»

«Мен 7сыныпта оқимын.»

«Мен информатика сабағын жақсы көремін» деген тексті шығару бағдарламасы

Program text;

Begin

Writeln('Сәлем');

Writeln(' Мен 7сыныпта оқимын ');

Writeln(' Мен информатика сабағын жақсы көремін ');

End.


«Талдау» Бекіту.

Тест

1. Программа құрылымын ата
А) сипаттау бөлімі, оператор денесі
Ә) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі
Б) программа тақырыбы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі
В) программа тақырыбы
2. program kbt; - бұл...
А) программа тақырыбы Ә) программаның оператор бөлімі
Б) программаның сипаттау бөлімі В) программаның соңы
3. Операторлық жақшаны көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
4. Енгізу операторын көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
5. Шығару операторын көрсетіңіз?
А) program Ә) Begin, end
Б) Write, writeln В) Read, readln
6. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) read(a,b,c) Ә) read(a:b:c)
Б) read(a;b;c) В) read(a b c)
7. Қай оператор дұрыс жазылған?
А) writeln(a=5,b=6); Ә) write(a,,b);
Б) writeln(a:b:); В) write(a,b);
8. Қай пікір қате?
А) программаның әр жолы (;)- нүктелі үтірмен аяқталады;
Ә) сызықтық өрнек бір жолға жазылады;
Б) ондық бөлшек үтірмен жазылады;
В) градустық өлшеуіштер радиандық өлшеуішпен жазылады;
9. 61 div 7. Нәтиже неге тең?
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2
10. 61 mod 7. Нәтиже неге тең?
А) 5 Ә) 7 Б) 8 В)2

Оқушылар жанындағы оқушымен дәптерімен ауысып, интерактивті тақтадан көрсетілген кілт бойынша тесті тексеріп шығады.

Жауабы:
1- б, 2- а, 3- ә, 4- в, 5- б, 6- а, 7- в, 8- б, 9- б, 10- ә

«Жинақтау»

ББҮ кестесінің «үйрендім», «білгім келеді» бөліктерін толтырады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Бағалау. Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, түйінді жазу.


Рефлексия.

Алған әсерлерін стикерге жазу. (Стикермен бағалау)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал