7


  • Учителю
  • Сканерлеген мәтіндерді редакциялау. ҚұЖаттарды мәтіндік процессорға экспорттау. Мәтіндік процессор. ҚұЖаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Сканерлеген мәтіндерді редакциялау. ҚұЖаттарды мәтіндік процессорға экспорттау. Мәтіндік процессор. ҚұЖаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: Күні:_________ Мұғалімі: Тексерген_______________


Сабақтың тақырыбы: Сканерлеген мәтіндерді редакциялау. Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау. Мәтіндік процессор. Құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сканерленген мәтіндерді редакциялау туралы мәлімет беру; Мicrosoft Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін еске түсіру арқылы практикалық тапсырмалар орындау, мәтіндік редакторының терезелерінің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру; оқушылармен мәтіндік процессордың мүмкіндіктерімен жұмыс істей отырып ой - өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулықтар, дәптерлер, сканер, ДК.

Сабақтың құрылымы:

1.Сабақтың ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Оқушылардың білімін бағалау

4.Жаңа материалды оқып үйрену

5.Сабақты қорытындылау

6.Үй тапсырмасын беру


1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар.

1.Принтер қандай құрылғы?

2.Қандай басылымды қолайлы басылым дейді?

3.Сия бүріккіш принтердің кемшілігі?

4.Матрицалық принтердің артықшылығы?


3.Оқушылардың білімін бағалау

4.Жаңа материалды оқып үйрену

Сканер компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер - электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.
Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
ABBYY FineReader 8.0. бағдарламасын ашу.
Бағдарламаны ашқан соң, тіл (құжаттың басылған тілі) бекітіледі.
1. Сканерлеу. «Использовать интерфейс ABBYY FineReader» опциясына нүктені және «Запрашивать опции перед началом сканирования» қанат белгісін қоямыз. Содан соң «сканирование» басамыз. Осыдан соң «Настройки сканера» терезесі (разрешение: для текста 300-600 пикселей, бұдан жоғары алмаймыз; формат вывода: 256 сұр немесе ақ-қара болса) пайда болады. Суреттерді сканерлеу режимі: «Серое изображение» газет мақалалары үшін; «Цветное изображение» журнал мақалалары үшін; кітаптар үшін, кітаптың сапасына қарай «Черно-белое изображение» или «Серое изображение» алуға болады. Осыдан соң «ОК» басамыз.
2. Анықтап тану (распознать). Сурет пайда болған соң анықтап танылатын жерді белгілеп алу керек. Ол үшін Изображение панеліндегі аспаптарды қолданыңыздар: мәтіндік бөлімдер мен сурет-бөлімді белгілейміз. Мәтіндік бөлімді белгілеген кезде бөлімдер шегінің мәтіндер шегімен түйісуін қадағалаңыздар. Бөлімдерді жете белгілеу мен редакциялауды қолмен орындау ABBYY FineReader «Обучения на примерах» бағдарламасында анағұрлым толық берілген.
3. Мәтінді тексеру. Егер тіл ішінде болса, автоматты түрде тексеруге болады. Мысалы: орыс тілінде. Күрделі және нашар анықтап танылған құжат пен қазақ тіліндегі мәтінді қолмен тексерген дұрыс.
4. Сақтау. «Сохранить страницы»терезесі пайда болады. Файлдың атын басамыз және файл түрін, яғни құжаттың үлгісін таңдаймыз. Сканерленген құжаттарды РDF форматында сақтаймыз. Осыдан соң құжатты тиісті папкаға саламыз.

Мәтіндік процессор - Microsoft Office Word программасын іске қосылғанда ашылған құжат терезесінде Құрал саймандар мен Пішімдеу панельдері болмайды. Сондықтан оны өзіміз баптауға тура келеді. Құжатпен жұмыс істеу барысында көп қолданылатын батырмаларды алу үшін:

Басты (Главная) мәзір жолынан - пішімдеу және стандартты панельдердіорнатамыз.

Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады. Ол үшін түр (вид) мәзірінен -беттің орналасуы бойынша керекті батырманы шертеміз.

Масшатабты өзгерту:

  • Түр мәзірінен масштаб бұйрығын таңдаймыз;

  • Масштаб тобының келесі ауыстырып-қосқыштарының бірін шертіңдер;

  • 200% - мәтіннің бейнелеуін мөлшерден екі есе ұлғайтады;

  • 100% - масштабты үнсіз келісім бойынша күнделікті режимге келтіреді;

  • 75% мәтін көлемін кішірейтеді;

  • Беттің ені бойынша (по ширине страницы) - мәтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сәйкес келеді;

  • Мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) - беттің мөлшерін барлық мәтін экранға сиятындай етіп өзгертеді;

  • Жалпы бет (целая страница) - экранға бетті тұтастай орналастырады;

  • Бірнеше бет (несколько страниц) - құжаттың барлық беттерінің кішкене нұсқасын бейнелейді;

  • Еркін (произвольный) тізімін пайдалана отырып, құжатты бейнелеуде кез келген масштабты орнатуға болады;

  • ОК батырмасын шертеміз.

Құжат терезесіндегі сызғышты баптау

Сызығышта құжатты табуляциялау өрістері мен маркер белгіленеді. Егер құжат бірнеше бағандардан тұратын болса, сызығышта бағандардың орналасуы мен бағандар арасындағы алшақтың көрсетіледі. Сызығыштың көмегімен өрісті кеңейтуге және тарылтуға, абзац шегіністерін өзгертуге, құжаттағы нысандардың қашықтығын және орналасуын түзету үшін қолданылады. Сызығышты іске қосу үшін: Түр (Вид) - Сызғыш (Линейка) батырмасын орнатамыз.

Құжатты қарау тәртіптері

Word программасында құжатты көрудің бірнеше режимі қарастырылған, олардың әрқайсысы бір құжаттың әртүрлі мәнін көрсетеді.

  • Беттің орналасуы;

  • Оқу режимі;

  • Web құжат;

  • Құрылым;

  • Черновик

  • Алдын ала қарау режімі

Черновик режимі мәтін енгізу және пішімдеу үшін құрылған. Бұл режимде беттерге бөлу және беттерді безендірудің кейбір элементтері көрінбейді.

Web құжат режімі Web парақтарды жасау үшін қолданылады. Бұл режімде беттің келбетін көруге болады.Мәтін әрқашан құжат терезесіне сыйып тұрады, ал графика браузерде қалай көрінсе, солай орналасады.

Беттердің орналасуы режімі - құжаттың төменгі жоғырғы колонтитулдарын қосып, құжаттың баспаға шығатын нақты түрін көрсетеді. Бұл режимде құжатты қалай енгізсек, сол қалпында көруге болады. Мұндай режім баспаға берілетін құжатпен жұмыс жасау кезінде қолайлы. Беттерді бөлу режімінде көлденең және тік сызығыштардың көмегімен құжат өрісін қолмен орнату ыңғайлы.

Құрылым режімі үлкен мәтіні бар құжат жасау үшін қолданылады. Бұл режім құжат стилі көмегімен пішімделген болса қолайлы. Құрылым режімі мәтін мазмұнының үйлесімділігін қадағалайды. Себебі ол абзацтар мен тақырып деңгейлерін көрсететін шегіністермен қамтамасыз етілген. Тақырыптың деңгейі төмен болған сайын, оның шегінісі терезенің сол жақ шекарасынан көп болады. Бұл режімде колонтитулдар, графикалық нысандар, келбет және пішімделген абзацтар бейнеленбейді. Құрылым режімінде құжат терезесінің сол жақ бөлігінде арнайы символдар пайда болады. Бұл символдар мәтінді жылдам жинақтауға және ашуға, сонымен қатар құжатты қайта құрастыруға мүмкіндік береді.

Оқу режіміде жұмыс жасап отырған бет экранда тұтас ашылады, ал терзенің жоғарғы бөлігінде беттер арасында ауысуға арналған бағыттағыштар бар. Егер осындай бағыттағышқа шертсе, онда көріп отырған бет келесі немес алдыңғы бетке ауысады. Оқу режіміне өткен кезде көру параметрлерінің мәзірі пайдаланып құжатты өздеріне қолайлы етіп көруге болады.

Алдын ала қарау режімі құжатпен жұмыс істеу барысында, сол құжаттың қағазға басылатын түрін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралдың көмегімен өз қалауларын бойынша беттер өрісінің дұрыс тегістелгендігін, олардың нөмірлерін көруге болады. Алдын-ала қарау режіміне өту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

  • Ctrl+F2 батырмаларын басыңдар

  • Файл-баспаға шығару батырмасын шертсек, он жақта жұмыс жасап отырған құжатты көруге болады.

Терезелерді бөлу, ретке келтіру

Жұмыс жасап отырған құжатты екіге бөлуге және бір мезгілде екі құжатпен жұмыс жасауға болады. Терезені бөлу үшін: Түр (вид) мәзірінен - бөлу (разделить) батырмасын басамыз. Ортасында сызығыш маркермен бөлінген құжат пайда болады.

Егер бірнеше терезесі ашылған құжатпен жұмыс істеп отырсақ, осы құжатты рет-ретімен орналастырып көруге болады. Ол үшін мыналарды орындаймыз:

Түр (вид) мәзірінен - барлығын ретімен орналастырамыз (Упорядочить все) батырмасын басамыз.

Бірнеше құжатпен жұмыс жасаудың тағы бір қолайлы әдісі құжаттарды қатар орналастырып жұмыс жасау. Ол үшін келесі терезеге көш (перейти в другое окно) бұйрығын орындаймыз.

Сабақты қорытындылау.

Практикалық тапсырма.

А,В,С деңгейі бойынша практикалық тапсырманы 20 минут орындайды.

А деңгей

Оқулықтағы тәжірибелік тапсырмалар

  1. Сақталған құжаттарды ашып, сызғыш орналастырыңдар.

  2. Құжатты әртүрлі режімже қарап шығыңдар.

  3. Сызғышты алып тастыңдар.

  4. Құжатты жинап қойыңдар.

  5. Жаңа екі құжат ашып, екі түрлі атпен сақтаңдар және жинап қойыңдар.

  6. Түр (вид) мәзірінен терезелер топтамасына өтіңдер.

  7. Терезені бөлу, құжаттарды реттеу, келесі терезеге өту бұйрықтарын шертіп, құжаттардың орналасыуын көріңдер.

  8. Кейінгі құрылған екі құжатты жойып жіберіңдер.

  9. Алдыңғы құжатты еш өзгеріссіз жауып тастаңдар.

  10. Жаңа құжат ашып, төмендегі мәтінді жазып, оған стильдің түрлерін қолданыңдар:

Ақын қазақ даласындағы жазғұтырымның барлық суретін толық беруменбірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күрестің қайнар көзі деп таниды.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

(Абай Құнанбайұлы)

В деңгей

1. Төменде берілген мәтінді мына көрсетілген әрекеттер бойынша теріп, жаз.

а) қазақша әріпті теру қарпін таңда;

ә) қаріптің өлшемін 14-ке тең деп ал;

б) оқу режіміне келтір

с) «10 сынып» деген атпен сақта;

Адам баласының жүріп өткен жолдарына назар салсақ, көз алдымызға қоғамды басқаратын халық елестейді. Сол халықтың басты мақсаты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Әрбір халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол кішіпейіл болып өскенін қалайды. Соның ішінде қазақ халқы да өз ұрпағын тәрбиелеуде талай ғасыр бойы жасап келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

С деңгей

  1. Мәтінді Microsoft Word редакторында тер;

  2. Қаріп өлшемін 14 Times New Roman өзгертеміз;

  3. Оң және сол жақ бойынша туралаймыз;

  4. Жазылған үш мәтінді барлығын ретімен орналастырып, экран бетіне шығарамыз.

Жайық өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына - Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана қосылады.
Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. АВВҮҮ Fine Reader программасының қызметі қандай?

2. Сәйкестендіріп тану үшін қандай программаларды білу керек?

3. АВВҮҮ Fine Reader программа терезесінің құрылымын атаңдар.

4. АВВҮҮ Fine Reader -де құжат енгізу қанша кезеңнен тұрады?

5. Fine Reader программасында қазақша мәтінді қалай сәйкестендіріп тануға, экспорттауға болады?

6. Құжат беттерінің масштабын өзгерту үшін қандай әрекетерді орындаймыз?

7. Масштаб диалогтік терезесінен мәтіннің ені бойынша (по ширине текста) бөлімін тандасақ қандай әрекет орындалады?

8. Құжатты қарау тәртіптерін ата:

9. Ctrl+F2 батырмалар үйлесімінің нәтижесінде қандай әрекет орындалады?

10. Алдын - ала қарау режімінің мүмкіндігі:

11. Бірнеше құжатпен жұмыс істеу үшін қандай әрекет орындаймыз?

12. Терезені бөлу үшін қандай әрекет орындалады?

13. Бірнеше құжатпен жұмыс істей отырып келесі құжатқа өту үшін қандай әрекетті орындаймыз?

14. Web - құжат режімінде беттің келбеті қалай орналасады?

15. Оқу режімінде беттің келбеті қалай орналасады және бір беттен екінші бетке қалай көшеміз?

16. Терезені бөлу үшін қандай әркет орындалады?

17. Қай құжатты қарау режімінде беттерге бөлу және беттерді безендірудің кейбір мүмкіндіктері көрінбейді.

Үй тапсырмасын беру.

§§ 8, 9. Сканерлеген мәтіндерді редакциялау. Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау. Мәтіндік процессор. Құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал