7


  • Учителю
  • Разработка открытого урока на тему: 'Озық, ойлы дарындылар'

Разработка открытого урока на тему: 'Озық, ойлы дарындылар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар» Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сабақтың міндеттері: Білімді
предварительный просмотр материала


Мерзімі: 21.01.2012ж.

Пәні: Информатика
Сыныбы: 7-«А,Ә,Б»
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:


Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына 7-А,Ә және Б сыныптарынан құралған

7 «А» .............................................................................

7-«Ә».............................................................................

7-«Б»..............................................................................

командалар қатысады.


Сайыс 7 турдан бойынша өткізіледі.
І. тур. «Ойлан тап!»
ІІ. тур. «Бейне сұрақ»
ІІІ. тур. «Адасқан әріптер».
ІV. тур. «Кім жылдам».
V. тур. «Дешифратор».
VІ. тур. «Үй тапсырмасы»
VІІ. тур. «Құпия жәшік» сұрағы.

Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................
...............................................................................................................................................
Ендеше 7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.

І. кезең. «Ойлан тап!» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 3 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


1. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс)
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)
3. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)

4. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз Бэббидж)
5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)
6. Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)
7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)
8. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
10. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот)

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІ. кезең. «Бейне сұрақ» экранға назар аударайық, дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1 - конверт.Блиц -сұрақ.Физика пәнінің мұғалімі Суетова Айнұр
1.Елеуішпен су әкелуге бола ма?

2.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?

3.Егер кеседен судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады?

Жауап: Қар және мұз, уақыт, ауа


2 - конверт. Құпия сандық.7д сынып оқушысы: Малшыбай Анеля

1687 жылы физиканың іргелі заңының ашылуына себепші болған зат, осы сандықта жасырылған? Ол не зат деп ойлайсыңдар?

Жауап: Алма

3 - конверт. Физика пәнінің Омарова Бакира Кеңесбекқызы

Сандық ішіне нені жасыруға болмайды?

Жауап: Сәуле


4 - конверт. Блиц - сұрақ. 7е сынып оқушысы: Рысбақов Максат

  1. Құрылғыны басқаратын, кеудесін керіп мақтанатын ми?

  2. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын қорқақ, компьютердің кенже баласы ?

  3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын береген?

Жауап: Жүйелік блок, тышқан, пернетақта


5 - конверт. Информатика пәнінің мұғалімі: Сенгирова Айнұра

Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтлде қарапайым ұстаздар отба-сында дүниеге келді.Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді. 1975 жылы Билл Гейтс және Пол Аллен бірігіп, университет бітуіне 2 жыл қалғанда ... деп аталатын фирма ашты.Кейіннен бұл фирма үлкейіп, ... империясы пайда болды.
Жауап: Microsoft


Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

ІІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут)


1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета


1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт

1. Красен (Сканер).

2. Трионом (Сканер).

3. Россецорп (Процессор).

4. Рокурс (Курсор)

5. Крамыш (Мышка).

6. Перринт (Принтер). Сайысымыздың ІV кезеңі «Кім жылдам».

Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл - деп « Кім жылдам?» атты сайысымызға көшейік.
Сайысқа қатысушылар «М» және «П» және «К» әрпінен басталатын информатика терминін жазыңдар. (1 сөз 5 баллмен бағаланады)
Монитор Пернетақта Компьютер
Мышка Принтер Клавиатура


«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

V. кезең. «Дешифратор». Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І топ: 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

ІІІ топ.

  1. Бит, байт ақпраттың өлшем бірліктері. (ия)

  2. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)

  3. Пернетақта, сканер ДК- дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

  4. Delete пернесі оң жағында тұрған символды өшіреді. (ия)

  5. ЭЕМ- нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

  6. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

  7. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

  8. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)

  9. Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

  10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

Енді келесі VІ кезеңіміз «Үй тапсырмасы» яғни бұл кезеңде әр топ үйден салып келген «Компьютер - 2030» суретін қорғайды. Жақсы суретке 10 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші: Қосымша қызықты мәліметтен хабардар болып отырайық. Смарт - технология біздің өмірімізге дендеп енуде. Смарт - технологияны қолданудың бір мысалы ретінде банкоматтарды айтуға болады. Банктер өздерінің салымшыларына пластикалық карталар береді. Оның магниттік жолағында есеп шоттың иесі туралы толық мәліметтер жазылған. Ақша алғысы келген адам картаны банкоматтың қабылдағышына салады, машина магниттік жолақтағы ақпаратты оқып, клиенттің дербес идентификациялық номерін (ДИН) сұрайды.


1- жүргізуші: Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

VІІ. кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз?(2 минут уақыт беріледі)


1. Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электрондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адам жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: бейнекамера

2. Сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы. Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем


3. Ол құлақ тамырларын, жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Бұдан микроциркуляция бұзылып, бірден сезіле қоймайтын жарақат пайда болады. Бастапқыда біліне қоймайтын ол уақыт өте келе инфекция әсерінен түрлі дертін өршітуі әбден мүмкін деседі. Бұны күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады. Құлаққап


Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал