- Учителю
- Урок 'MS Power Point интерфейсімен танысу'
Урок 'MS Power Point интерфейсімен танысу'
Пән аты: Информатика
Сынып: 6 «А»
Күні__________________
Сабақтың тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу.
Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессорында суреттер мен жазуларды пішімдеуді үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
компьютер, оқулық, инт.тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ:
Енді біз бүгінгі сабақта WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін өтеміз. Мәтіндік прцессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кіпрістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолын айтайық.
-
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар. -
Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар. -
Коллекция картинок командасын орындайсыңдар. -
Избранное терезесі ашылады. -
Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар. -
Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер. -
Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер. -
Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка-Вставить командасын орындайсыңдар. -
Сонда сурет мәтінге кірістіріледі. -
Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен среттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады. -
Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмысн шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисункатерезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК-ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады. -
Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немес сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан ейін қажетті жағдайды таңдап ОК-ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.
Егер мәтіннің тақырыбын немес мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
-
Меңзерді фигуралық мәтін орнлаласатын жерге қойып, Вставка-Рисунок-Обьект WORDART командасын орындау керек. -
Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК-ді басыңдар. -
Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК-ді басыңдар. -
Тышқанмен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
WORDART аспаптар панелі.
Батырма суреті
Міндеті
Батырма суреті
Міндеті
WORDART обьектісін қосу
Еркін айналдыру
Мәтінді өзгерту
WORDART әріптерін биіктік бойынша туралау
WORDART коллекциясы
WORDART вертикаль мәтіні
Обьектінің пішімі
WORDART-ты туралау
WORDART пішіні
WORDART символаралық интервалы
Сабақтың бекіту сұрақтары:
WordArt қолданып келесі сөзді теріңдер:
.
Үйге тапсырма:
Аты жөндеріңді WordArt қолданып жазу.