- Учителю
- Открытый урок по информатике «Запись звука» 5 класс (на казахском яз.)
Открытый урок по информатике «Запись звука» 5 класс (на казахском яз.)
Н. Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі
Тақырыбы: «Дыбыс жазу»
Құрастырған: информатика пәні мұғалімі Надирова Ф.К.
Жаңақорған 2014 ж.
Күні: 15.04.2014 ж.
Сыныбы: 5 в
Тақырыбы: Практикум «Дыбыс жазу»
Сабақтың мақсаты: компьютерге дыбыс жазуды, оны пайдалануды үйрету.
Міндетері:
Білімділік: Дыбыс жазуда дербес компьютер мүмкіндіктерін еркін пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты іс-әрекет етуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық деңгейін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі:
-
дыбыстық редактормен жұмыс жасау тәртібін білу;
-
Windows стандартты программасын қолданып сөздер мен әуендерді жазуды орындау
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жеке
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, бейнепроектор, таратпа, Power Point- та жасалған слайдтар, Фонограф, Windows Movie Maker программалары
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақ жоспары:
-
Оқушыларды ұйымдастыру (2мин)
а) ұжымдық әрекет;
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру (10-12 мин)
-
Практикалық жұмыс (15-20 мин)
-
Сергіту жаттығулары (4 мин)
-
Сабақты бекіту (3-5 мин)
-
Сабақты қорытындылау
-
Үйге тапсырма беру
Сабақ барысы
Үй тапсырмасын тексеру.
-
«Жасырын сұрақтар» (слайд 1-12)
-
Windows операциялық жүйесінде дыбыстық файлды тыңдау үшін қандай программалар қолданылады? (Windows Media, Windows Media Center)
-
Дыбысты түзетуге арналған қандай программаларды білесің? (AudaCity, Sound Forge)
-
Дыбысты жазуға арналған стандарттық программа? (Звукозапись немесе Фонограф)
-
Компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қосымша қандай құрылғылар қажет? (дыбыс картасы, микрофон, динамиктер, құлақтық)
-
Дыбыс қаттылығын қалай өзгертеміз?
-
Дыбыстық файлға қандай амалдар қолдануға болады? (көшіруге, атын өзгертуге, жылжытуға, жоюға, құжатқа кірістіруге болады)
-
Адамға қауіпті дыбыс қаттылығы қандай? (160 Дб-ден жоғары)
-
Енгізу құрылғыларын атап шық? (пернетақта, тышқан, микрофон, сканер)
-
Шығару құрылғыларын атап шық? (монитор, принтер, динамиктер)
-
Фонограф программасында дыбыс жазу ұзақтығы қанша? (60 секунд)
-
Фонограф программасының қандай мүмкіндіктері бар? (дыбыс жазу, түрлі әсерлер қолдануға болады: дыбыс зорайту, дыбысты тездету, жаңғырық қосу, дыбысты кері ойнату)
-
Дыбыс жазу программасы терезесінің элементтерін атап шық? (тақырып жолы, меню жолы, Воспроизведение, Стоп, Запись, Басына және Соңына батырмалары)
-
-
«Дыбыстық ақпаратты өңдеу» тақырыбы бойынша тест (204 бет)
1.Дыбыс жазу файлдары қандай пішімде сақталады?
-
bmp
B) txt
C) wav*
D) mp3
2.WordPad құжатына дыбыс қосу үшін ... қолданылады?
-
батырмасы
B) ауыстыру бұйрығы
C) нысанды кірістіру бұйрығы*
D) бұл әрекет мүмкін емес
3. Дыбыс жазу ұзақтығы:
-
шексіз болуы мүмкін
B) әрқашан 60 с тең*
C) 60 с кем болмайды
D) компьютер жадының мөлшерімен шектелген
4.Windows оқиғаларының дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін ... қолданылады?
-
Windows Media ойнатқышы
B) Регулятор дыбыс қаттылығын реттеуші
C) Дыбыс жазу программасы
D) Басқару тақтасы*
5..... жылға дейін компьютердің дыбыстың карталары болмады?
-
1977*
B) 1905
C) 2000
D) 1986
Сонымен, бүгін дыбыс жазуды үйренеміз.
Практикалық жұмыс
1) Оқиғаларды дыбыстық сүйемелдеуді баптау
(§30, А деңгейі, 206 бет)
Сергіту сәті
(«Балдаурен» әнін салу)
2) Дыбыссыз видеоға диалог жазу және оны көру.
(«Үйшік» мультфильміне дыбыс жазу)
3)Компьютер бөліктерін құрастыр.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, сурет бөліктері түрінде берілген компьютер құрылғыларын құрастыру керек.
Сабақты бекіту:
Сыни ойлау
Соңғы жылдарда жасалған мультимедиалық құрылғылар адамзат пен тарихқа қандай әсерін тигізді. Осы ашылымның қоғамға жағымды және жағымсыз әсері қандай? Егер бұлар жасалынбаса, біздің өмірімізде не өзгерер еді?
Сабақты қорытындылау және бағалау
«Көңілді смайлик» саны бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма
5-сынып материалдарын қайталау. Тестке дайындалу.