7


  • Учителю
  • Paint графикалық редакторы (5 сынып)

Paint графикалық редакторы (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелісі-иллюстративті

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер, тақырып бойынша флипчарт, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа қағаздар.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу.

Сабақтың құрылымы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Өткен тақырыпты қайталау.

  3. Жаңа тақырыпты баяндау.

  4. Практикалық тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

  7. Қорытындылау

  8. Бағалау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме, оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабақта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?(келмеген оқушыларды журналға белгілеу). Олай болса балалар компьютер алдында дұрыс отыру ережесін еске түсіріп, ыңғайланып отырайық.


ІІ. Өткен материалды қайталау.

Бүгінгі тақырыпқа дейінгі материалдарды еске түсіру үшін мен сіздердің алдыларыңызға тест тапсырмаларын таратамын, сол тапсырмаларды тез арада орындап берсеңіздер.

Тест сұрақтары:

  1. Paint графикалық редакторын іске қосудың дұрыс ретін көрсетіңіз?

  1. Пуск - программы - Paint

  2. Пуск - программы - стандартные - Paint

  3. Пуск - стандартные - Paint


  1. Суретке мәтінді жазу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

  1. Бүріккіш (распылитель)

  2. Қылқалам (кисть)

  3. Жазу (надпись)

  1. Paint графикалық редакторында тік төртбұрыш салу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

  1. Түзу сызық

  2. Тік төртбұрыш

  3. Қисық сызық

  1. Paint графикалық редакторында суретті бояу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

  1. Құю

  2. Бүріккіш

  3. Қылқалам

  1. Paint графикалық редакторында файлды сақтағанда қандай кеңейтілім автоматты түрде орындалады?

  1. txt

  2. bmp

  3. mp3

Кілті:

  1. в

  2. с

  3. в

  4. а

  5. в

Жаңа тақырыпты баяндау.

Үзінді - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) төртбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

  1. Алмасу буферіне қиып алу

  2. Алмасу буферіне көшіру

  3. Басқа жерге апару

  4. Басқа жерге көшіру

  5. Сурет бойынша көбейту

  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту

  7. Масштабын өзгерту, қисайту

  8. Төңкеру және бұру

  9. Түсін өзгерту
    10. Жою

Үзіндіні көшіру мен жылжыту:

  1. Үзіндіні белгілейміз

  2. Правка - Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

  3. Правка - Вставить командасын орындаймыз.



Правка-Выделить командасы Правка-Вставить командасы арқылы арқылы белгілеп алу қою



Правка-Вырезать командасы арқылы Правка-Вставить командасы

кесіп алу арқылы қою


Үзіндіні өшіру (жою):

  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Правка - Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Deletе пернесін басамыз


Правка-Выделить командасы Правка-Очистить выделение

арқылы белгілеу командасы немесе Delete батырмасы

Үзінділерді көбейту.

Үзіндіні «көбейту» дегеніміз - экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін, оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып Shift батырмасын басып тұрып тышқанмен жылжытамыз.


Правка-Выделить Белгіленген суретті тышқанмен

(ішіндегі суретті белгілеу) басып, Shift батырмасын басып

Командасы арқылы белгілеу тұрып суретті көбейту


IV. Практикалық тапсырмалар

  1. Үзінділерді жылжыту және көшіру

Берілген суреттегі үйді белгілеп алып, оны жылжытыңыз(вырезать). Ал күн мен бұлттарды көшіріңіз(копировать)

  1. Үзінділерді көбейтіңіз.

  1. Үзінділерді көбейтіңіз

V. Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?

  • Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?

VІ. Үйге тапсырма:

  • оқулықтағы 4.4. тақырыпты оқу, 129-134 бет

  • СИНКВЕЙН әдісі арқылы «Сурет» сөзіне 5 жол өлең құрып келу

Мысалы:

Кесте

Кішкентай, торлы

Есептейді, өңдейді, сақтайды

Деректермен түрлі әрекеттер орындайды

Редактор

VІІ. Қорытындылау.

Бүгін біз не өттік?

Қандай сұрақ бар?

Менің сабақ туралы ойым

VІІІ. Бағалау.


«Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» ММ







Ашық сабақ жоспары


«Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту»

5 сынып


Пән мұғалімі: Сейдазимова Т.Н








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал