7


  • Учителю
  • Алгоритмді блок – схемалар түрінде кескіндеу

Алгоритмді блок – схемалар түрінде кескіндеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cыныбы: 9 «А», «Б»

Сабақтың тақырып: Алгоритмді блок - схемалар түрінде кескіндеу

Сабақтың мақсаты: Алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок-схема құру.

1. Білімділік: Алгоритмнің өрнектелу жолын білу, оларды салыстыра алу және блок схема түрінде берілу тәсілдерін меңгеру.

2. Дамытушылық:Қарапайым алгоритмдер, оны блок-схема түрінде жазу

Алгоритмнің өрнектелу жолдарын көрсету. Алгоритм блоктарының арнайы белгілері. Алгоритмді блок-схема түрінде жазуға мысал келтіру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін және еңбекке баулу. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрау

Алгоритм деген не? Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?

Алгоритмнің бір мәндлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақ



Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

  1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан,ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.

Иә жоқ















Тармақталу алгоритмі. схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 және 2 сызықтары арқылы байланысады.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал, кері жағдайда 2- серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм ары қарай орындалады.

4. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада, экономикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер жиі кездеседі. Осындай есептеу процесінің бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атаймыз,ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер ьобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екіге бөлінеді.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл - арифметикалық цикл-, ал орындалу саны белгісіз цикл - қадамдық (итерациялық) цикл деп аталады.

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

  1. табиғи тіл арқылы жазу;

  2. белгілі бір түйінде сөздер- терминдер (псевдокодтар - жасырын кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;

  3. графиктік түрде (блок - схема арқылы) жазу;

  4. программалау тілдерінде жазу.



Атқаратын қызметіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді.Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал ), шартын тексеру (логикалық),енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.

Блок - схема құруда келесі ережелер сақталуы қажет:



  1. блок - схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсететін блок болуы керек;

  2. блок - схемада бірімен - бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;

  3. блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;

  4. арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.

Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі шығу сызығы болады.

Мысалы, y = a + b формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасы







  1. Алгоритмді бастау блогы;

  2. а мен b мәндерін енгізу;

  3. y = a + b өрнегін есептеу;

  4. y = мәнін басуға шығару;

  5. алгоритмді аяқтау.



Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру



Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок - схема

Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал