- Учителю
- Циклдық оператор. Параметрлі For операторы.
Циклдық оператор. Параметрлі For операторы.
Пән: Информатика
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Циклдер оператор. Параметрлі FOR операторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Жаңа материалды түсіндіру
Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
-
қадамдар саны белгілі цикл
-
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі:
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<����������
�<������������������
��������������
���������������������������������������
��������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������������
����:
-
Есеп. 1-ден 8-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару (a-дан b-ға дейін).
Ерекшелігі: бірдей амалдар 8 рет орындалады.
Программа:
program qq;
var i, i2: integer;
begin
for i:=1 to 8 do begin
i2 := i*i;
writeln(i:4, i2:4);
end; end.
-
Компьютермен жұмыс
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program san;
Var i: integer;
Begin
Wtiteln (' 1- den 100- ge dein butin san');
Writeln;
For i:=1 to 100 do
Write (i:4);
End.
№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln ('30-dan 10-ga deingi jup san');
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
End.
№3. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
Program kosindi;
Var I, s:integer;
Begin
S:=0;
For i:=5 downto 1 do
S:=S+I;
Writeln ('s = ', s);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
-
Цикл дегеніміз не?
-
Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?
-
FOR қандай оператор?
-
FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?
Үйге тапсырма: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR, №1-2 есептер
«1": a мен b-ны енгізіп, осы екеуінің арасындағы сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару.
Мысал:
Интервал шекараларын енгіз:
4 6
4 16 64
5 25 125
6 36 216
«2": 1, 2, 4, 7, 11, 16, … тәртібімен орналасқан 10 санның квадраттары мен кубтарын есептеп шығару
Мысал:
1 1 1
2 4 8
4 16 64
...
46 2116 97336
Компьютермен жұмыс
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
№3. 50 - тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.