7


  • Учителю
  • Информатика тапқырлары мен білгірлері

Информатика тапқырлары мен білгірлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Информатика тапқырлары мен білгірлері
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар, көрнекілік суреттер.
Қатысатындар: 9 сынып оқушылары (әр сыныптан 2 оқушы)
Өтілетін орны: Конференц залы (203 каб.)

Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика тапқырлары мен білгірлері» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға.

Сайысқа қатысушылар:

9 «А» - Ибраимов Қуат, Ахметова Ильмира

9 «Ә» - Ескендір Гүлбану, Рахимова Зәмзәгүл

9 «Б» - Айтжанов Даур, Буламбаева Гаухар

9 «К» - Молдахметов Әділжан, Трулубекова Майра

Сайыс кезеңдері:

Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Таныстыру» (Командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады). Бағалау: 0,1-1 балл

ІІ кезең. «Тәтті сұрақтар» (Барлық командаларға жалпы сұрақтар қойылады. Қолды бірінші көтерген оқушы сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, командаға тәтті сыйлық беріледі.)

ІІІ кезең. «Ойлан, тап» (Әр командаға 4 сурет беріледі. Команданың бір мүшесі ортада тұрған орындыққа отырады. Отырған оқушының артында сурет көрсетіледі. Екінші оқушы сол суретті отырған оқушыға түсіндіріп беру қажет.)

Бағалау: Жауап берген сурет санына байланысты.

ІV кезең. «Кроссворд-кесте» (Кроссворд-кестеде сөздер тігінен, көлденең, диагональ және керісінен жасырылған, сол сөздерді табу керек. Барлық командаларға бірдей кроссворд-кесте беріледі. Берілген кроссворд-кестеден маскималды сөз тапқан команда келесі кезеңге өтеді.)

Бағалау: Тапқан сөздер санына байланысты.

V кезең. «Кім жүйрік?» (Қалған екі команда өзара орын бөлісу үшін, текст тереді. Екі командаға бірдей мәтін беріледі. Әр команданың бір мүшесі ноутбук алдына отырады, ал екіншісі мәтінді оқып тұрады. 2 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт өткеннен кейін команда мүшелері орнымен ауысады.)

Бағалау: Әділ-қазы мүшелері командалардың терген мәтіндерін тексеріп, шешімін шығарады.

ІІ кезең. «Тәтті сұрақтар»

  1. Microsoft компаниясының құрушыларының бірі (Билл Гейтс)

  2. Times New Roman дегеніміз не? (шрифттің стилі)

  3. MS Office-тің стандартты құрамына не кіреді? (Word, excel, powerpoint, access)

  4. Паскаль тілінде меншіктеу қандай белгімен қойылады? (:= қос нүкте тең)

  5. Windows қазақша қалай аталады? (терезелер)

  6. ARRAY операторы қандай типке жатады? (массив немесе жиым)

  7. Паскаль тілі қай жылы қолданысқа енген? (1968-1971)

  8. Тармақталу операторы (if then else)

  9. Циклдік оператор (for to do)

  10. Смартфондарда ең көп орнатылған 3 операциялық жүйе қалай аталады? (android, ios, windows phone)

  11. Стив Джобс қай компанияның құрастырушыларынң бірі. (Apple)

  12. Компьютердің даму кезеңі неше буынға бөлінеді? (4 буын)

  13. Қазіргі таңда Windows-тің нешінші нұсқасы бар? (windows 10)

  14. Google Glass дегеніміз не? (смарт-көзілдірік)

  15. WWW толығымен қалай оқылады? (world wide web)

  16. Говард Айкен шығарған алғашқы компьютер қалай аталады? (МАРК-1)

  17. Әлемдегі ең бірініші сайттың атауы қалай? ( info.cern.ch)

  18. HP, Epson, Canon деген қандай құрылғылардың маркасы? (принтер)

  19. Принтерлер неше түрге бөлінеді? (3, матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш)

  20. Вставка (Қою) үшін пернетақтада қандай пернелер комбинациясын басу қажет? (CTRL+V)

  21. МФУ (орысша) дегеніміз не? (многофункциональное устройство, принтер, копир, сканер)

  22. Презентацияда Показ слайдов батырмасы қандай? (Ғ5)

  23. Google Chrome, Mozilla FireFox, Opera деген не? (браузерлер)

  24. Қатты диск қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? (Гигабайт)

  25. Килобайттан үлкен, гигабайттан кіші өлшем бірлік? (Мегабайт)

  26. Компьютерде кез келген программаны жабу үшін қандай пернелер комбинациясын басу керек? (Alt+F4)

  27. 2 мегабайтта неше килобайт? (2048 килобайт)

  28. Паскальда біз begin және end операторларын бір сөзбен не деп атаймыз? (операторлық жақша)

  29. Microsoft Office-тің қазіргі уақытта нешінші нұсқасы бар? (Microsoft Office 2013)

  30. Алғашқы есептеуіш құрал қалай аталады? (абак)

ІІІ кезең. «Ойлан, тап»

Қосымша1. (Суреттер)

ІV кезең. «Кроссворд-кесте»

Қосымша2. (Кроссворд-кесте)

V кезең. «Кім жүйрік?» Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнынан үзінді беріледі.

Қосымша3. Мәтін.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал