7


  • Учителю
  • 'Символдық және жолдық шамалар' тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып)

'Символдық және жолдық шамалар' тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 26.01.2016

№19 сабақ

Сыныбы: 9

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы:

Символдық және жолдық шамалар

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, информатика оқулығы Б.Сапарғалиева, әдістемелік құрал, нұсқаулық

Жалпы мақсаты:

Символдық және жолдық шамалар жайлы түсінік бере отырып, Паскаль тілінде символдық шамалармен жұмыс істеу жолдарын меңгертіп, стандартты функциялардың қызметімен таныстыру.

Түйінді идея:

Символдық және жолдық шамалар жайлы түсінік қалыптастыру

Оқыту нәтижесі:

  • Символдық және жолдық шамалар жайлы түсініктерін кеңейтеді;

  • Паскаль тілінде символдық шамалармен жұмыс істеу жолдарын меңгереді;

  • Стандартты функциялардың қызметімен танысады.

Ақпарат көздері:

Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар

Іс-әрекет түрлері:

1. «Тілек тіле» тренингі.

2. Топқа бөлу.

3. «Крестиктер, нөлдіктер» стратегиясы .

4.Жаңа сабақ таныстырылымы.

5. Практикалық жұмыс.

6. «Кім жылдам?» тапсырмасы

7. «Нақты жауап» айдары.

8. Рефлексия:

«Мақсат ағашы»;

  • Топтық бағалау.

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Сабақ кезеңдері

Оқытуда қолданылатын модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Уақыт

Оқушы іс-әрекеті

1. Білу


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;



Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;





Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Сыни тұрғыдан ойлау

«Тілек тіле» тренингі. Оқушыларды тренингтің мақсатымен таныстырады да тренингті жүргізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Мұғалім: «Бүгінгі күнді былай бастаймыз: бір-бірімізге есімімізді атай доп лақтырамыз. Допты тосып алған адам қандай да бір бейне жасайды, қалғанымыз сол бейнені қайталап көрсетеміз. Одан кейін ол (яғни қандай да бір бейне көрсеткен адам) допты келесі біреуге лақтырады, дәл осылай доп әрқайысымыздың қолымызда болып шыққанша қайталаймыз».

Топқа бөлу

Оқушыларға қоржыннан асық алуды тапсырады да топқа бөлініңдер деп жарлық береді.


«Крестиктер, нөлдіктер» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді де ойынның шартымен таныстырады. Кестеде тоғыз ұяшық бар. Әр ұяшыққа сәйкес тұжырымдар оқылады. Жауаптарды түзетуге болмайтындығын, түзету жасалса қате болып саналатынын ескертеді.

р/с

Тұжырымдар

Graph - Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салуға арналған стандартты кітапханалық модуль.

    Uses - арнайы графикалық оператор,

      InitGraph - дисплейлерде графикалық режимді толығымен басқаруды қамтамасын ететін программалар кітапханасы.

        Circle(X,Y, R) - шеңбер

          CloseGraph - экранды тазалау және фон түсімен бояу

            LineTo(X,Y) - сызық

              PutPixel(x,y,t) - нүкте

                Crt - берілгендерді шығаруды қамтамсыз ететін модуль.

                  Экранды тазалауда ClearDevice процедурасы қолданылады.

                  Ескерту: Сұрақтың дұрыс емес жауаптары курсивті қаріппен көрсетілген.


                  3












                  2




                  7





















                  Оқушылар шеңбер құрап отырады. Тренингке қатысып, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады.


                  Оқушылар асықтардың түсіне қарай бөлінеді:

                  1-топ: Қызыл асықтар;

                  2-топ: Сары асықтар.


                  Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар қойылғанда, оқушылар тұжырыммен келісетін болса "ия" жауабын "х" белгісімен, келіспейтін болса "жоқ" жауабын "0" белгісімен белгілейді.

                  Барлық ұяшықтар белгіленіп болғаннан кейін дұрыс жауаптар кестесімен сәйкестендіріп өз-өздерін тексереді.

                  2.Түсіну


                  Сыни тұрғыдан ойлау;

                  АКТ

                  «Мақсат ағашы» стратегиясы.

                  Оқушыларға стикерлерге бүгінгі тақырып бойынша не білгілері келеді, соны жазып, табыс ағашының төменгі жағына жапсыруды тапсырады.

                  Сабақ соңында алдына қойған мақсаттарына жетті ма, соны жазып, стикерлерін толықтырып, қайта табыс ағашының жоғарғы жағына жапсыратындықтарын ескертеді.


                  Жаңа сабақты түсіндіру: Мұғалім жаңа сабақты таныстырылымның көмегімен түсіндіреді:

                  Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар символдық типке жатады және Char қызметші сөзімен белгіленеді. Char типті шамалар апостроф ішіне жазылады. Стандартты символдық тип Char ASCII символдар жиынын анықтайды, ол әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бүтін санмен белгіленеді. Сондықтан әрбір таңбаның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен өрнектеуге болады. Жадыда типті шамалар 1 байт орын алады.

                  Мысалы: C:='A', F:='?', M:='z' т.с.с.


                  3









                  5

                  Оқушылар бүгінгі символдық және жолдық шамалар тақырыбы бойынша не білгілері келеді, соны алдарына мақсат қылып қойып, «Менің сабақтан күтетінім....» деп өз ойларын жазады да оны ағаштың төменгі жағына жапсырып қояды.


                  Оқушылар жаңа сабақ бойынша негізгі ұғымдарды дәптерлеріне түсіреді.

                  3.Қолдану


                  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

                  Практикалық тапсырма

                  Оқулықтан 95-беттегі №15 практикалық жұмыстың 1-2 тапсырмасын орындауды оқушыларға тапсырады. Оқушылар қиындыққа тап болған жағдайда бағыт-бағдар береді.


                  12


                  Оқушылар жұптаса отырып, тапсырмаларды орындайды. Өзара бір-бірінің тапсырмаларға берген жауаптарын тыңдайды, саралайды.

                  4.Талдау



                  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

                  «Кім жылдам?» жұптық тапсырмасы

                  А= «сабақ» шамасы берілген. Меншіктеу командаларын ретпен орындағаннан кейін А символдық шамасының мәнін анықтауды оқушыларға тапсырады.


                  Орындалу реті

                  Берілгені

                  нәтиже


                  A[1,1]:= 'т'

                  'табақ'


                  A[1,1]:= 'қ'

                  ?


                  A[1,1]:= 'л'

                  ?


                  A[1,1]:= 'құ'

                  ?


                  A[1,1]:= 'ан'

                  ?


                  6

                  Тапсырма жылдамдыққа берілгендіктен оқушылар жұптаса отырып, тапсырмаларды орындайды. Бірінші болып қол көтергеннен кейін кестені толтыру тоқтатылады. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тыңдайды. Қатесі болса, түзету жүргізіледі.

                  5.Жинақтау


                  Сыни тұрғыдан ойлау

                  «Нақты жауап» айдары

                  Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау үшін символдық және жолдық шамалар жайлы бір-бір түйінді сөйлем айтуды тапсырады.


                  4


                  Оқушылар символдық шамалар жайлы түйінді ой айта отырып, анықтамаларды пысықтап шығады.

                  6.Бағалау



                  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



                  Топтық бағалау

                  Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.

                  • Өз-өзін бағалау;

                  • Жұпты бағалау;


                  Рефлексия

                  «Мақсат ағашында» тұрған стикерлеріңді алып, толықтырып, қайта жапсыруларыңа болады.



                  3



                  Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша топ мүшелерін критериалды бағалайды.


                  Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

                  Бағалау парақшасының көмегімен жұптарын бағалайды.


                  Оқушылар стикерлерін толықтырып, «Мақсат ағашының» жоғарғы жағына жапсырады.

                  Пайдаланылған құралдар:

                  Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер

                  Нақты үйге тапсырма:

                  §9 оқу.




                   
                   
                  X

                  Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

                  После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

                  Кнопки рекомендации:

                  загрузить материал