7


  • Учителю
  • Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ашық сабақ: «Суреттер мен жазуларды пішімдеу»


Сабақтың тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділігі: оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау

Пәнаралық байланысы: Әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу.

Ашық сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, практикум

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;

В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

2. Үйге берілген тапсырмасын тест арқылы тексеру:

1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамыз*

Б) Ақауды өз бетіммен жоямын

С) Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?

А) CapsLock

Б) Shift

С) Tab

Д) enter*

3. Кестені құру жолын көрсет?

А) главная - таблица

Б) вид - таблица

С) разметка страница - таблица

Д) вставка - таблица*

4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?

А) вставка - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

Б) главная - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

С) вид - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

Д) разметка страница- иллюстрации - рисунок, клип, фигуры*

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру*

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып, кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Пішімдеу дегеніміз не?

Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.

1 Сурет. Пішімделмеген мәтін 2 Сурет. Пішімделген мәтін

Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.

Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:

  1. Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;

2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;

3. Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.



3 Сурет.Контексті менюден 4 Сурет. Қаріп терезесін

Қаріп командасын таңдау шақыруға арналған батырма

Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласындар (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіңдер. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқы дискілеріңде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (9 Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал