- Учителю
- ҚұЗыреттілікке бағытталған тапсырма
ҚұЗыреттілікке бағытталған тапсырма
Қосымша №1 Тапсырманың құрылымы
Тапсырмаға ерекшелігі (Мұғалімге арналған ақпарат)
1Пәні: информатика 2.Сынып 5
2.Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Негізгі құзіреттілік және аспект
Құзіреттілік: ақпараттық құзыреттілік
Аспект: ақпаратты өңдеу
Ынта (тапсырманың контексіне толық кіргізеді,орындауға мүдде туғызады)
Сіздің күшігіңіз жоғалып кетті
Есептің тұжырамдамасы
Мәтінді пішімдеудегі әріптерді пайдаланып, күшігіңіздің жоғалып кеткені жайлы хабарландыру жазыңыз
Ақпарат
(тапсырманы орындауға)
-
«Хабарландыру» деген сөзден бастаңыз, үлкенірек етіп жазыңыз;
-
Күшігіңізге қысқаша сипаттама беріп кетіңіз: өлшемі, түсі, жүнінің ұзындығы, породасы. Мысалы, ротвейлер - ірі ит. Қара түсті, құлақтары салбыраған т.б.
-
Телефон нөміріңізді ұмытпаңыз;
-
Көзге бірден ерекше түсетін белгілерін жазыңыз. Мысалы: қысқа құйрықты, құлақтары кесілген, күшігіңіздің аты;
-
Үйіңіздің мекен-жайын жазбаңыз, себебі ол қауіпті болуы мүмкін.
Тексеру құралы (Мұғалімге арналған ақпарат)
9-10 балл - үш әріп те мәтіннің өн бойында бар болған жағдайда қойылады;
8-7,5 балл - тек екі әріп қолданылса немесе бір әріп;
7,5-6 балл - ешқайсысы қолданылмаса қойылады.
КҮШІК ЖОҒАЛДЫ!!! КҮШІК ЖОҒАЛДЫ!!! КҮШІК ЖОҒАЛДЫ!!!
Породасы - пекинес, түсі - сарғыш-ақ, ұзын қылшықты, орташа өлшемді, адамдарға тез жақындайды.
Ерекше белгісі - алдыңғы оң жақ аяғын ақсап басады.
Чип деп шақырсаң келеді.
Тауып алған адамдар мына телефонға хабарласуын өтінеміз: 23-24-25
Тауып алған адамды СЫЙАҚЫ күтіп тұр!!!