7


  • Учителю
  • Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№19 сабақ

Сыныбы: 5 «а» «б» «в» Күні: ___ 01. 2014 ж

Мұғалімі: Абдраманова Ф Тексерген: ______


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Word Pad текстік редакторын іске қосуды, оның терезеснің негізгі элементтерін, құжат сақтап, қайта ашуды үйрету;

  2. Дамытушылық: оқушылардың Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары туралы түсініктерін дамыту;

  3. Тәрбиелілік: оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттырады.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау

арқылы түсіндіру.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың өту барысы: 1 Ұйымдастыру .

2 Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жаңа тақырып түсіндіру .

  2. Практикалық жұмыс

5 Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Wordpad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді . Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге , шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға , әр түрлі қаріпті қолдануға , сонымен қатар графикалық кескіндерді , дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады .

Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін , келесі әрекеттерді орындаңдар .

Пуск - Все программы - Стандартные - Word Pad

( Жіберу - Барлық бағдарламалар - Стандартты - WordPad )


Редакторды іске қосқанан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады ( 1 - сурет ) .


Терезе келесі элементтреден тұрады.

  1. Тақырып жолы

  2. Меню жолы

  3. Құрал-саймандар тақтасы

  4. Пішімдеу тақтасы

  5. Сызғыш

  6. Терезенің жұмыс аймағы

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын команларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін сол батырманың үстінде маус нұсқағышын ұстап тұрса, аз уақыттан соң ішіне батырманың міндеті жазылған төртбұрышты аймақ шығады.

Пішімдеу тақтасында мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынасу батырмалары орналасқан.


Мәтіндік редактор WordPad бағдарламасының батырмалары:


Батырма суреті

Батырма міндеті

Батырма суреті

Батырма міндеті

Құру

Болдырмау

Ашу

Қайтару

Сақтау

Табу (құжаттағы мәтінді тез табады)

Басу

Қаріп (шрифт)

Алдын ала қарау

Қаріп өлшемі

Қиып алу

Қарайтылған

Көшіру

Курсив

Кірістіру

Асты сызылған

Түс (белгіленген мәтін түсін өзгертеді)

Сол жақ шеті бойынша

Ортасы бойынша

Оң жақ шеті бойынша

Маркерлер


WordPad-та құжат құру.


WordPad-та құжат құру мынадй сатылардан тұрады.

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау.

  3. Мәтінді пішімдеу (форматтау)

  4. Құжатты сақтау және ашу.

  5. Баспаға шығару.


Енді осы сатыларды толық қарастыралық:


Қаріп және оның өлшемін таңдау.

Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай флфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді және батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.


  1. Практикалық тапсырма.

1. Word Pad мәтіндік процессорын ашыңыз.

  • 2.Сызығышты өшіріңдер

  • 3.Сызығышты қосыңдар

  • 4. Мәтін теру

Болашақтың ұрпағымыз білімді

Информатикадан алған ілімді

Өмірде пайдаланамыз тиімді

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  2. Терезе элементтерін атаңдар?

  3. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтарын атаңдар.


Үйге тапсырма беру. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал