- Учителю
- Урок по информатике на тему 'Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы'
Урок по информатике на тему 'Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы'
Сынып 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы
Сабақтың мақсаты: Алгоритм құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: алгоритм құруды;
Оқушылар үйренуі тиіс: алгоритм құру тәсілдерін
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
Балалар, өткен сабағымызда біз алгоритм ұғымымен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда өткен сабағымызда үйренген дүниелерімізді практика жүзінде көрсетеміз. Әр оқушы өз жұмыстарын жасап, тексертеді.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Алгоритм дегеніміз не?
-
Алгоритм орындаушы деп кімді айтамыз?
-
Алгоритм қандай бұйрықпен аяқталады?
-
Білімді өзектендіру.
Белгілі бір математикалық есепті алайық: (12+45)*56 - 24 осы есептің орындалу алгоритмін жазайық. Алдымен жақша ішіндегі, содан көбейту амалы, содан кейін азайту амалы орындалады.
-
Жұмысты орындау.
-
Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:
-
Аяқкиім жөндеу
-
Тісті пломбылау
-
Көлікті жүргізу
-
Шашты сәндеу
-
Сабақ оқыту
-
Киім тігу
-
«Ағаш отырғызу» алгоритмін құрыңдар.
-
Компьютермен жұмыс. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.
-
Бұйрық нөмері
Алгоритмнің бұйрығы
Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1
Көк қарандашты ал
2
Шардың суретін сал
3
Шарды боя
4
Қарындашты орнына қой
5
Соңы
Paint бағдарламасында суретін салу.
Тапсырма №1. «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
Шұңқырды толтыр…
Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал
Көшетті шұңқырға сал.
Күрек пен су сепкішті орнына қой
Тапсырма №2. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
Газды жақ
Газға табаны қой
Жұмыртқа мен майды дайында
Табаға майды еріт
Жұмыртқаны жар
Жұмыртқаның қабықтарын таста
Жұмыртқаға тұз сеп
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Газды өшір.
-
Сабақты қорытындылау.
Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау
-
Үй тапсырмасы
Қайталау. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру