7


  • Учителю
  • Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.

Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ



Сабақтың тақырыбы

</<font face="Times New Roman, serif">Алгоритм типтері.

Сабақтың мақсаты

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету

  • Диалогті оқыту пайдалана отырып оқушылардың осы сабақта алған білімдерін шыңдау, практикада қолдануға үйрету.

  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, белсенді ойлау мүмкіндіктерін жетілдіруге үйренеді.

  • АКТ қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар кез келген есепке алгоритм құра біледі.

  • Оқушылар дербес компьютермен, интерактивті тақтамен, Activ студияда еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптасады.

  • Топта жұмыс жасау мәдениетін, бірін бірі тыңдау, бір біріне көмектесу дағдылары қалыптасты.

  • Деңгейлік тапсырмаларды, қарапайымнан күрделіге қарай орындай отырып, шығармашықтары дамиды;

  • Өз бетімен шығармашылық жұмыс жасайды.

Қолданған стратегия

2. Өзін-өзі реттеу

4. Топтық жұмыс

5. Диалогті оқыту

6.Деңгейлік тапсырма

7.Өзін-өзі бағалау

8. Кері байланыс

9. Үйге тапсырма беру

Ынтымақтастық атмосфера

Сабақтың жақсы өту үшін оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады .



Топқа бөлу

Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру

Қызығушылығын ояту

Терезенің басқару батырмаларына байланысты «Үш отау ойыны»

1.Үш отау ауылдың шетіне ораналасқан, олар сол ауылды басқарады.

А) І-ші отау есігін қақсаң , ауыл түгел жатып алады.

Ә) ІІ-ші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.

Б) ІІІ-ші отаудың есігін қақсаң , есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.

Уй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға үй тапсырмасы бойынша «Жуан -жіңішке сұрақ » стратегиясын пайдалана жалпылама сұрақ қойылады

  1. Алгоритм деген не?

  2. Алгоритм қасиеттері

  3. Блок схемаға анықтама беріңдер.

Тапсырмалар

Алгоритм типтерін фличарт қағаз беттеріне түсіру.

1.Алгоритм құрылымы

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы - сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

2 2 2

Z = ax + b + cos (ax + b) - tg (ax + b)

Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған

ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол

тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты

көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мән

қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер

жадына a, b, x мәндері алдын - ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t : = ax 2 + b

z : = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық

алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x

мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,

ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х

айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма: (33 бет 2 жаттығу)

Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін

анықтау қажет.

  1. Күрделі тармақталу

  2. Күрделі шарттарды пайдалану

  3. Арифметикалық циклдер

  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.





Практикалық тапсырмалар

Y= a+dx2+sin( a+dx2)-ctq( a+dx2)

Бағалау

Өзін-өзі бағалау



Кері байланыс



Алған әсеріңіз қандай ?

Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритм.

Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес! Жаман!

Үйге тапсырма

Алгоритм құрылымы тақырыбын оқып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал