- Учителю
- Панорамалық сабақ. Компьютердің қосымша құрылғылары
Панорамалық сабақ. Компьютердің қосымша құрылғылары
Панорамалық сабақ.
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің информатика пән мұғалімі: Карибасова Гулжанар Нургазиновна
Сабақтың тақырыбы: « Компьютердің қосымша құрылғылары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың жаңама ойын жетілдіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі бағалауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, интерактивті демонстрациялау, АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, компьютер, презентация, оқулық, плакат, стикер және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Сабақтың өту кезеңі: І-АСУ «Білгенге маржан», ІІ-АСУ « Білімді мыңды жығар», ІІІ-АСУ «Ойнайық-та, ойлайық» презентация арқылы демонстрациялау. 5-6 слайд арқылы түсіндіріп айтып өтeмін.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен сәлемдесу;
«Шаттық шеңбері» тренингі сәтінен-Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Барлығың ортаға келіңдер, шаттық шеңберін құрайық, сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме? Онда бүгін бәріміз бір-бірімізге сыйлық сыйлайық. Оқушылар бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
-Оқушыларды топқа бөлу. (мәтін әріптері бойынша) , топ аттары «Принтер» және «Сканер», топ ережесін құру, бағалау парақшасын топқа таратып бағалау критерийлерін түсіндіру, жазғызу, топ жетекшісі оқып таныстырады. Енді сабағымыздың бірінші кезеңіне өтеміз.
«Сканер» тобы
«Принтер» тобы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. І-АСУ «Білгенге маржан»
Өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында оқушы білімін интерактивті тақтаны пайдаланып демонстрациялау арқылы тексеру. Бұнда бірнеше флипчартпен тапсырмалар орындатып, оқушылардың білімін тиянақтау. Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық. Ол үшін үй тапсырмасын интерактивті тақтамен келесі тапсырмаларды орындау арқылы қайталап өтсек.
1-тапсырма. Компьютердің негізгі бөліктерінің атауларын жазу, қалам аспабымен.
2-тапсырма. Шеңбер ішіне компьютердің негізгі бөліктерін жинақтау, еркінше таңдау аспабымен орындау.
3-тапсырма. Жүйелік блоктың құрамын жаз, пердеше аспабын пайдалану. Әр топтан оқушылар кезекпен шығып орындайды және орындарында да орындайды.
Оқушылардың интерактивті тақтада тапсырмаларды орындау сәттері.
4- тапсырма. Тақтамен жұмыс жасап болған соң енді компьютерде электрондық оқулықты ашып мына интерактивті тапсырманының «Аппараттық құралдар» топтамасындағы 7- тапсырманы орындайды.
5-тапсырма. Жүйелік блоктың құрамын бөлшектеп көрсету ал оқушылар оның аттары мен не үшін пайдаланылатынын жазады.
ІІІ.Сергіту сәті. Оқушылар орнынан тұрып билейді./видео, би/
ІІІ. Жаңа тақырып. ІІ-АСУ « Білімді мыңды жығар»
Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға төмендегі сұрақтар қою арқылы өздері бүгінгі тақырыпты анықтады.
1. Компьютердің қосымша құылғыларына қандай құрылғылар жатады?
2. Неліктен бұл тізімге тышқан кірмейді?
3. Өткен сабақта құрылғылардың бәрін оқыдық па?
4. Құрылғылардың қайсысын компьютерге қосуға болады? (2,6 слайдтарды көрсетіп демонстрациялау). Оқушыларға плакаттарын беру, түсіндіру.
2.1Ассоциациялық картамен жұмыс жасаймыз, 1топ- Компьютердің қосымша құрылғылары жайлы не білетіндерін ақ қағазға түсіру, 2-топ Ақпарат тасығыштар жайлы не білетіндерін өз ойларын жазып, топ жетекшісі жұмыстарын қорғайды. Енді оқулықпен жұмыс жасап, атқаратын қызметтерін оқып танысып сызбаны толықтырады, және қорғайды. Екі топ мүшелері бір-бірлеріне сұрақ қояды, мұғалім түсінгендіктеріне бақылау жасап, жауаптарын толықтырып отырады.
2.2 Оқушылар өз ойларын және оқулықтан оқып алған білімдерін тиянақтау үшін бірнеше флипчартта тапсырмалар орындау арқылы білімдерін тексеру. Интерактивті тақтада және орындарында компьютерде орындайды.
1-тапсырма. Компьютердің енгізу, құрылғыларын төртбұрыш ішіне жинақтау.
2-тапсырма. Компьютердің шығару құрылғыларын жинақтау.
3-тапсырма. Компьютердің қосымша құрылғыларын атап, жазу керек.
4-тапсырма. Ақпарат тасығыштардың атауларын жазу, бұл жерде пердеше аспабы қолданылады.
Оқушылардың интерактивті тақтада жұмыс жасау кезеңдері
5. Электрондық оқулықтағы тапсырманы компьютерде орындайды, 11 тапсырма- Ақпараттарды тасымалдаушылары, оларды пайдаланатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз.
5. Компьютерде флешкадағы Тапсырма- 5-ті ашып, ондағы сәйкестікті тауып жазып орында және лазерлік дискілерді пайдаланып жаттығу жасайды. Орындаған тапсырмаларын сақтап, флешкаға көшіреді.
ІІІ АСУ. Бекіту «Ойнайық-та, ойлайық»
-
Интерактивті тақтамен жұмыс.
1-тапсырма. Компьютердің қосымша құрылғылар жаз, қалам көмегімен. Кітапхана қорынан қосымша құылғыларды тауып бетке орналастыр және бетті сақта.
2-тапсырма. Ақпарат тасығыштардың атауларын жаз, 3-тапсырма. Ақпарат тасығыштардың сыйымдылықтарын жаз, қалам немесе пернетақтаны пайдалан. 4-тап. Лазерлік дискінің құрылымын ата, өшіргішті пайдалану.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау кезеңдері.
2. Компьютермен жұмыс, оқушылардың флешкаға көшірген тапсырмасын принтерден басып шығару, сканерге кез келген кітап бетін компьютерге енгізу оны принтерден басып шығару.
Сонымен оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тексеру барысында мынандай сұрақтар қою.
1. Компьютерге қосылатын құрылғыларды не деп атаймыз? Оларды атап өтейік.
2.Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді? Қайсысы шығаруға?
3.Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағазға шығару құылғысы не деп аталады?
4.Компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы не деп аталады?
5.Телефон желілері бойымен ақпарат тарату құылғысы қалай аталады? 6.Дыбыстық ақпаратты шығару құылғысын ата?
7. Лазерлік дискілерді көруге арналған құылғыны ата?
IV.Бағалау. Бағалау критерийі. Оқушылардың бағалау парақшаларын алып қойған бағаларын айту. Білім шыңына жеткен топты анықтау. Слайд арқылы демонстрациялау.16-18 слайд.
V.Үйге тапсырма. Компьютердің қосымша құылғылары, оқуға және ребус құрастыру.
Кері байланыс. 1-ұсыныс, 2-пікір.