7


  • Учителю
  • ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Каракушекова Фатима Наубатовна,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы

Бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының аға оқытушысы,

жаратыластану ғылымдарының магестрі



Оқу-тәрбие үрдісінде мультимедиялық бағдарламаларды пайдалану арқылы педагогтердің түйінді құзыреттіліктерін дамыту





Қазіргі уақытта шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, интерактивті жеке тұлға болып өсіп - жетілуіне ақпараттық - коммуникациялық технология арқылы педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы ерекше.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Педагогтардың міндеті - мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жету үшін интерактивті құралдар кең түрде қолданылатыны баршаға мәлім. Интерактивті құралдар мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр. Күнделікті сабақтарында көптеген мұғалімдер бейнефильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көрнекілік құралдарды қолданады. Яғни, қазіргі білім беру жүйесінде басты талап - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу.

Білім беру жүйесінде мультимедиялық бағдарламаларды тиімді қолдану білім сапасының артуына зор мүмкіндік беретіні сөзсіз. Осы орайда Camtasia, Corel Video және Pinnacle Studio бағдарламаларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, бейне сабақтар, презентациялар, интерактивті тесттер құру, әуендерді өңдеу сияқты әрекеттерді орындау пайдасын тигізеді.

Camtasia, Corel Video және Pinnacle Studio - экрандағы динамикалық суреттерді әр түрлі форматты бейнефайлдарға жазуға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламалар білім беруге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, қашықтықтан оқытуға, техникалық қолдау көрсетуге арналған интерактивті бейнесабақтарды, өнімдерді жарнамалауға арналған презентациялар, демонстрациялар мен бейнероликтерді жасауға, өзгертуге және жариялауға мүмкіндік береді.

Педагогтер Camtasia, Corel Video және Pinnacle Studio бағдарламаларының көмегімен бейне материалдар дайындау арқылы, оқу-тәрбие үрдісіндегі кез - келген сабақта кеңінен қолдана алады. Бұл бағдарламаларда дайындалған бейне дәрістер оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беріп, оларға жаңа білімді жүйелі түсіндіруге жол ашады. Сонымен қатар, педагогтерді аталған бағдарламаларды оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолдануы олардың түйінді құзыреттіліктерін дамытуына ықпалы зор.

Видеосабақтар сапалы, үйренушілерге түсінікті болу үшін оны құрушылар материалдарды сауатты пайдаланулары, видеоүзінділерде әр түрлі анимациялық графика элементтерін қолданулары, жазу барысында пайда болған қателерді кесіп алып тастаулары және т.б. қажет. Егер үйретуші видеосабақтарды құратын болсаңыз, ол мақсатқа жету үшін бірінші қадамдардан бастап бір ғана емес бірнеше бағдарламалардың қажет екенін білесіз. Бұл - аудиоредактор, видеоны өңдейтін бағдарлама, экранды ұстау үшін қажет қосымша, CD-де авто іске қосылуды жүзеге асыратын мәзірі бар бірыңғай қабыршақ жасау үшін қажет бағдарлама және т.б. құралдар. Егер ол бағдарламалардың әрқайсысының бағасын есептейтін болсаңыз, үйретуші видеосабақты құру өте қымбат деген ой келуі мүмкін. Бірақ аталған бағдарламалардың бірін таңдап қолдануға болады.

Мультимедиялық және ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтеруге ықпал етеді.

Ал ұстаздар ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланып бейнедәрістер дайындауға дағдыланады. Мультимедиялық материалдарды пайдалану сабақты қызықты етіп көрсете алады. Сонымен қатар компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді.

Оқыту процесін жеделдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан маңызы зор:

  1. Бейнефильмдер-оқушылардың материалдарды жақсы меңгеруіне көмектеседі.

  2. Бейнефильмдер-оқытушыға оқу - тәрбие жұмысын өмір шындығын ажыратуына мүмкіндік береді.

  3. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.

  4. Бейнефильмдерді - тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап, түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

  5. Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы

2. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдау «Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы»</</p>

  1. Как пользоваться Camtasia Studio 8 / Видео курс / 2015

  2. Башмаков М.А. Разработка компьютерно- обучающих систем и компьютерных учебников. М. 2003.600 с.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал