7


  • Учителю
  • 5- сыныпқа арналған тест сұрақтары

5- сыныпқа арналған тест сұрақтары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 сынып І нұсқа



1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр В) Ауа алмасу (желдету) бұзылады

С) Ұнамсыз Д) Экран жабылып қалады.

2. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу... аспауы керек.

А) 6 сағаттан В) 45 минуттан С) 2 сағаттан Д) 15 минуттан.

3. «Paint» сөзіағылшын тілінен қалай аударылады?

А) Жобалау В) Оқу, кітап С) Сурет, сурет салу Д) Музыка, ән салу.

4. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?

А) сезу және көрудің В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің Д) көру және дәмін тату арқылы.

5. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды В) дискіні С) тасты Д) суды.

6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?

А) кітап В) радио С) журнал Д) плакат.

7. Қайсысы ақпараттың қасиеттеріне жатады?

А) объективтілігі және толықтығы В) барлық жауап дұрыс

С) жеткіліктігі Д) қолжетімділігі және өзектілігі.

8. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А) Ақпаратты өңдеу В) Ақпаратты сақтау

С) Ақпаратты жеткізу Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу.

9. Адам үшін ұялы телефон - ол:

А) Ақпарат көзі В) Ақпарат қабылдаушы

С) Ақпаратты өңдеу құралы Д) Байланыс құралы.

10. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер В) Мәтіндер С) Сандар Д) Нөл мен бірлер.

11. Бір байт - ол:

А) 10 бит В) 16 бит С) 8 бит Д) 4 бит.

12. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

А) Есептеу В) Басқару С) Ақпаратты іздеу Д) Құжат құру.

13. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?

А) Файл В) Бума С) Программа Д) Құжат.

14. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен В) Кез келген

С) Адреспен D) Курсордың орнымен.

15. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

А) Alt В) Tab С) CapsLock Д) NumLock.

16. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

А) Бос орын (пробел) В) Alt С) Tab Д) Ctrl.

17. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

А) Сканер В) Принтер С) Монитор Д) Пернетақта.

18. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?

А) Сканер В) Пернетақта С) Тышқан Д) Принтер.

19. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) Қатты диск В) Лазерлік дискілер С) Флеш - жады Д) Процессор.

20. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?

А) Аппараттық жабдықтаманы В) Программалық жабдықтаманы

С) Жады құрылғысын Д) Прцессорды.







5 сынып ІІ нұсқа

1. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру

В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

2. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10 - 15 см В) 20 - 30 см С) 40 - 50 см Д) 55 - 65 см.

3. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту В) сезу С) көру Д) жазбаша.

4. Ақпаратты іздеуге не жатады?

А) Электрондық поштамен ақпарат алу

В) Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу

С) Кітап мазмұнымен жұмыс істеу Д) Мәтіндерді басқа тілге аудару.

5. 1 Кбайт - ол:

А) 100 бит В) 1000 байт С) 1024 байт Д) 1500 байт.

6. Ақпаратты енгізу құрылғысы?

А) Процессор В) Принтер С) Пернетақта Д) Компьютердің жады.

7. Enter пернесі не үшін керек?

А) Енгізу В) Курсорды жылжыту Д) Бас әріптер режимін алмастыру.

С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

8. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А) Монитор В) Колонкалар С) Сканер Д) Микрофон.

9. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:

А) Саймандар тақтасы В) Нысан белгішелері С) Есептер тақтасы Д) Бастау батырмасы.

10. Жарлық - ол:

А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме

В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума

С) Арнайы түрде құрылған файл Д) Мәтіні бар файл.

11. Пернетақтада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?

А) Ctrl+C В) Ctrl+V С) Ctrl+X Д) Ctrl+Z.

12. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

А) Кішкене тіктөртбұрыштардан В) Нүктелерден

С) Сызықтардан Д) Символдардан.

13. Paint программасын қалай іске қосамыз?

А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint

В) Бастау Стандарттық Paint

С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint

14. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

А) 2 В) 1 С) 0 D) 4.

15. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

А) Өшіргіш В) Мәтін С) Қарындаш D) Қылқалам.

16. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен В) Кез келген С) Адреспен D) Курсордың орнымен.

17. Гарнитура деген не?

А) Әріптің түрі В) Әріптің мөлшері С) Әріптің түсі D) Әріптің мәнері.

18. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:

А) 100 В) 200 С) 50 Д) 255.

19. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау В) Ашу С) Сақтау D) Құру.

20. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

А) Бос орын (пробел) В) Alt С) Tab Д) Ctrl.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал