7


  • Учителю
  • Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 5 Күні 29.09.15 ж.

Тақырыбы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

сабақ №: 4

Мақсат: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік - ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық - компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшем бірліктерін білуді дамыту

Тәрбиелік - ой толғанысқа, мәтіндік ақпарат санын анықтауға, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тест тапсырмалары, карточкалар, интерактивті тақта, видео, ЦБР.

Сабақ барысы

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тренинг «Сөйлегіш қолдар» - Бірлескен ынтымақстастық құру.


Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер оңға, сыртқы шеңбер солға қозғалады да жүргізушінің айтқанын орындайды, мысалы: амандасамыз, қолымызбен күресеміз, шапалақ ұрып ойнау, қош айтысу, достасу, жанашырлық көрсету, арқасынан қағу, құшақтасу, екі қолмен амандасу т.б.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

5 мин

Оқулықпен жұмыс, 22 бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға ауызша жауап береді.

Сұрақ - жауап:

  1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

  2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

  3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?

  4. Адам ақпаратты қалай өңдейді?

  5. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

7 мин

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты - граммен және килограммен, т.б. өлшейміз.
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ - ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.


Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50000
Түрлі түсті слайдтар 150
Музыкалық фрагмент 10 минут
Фильм 15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы Интернет желісі арқылы.
Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз - бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с өлшенеді.
Түйін

  • Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі - бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай алады - 0 немесе 1.

  • Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ 8 битке 1 байтқа тең.

  • 1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

  • 1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

  • 1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

  • 1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

  • Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен,Кбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

IV. Компьютердегі

тәжірибелік жұмыс

8 мин

Оқулықпен жұмыс, 26-28 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
1. Пуск - Компьютер батырмаларын таңдаңдар.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оңбатырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.




4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

В деңгейі
1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.


2. Документы бумасын ашыңдар.

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

Жаттығуды орындарында отырып орындау.


Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

15 мин

Карточкамен жұмыс

1-жаттығу

2-жаттығу

3-жаттығу.

Өзіңді тексер

1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) әріптер

В) мәтіндер

С) сандар

Д) нөл мен бірлер*

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит*

В) Байт

С) 1

Д) Әріп

3. Бірбайт-ол:

А) 10 бит

В) 16 бит

С) 8 бит *

Д) 4 бит

4. Бір символдық мәтін әдетте … кодталады.

А) 1битпен

В) 1 байтпен *

С) әріппен

Д) Он битпен

5. 1 Кбайт - ол:

А) 100 бит

В) 1000 байт

С) 1024 байт *

Д) 1500 байт

6. 1 Мбайт - ол:

А) 100 Кбайт

В) 1000 Кбайт

С) 1024 Кбайт *

Д) 1500 Кбайт

7. 1Гбайт - ол:

А) 100 Мбайт *

В) 1000 Кбайт

С) 1024 Мбайт

Д) 1500 Мбайт

8. «Information» сөзінде қанша бит бар?

А) 14

В) 88*

С) 72

Д) 128

9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

А) мәтін *

В) сурет

С) музыка

Д) видео

10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?

А) мәтін

В) сурет

С) музыка

Д) видео*

Жауабы:



Тест жауаптары:

  1. Д;

  2. А;

  3. С;

  4. В;

  5. С;

  6. С;

  7. А;

  8. Б;

  9. А;

  10. Д.

VII. Рефлексия

2 мин

Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу

Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу

VII. Оқушыларды бағалау.

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.

Күнделіктеріне баға қойдырады

ІХ. Үй жұмысы.

2 мин

§4 оқу, ЦБР№1883


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал