7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасын қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасын қорытындылау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Бекітемін» «Келісемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры: МДОІЖО:





Ю.Гагарин атындағы жалпы

орта мектебі













Тақырыбы:



MS Excel бағдарламасын қорытындылау











Пәні : информатика

Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімі : Биешов Н.Е.













2016 жыл







Күні: 12.03.2016 жыл

Cыныбы: 8

Пәні: Информатика



Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: EXCEL бағдарламасында диаграммамен жұмыс істеу және алған білімдерін қорытындылау;

</ ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;

б) тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.



Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,зерттеушілік,практикалық

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын;

Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.



ІІ. Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.

  • Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.

  • Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

  • Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

  • Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

  • Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

  • Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;







ІІІ. Мағынаны ашу «Сұрақ- жауап»



  1. Excel-де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады? Жауабы: =,+ белгісінен кейін

  2. Автоқосынды белгісінің батырмасы қандай? жауабы: ∑

  3. Функция шебері белгісінің батырмасы қандай? жауабы: fx

  4. Бағандар саны қанша? Жауабы: 256

  5. Қанша жолдан тұрады? Жауабы: 65536

  6. Excel бағдарламасы дегеніміз не? Жауабы: Сандық кестемен жұмыс істеуге арналған бағдарлама

  7. Диаграммалардың қандай түрлерін білесің? Жауабы: Дөңгелек, бағандық, сызықтық, нүктелік, көпіршіктік, т.б

  8. Диаграмманы жасаудың неше қадамы бар? Жауабы: 4

  9. Диаграмманы жасау қадамдарын тізбектеп айтып бер? Жауабы: Типі; Мәліметтер аралығы; Параметрлері; Бөліктері.

  10. Өріс және жазулар деп нені айтамыз? Жауабы: A, B, C, D, E, F жазулары өріс, ал 1,2,3 жолдары жазулар деп аталады

  11. Диаграмма дегеніміз не ? Жауабы: Бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

  12. Автоформат не үшін қажет? Жауабы: Мәліметтерді немесе ұяшықтарды форматтау үшін

  13. Мәліметтер базасы дегеніміз не? Жауабы: Белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық модель

  14. Электронды кесте дегеніміз не? Жауабы: Кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесін электрондық кесте деп атаймыз

  15. Кез келген электронды кестенің ұяшығына нені енгізуге болады? Жауабы: -сан; -формула; -мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады

IV .Көзге арналған жаттығу жасалады.



V. Тест жұмысы Excel бағдарламалары көмегімен



1.Microsoft Excel дегеніміз не?

  1. Операциялық жүйе

  2. Текстік редактор

  3. Антивирустық программа

  4. Электрондық кесте



2.Microsoft Excel жолдар саны

  1. 65536

  2. 256

  3. 125

  4. 1256



3.Microsoft Excel бағандар саны



  1. 65636

  2. 256

  3. 125

  4. 1256



4.Диаграмма дегеніміз не ?

  1. Бірнеше ұяшықтар тобы

  2. Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект

  3. Мәтіндік редакторда қолданылытын жазу түрі

  4. Жол мен бағанның қиылысуы



5.Диаграмманың неше түрі бар ?

  1. 20

  2. 16

  3. 14

  4. 12

6.Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

  1. Диаграмма тақырыбы

  2. Диаграмма түрі

  3. Диаграмма дизайны

  4. Диаграмма элементтері



7.Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

  1. 4

  2. 5

  3. 6

  4. 7

8.Электрондық кестеде төмендегі мәліметтерді автоматты түрде толтыруға болады

  1. Айлар, апта күндері, диаграмма аттары

  2. Апта күндері , сандар , диаграмма аттары

  3. Айлар , апта күндері, сандар

  4. Формулалар диаграммалар



9.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

  1. Жол

  2. Ұяшық

  3. Баған

  4. Кесте



10.Диаграммаға өзгертулерді қалай енгіземіз?

  1. Дайын диаграмма өзгермейді

  2. Түзету диаграмма - диаграмма парамертлері

  3. Диаграмманы бір рет шерту - Диаграмма - Диаграмма параметрлері

  4. Формат - Диаграмма - диаграмма парамертлері







VI. "Санаға сапар" ой түйіндеу практикалық жұмыс



1-тапсырма Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)



1999



2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7



23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1





VІІ. Сабақты қорыту және оқушыларды бағалау.



Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.



Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.







«Тексерілді» Оқу ісінің меңгерушісі __________________





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал