7


9 Сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күн жады: 02.09-8.09

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі:Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.

І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі:

  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.


Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.


Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.


Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.


Күн жады: 9.09-15.09

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм ұғымы, қасиеттері, ұсыну тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған «алгоритм» туралы түсініктерін жинақтау, олардың қасиеттері мен жазу тәсілдерін ЕТН пәні арқылы толықтыру,білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру,іздендіру, салыстыру

Сабақта қолданылатын құрал -жабдықтар мен көрнекілік: компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгелдеу

- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

- Оқушыларға үй тапсырмасына дайындалуға уақыт беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Көрсетілген суреттер смайликтермен жасырылады. Оқушылар өздеріне ұнаған смайликтерді таңдайды. Смайликтердің астына үй тапсырмасына қатысты сұрақтар жасырылған. Егер оқушы сұраққа жауап берсе онда смайликтин артынан сурет шығады. Сол суреттерді оқушылар рет -ретімен орналастырып, бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Адам ақпаратты қалай қабылдайды ?

3. Ақпараттың қандай түрлері бар?

4. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз?

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ?

6. Ақпаратты кодтау үшін қандай кесте немесе алфавит қолданылады?

7. Екілік алфавитте кодтау үшін қандай математикалық сандар қолданылады?

8. Пернетақтадан терілген сандар экран бетіне қалай шығады?

9. Әр символ машина тіліне қалай беріледі ?

ІІІ.Жаңа сабақ

Алгоритм - математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
«Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған.

Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.
Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді. Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

1. Алгоритмнің дискреттілігі (үзілісті) -ақпаратпен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

2.Алгоритмннің анықтылығы -біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

3.Алгоритмннің жалпылығы -Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда,жалпылық қасиеті деп атайды.

4.Алгоритмннің нәтижелілігі -Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.

Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет.

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.

Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;

алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;

әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;

атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп аталады

алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;

алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады

алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады

санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;

алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;

бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;

құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;

алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;

алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;

алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді;

Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек. Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар.Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок - схема мен мектептік алгоритмдік тілді пайдаланамыз.
Блок-схема
Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда, алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару процесі кезеңдерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб т.с.с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок - схема тілінің алфавитін құрайды және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі. Әрбір блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір - екі шығу сызықтары болады. Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок - схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне жазылады. Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. Деректерді өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді. Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді болатын есептелу процесінде анықталатын тамақталу алгоритмін бейнелейді.


ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

1.«Адасқан блок -схемалар» ойыны

Блок -схемалардың орындары ауыстырылып қойылады. Оқушылар олардың орналасу ретін айтып, орналастыруы керек.

дискілер)

Ү.Бағалау

Электронды кестеден жасалған журнал арқылы жүзге асырылады.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып, мазмұндау

Күн жады: 16.09-22.09

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритмнің командаларын, оның құрылымын, сызықтық және тармақталу командасы туралы үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетіндегі ережелерді сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, сабақты зейін қойып тыңдауға, өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Көрсете отырып түсіндіру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Оқушыларды түгендеу;

2. Сабаққа назарын аудару;

3. Құрал-жабдықтарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритмнің қасиеттері

3. Алгоритм блоктарының арнайы белгілері


ІІІ. Жаңа сабақ

Алгоритм командалары

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама (күрделі) командалардан тұрады.
Жай команда. Кез-келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы, ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу командалары жатады. Жай команда алгоритмнің блок-схемасында есептеу, енгізу, нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді. Олардың бір енгізу, бір шығару сызығы болады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу, циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады.


Алгоритм құрылымы

Сызықтық немесе тізбекті алгоритм.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу

тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы


y=5x2-4

алг y функциясын есептеу

арг х

нәт у

басы

х енгізу

R1:=x*x

R2:=5*R1

Y:=R2-4

у шығару

соңы

Мұндағы, 2 блок - х енгізу блогы, 3 блок - у функциясының мәнін есептеуді, 5 блок - у функциясының нәтижесін басып шығарады.


Үйге тапсырма:

1. Алгоритм атқарушы ұғымы туралы айтыңыз.

2. Атқарушы командалар жайлы не білесіз?

3. Алгоритм құрылымын атаңыз


Ү.Бағалау

Электронды кестеден жасалған журнал арқылы жүзге асырылады.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып, мазмұндау




Күн жады: 23.09-29.09 /30.09-6.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ (жұптық жұмыс (құзырлылық тапсырма), жеке жұмыс (кеәейтәлген тапсырма), кесте толтыру, сұрақ-жауап, АКТ)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. Алгоритм атқарушы ұғымы туралы айтыңыз.

2. Атқарушы командалар жайлы не білесіз?

3. Алгоритм құрылымын атаңыз

2. «Құлыпты аш!» ойыны. (Ойынның шарты бойынша оқушылар құлыптың кодын табулары тиіс. Ол үшін құлыптың айналасында тұрған түрлі түсті фигураларда жасырынған сұрақтарға жауап беріп, информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірін табады. Құлыптың коды осы сөз болып табылады.)

1. Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?

2. Серия дегеніміз не?

3. Алгоритмнің тақырыптан кейінгі бөлігі не деп аталады?

4. ............................................................ - берілген нұсқаулар бойынша орындалатын әрекеттерді жүзеге асырушы.

5. .............................................................. - ең маңызды түсініктердің бірі. Мұны қажетті және нақты анықталған нәтижеге қол жеткізетін, белгілі бір уақыт аралығында атқарылатын жұмыс десе болады.

6. ............................................................... - белгілі бір тілдің көмегімен немесе формулалар жүйесі арқылы орындалатын іс-әрекетті сипаттау.

7. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

8. Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?


III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.





Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады.

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

Z = ax + 2b + cos (ax2 + b) - tg (ax2 + b)

Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол тізбек бойында үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер жадына a, b, x мәндері алдын - ала енгізілуі керек.

алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )

арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t : = ax 2 + b

z : = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның, ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб), және цикл соңы (цс) түйінді сөздер қолданылады.


ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Құзырлылық тапсырма (жұптық жұмыс), бір партада жұп болып отырған оқушыларға төмендегідей кесте бейнеленген кеспе карточкалар таратылады.

1

Алгоритм типтері 4-ке бөлінеді.

Иә/Жоқ

2

Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.

Иә/Жоқ

3

Тармақталу алгоритмін алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, мұнда, өйткені, соңы деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

4

Есептеу процесі бөліктерінің қайталанып орындалуын цикл деп атайды

Иә/Жоқ

5

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, цикл түйіні деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

VІ. Қорытындылау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

Күн жады: 7.10-13.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Мақсаты:
• оқушыларды есепті шешу кезеңдерімен таныстыру;
• Есептердің математикалық моделін, алгоритмімін құруды үйрету
Сабақтың типі: лекция
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Алгоритм типтері атаңыз

2.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

3.Циклдік алгоритмі дегеніміз не?

4.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерде есепті шешу процесі - бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы - қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі - өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.
Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның сомасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.

Бірінші этап - есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның сомасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір - біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде сомасын шығару.

Екінші этап - математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты - есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмаса да болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың сомасының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.

Үшінші этап - есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз - қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.

Төртінші этап - программалау. Программа - бұл орындаушы (компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.

Бесінші этап - жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде енгізіледі.

Алтыншы этап - тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ көмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу - бұл күрделі және стандартты емес процесс. Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.

Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нәтижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып, алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар дағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.

1. Есептің берілуін математикалық түрде өрнектеу (Математикалық модел) Бұл бөлімде негізі мына үш сұраққа жауап тапса жеткілікті:

а) не белгілі? - белгілі шамаларды әріптермен белгілеп типтерін анықтаймыз;

ә) не табу керек? - ақырғы нәтижені, оның типін анықтау;

с) Қалай есептейміз? - есептің шешіміне қажетті формулаларды анықтаймыз немесе құрастырамыз.

Есепті шешудің идеясын (әдісін) анықтаймыз.

2. Есептің алгоритмін құрамыз.

3. Алгоритмді компьютерге түсінікті программалық тілде жазамыз.

4. Программаны компьютерде орындап қателерін түзетеміз.

5. Ақырғы нәтижені аламыз, талдаймыз (мысалы адамдар саны теріс сан болып шығуы мүмкін).

Бұл жерде ең маңыздысы 1 және 3 кезең.



Өздік жұмыс: физикалық формулалар бойынша алгоритм құру

ІҮ. Бекіту сұрақтары:

• Алгоритм деген не?

• Алгоритмнің қандай түрлері бар?

• 2 - ші қадамның мақсаты қандай?

• 2 санның арифметикалық ортасын табу формуласында қандай шамалар бар?

Ү. Оқушылардың білімдерін бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы. 3 санның арифметикалық ортасын табу үшін математикалық модель құру және алгоритмін құру


Күн жады: 21.10-27.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы

Мақсаты:

1)Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

2)Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.

3)Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.

Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль -программасы

Өтілу әдісі: дәстүрлі сабақ.

І. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру

• Алгоритм деген не?

• Алгоритмнің қандай түрлері бар?

• 2 - ші қадамның мақсаты қандай?

• 2 санның арифметикалық ортасын табу формуласында қандай шамалар бар?



Жаңа сабақ

  1. Паскаль тілі

ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

1. тақырып

2. сипаттау бөлімі

3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз - мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор - айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:='Уалиханов'

мұндағы: x, y01, y02, mektepшамалары идентификатор болып табылады.

2. Тілдің алфавиті.

Паскаль - тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.

Барлық латын әріптері - A … z;

Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);

Арифметикалық амалдар: +, -, *, /

Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:

div - бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

10 div 3 = 3

mod - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

0 x y 5 2 true 1 -3 -100 false 0 50 0 false 0 x or y > 0 5 2 true 1 -3 -100 false 0 50 -5 true 1 " v:shapes="_x0000_s1026">and- және (логикалық көбейту) операциясы;

or - немесе (логикалык косу) операциясы;

xandy> 0

not - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

true- ақиқат

false- жалған

div - бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.

mod - қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.

And - және (логикалық көбейту);

or - немесе (логикалық қосу);

not - емес (терістеу).

' (апостроп) - символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі

:= - меншіктеу белгісі

; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.

Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.

Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=

Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырып

program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

begin

3. операторлар бөлімі

Операторлар;

end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер - программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер - программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite('natyje= ';x). 'апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln('s= ',s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама - мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа - алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.


ІІ.Сабақты бекіту:

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у - бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write('көбейтінді = ',z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.


ІV. Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқып мазмұндау


Күн жады: 28.10-3.11

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін және стандартты функцияларды программалау тілінде қалай жазу керектігі жайында ой - өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интертақта, оқулық, презентация.

Сабақтың түрі: Әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Тілдің алфавиті

  2. Программалау тілі дегеніміз не?

  3. Өрнектерге нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Меншіктеу операторы - жазылған өрнектің мәнін есептеп, айнымалыға меншіктеу. Жиі қолданыста болатын болатын оператордың бірі.

Жазылу пішімі: := Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектерге де қолданылады. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ апострофқа ('') алып жазылады. Мысалы: V:='M'; x:='15', Бұл оператор 2 міндет атқарады:
Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.

Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі.


Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтынын анықтаймыз.

Өрнек Түсініктеме

z:=0 Дұрыс

a:=b Дұрыс

a:=b+5 Дұрыс

a=c+1 Қате

- z:=y Қате

2*p+3:=x Қате

- Q:=A+B Қате

x:=a±5 Қате

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Программаларда жиі пайдаланылатын функциялар:

Арифметикалық функциялар. Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады.
Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функция шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады.

Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға аударады.

Chr(x) - х санын символға аударады.

High(x) - шаманың максимум мәнін береді.

Low(x) - шаманың минумум мәнін береді.

Ord(x) - саналатын типті бүтін типке көшіреді.

Round(x) - нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.

Trunс(x) - нақты санның бүтін бөлігін береді.

Арифметикалық функциялар

Математикалық жазылуы Паскаль тілінде жазылуы

|x| abs(x)

x^2 sqr(x)

√x sqrt(x)

π Pi

[x] int(x)

e^x exp(x)

sinx sin(x)

cosx cos(x)

tgx tan(x) немесе (sin(x)/cos(x))

lnx ln(x)

Мысалы: x=a^3/(√c+9, 2); жазылуы x≔sqr(a)*a/(sqrt(c)+9. 2);

x=〖(a+b)〗^2/(π -|ab| ); жазылуы x≔sqr(a+b)/(pi - abs(a*b));


IҮ. Сабақты бекіту. Сабағымызды «Лото» ойыны арқылы бекітеміз. (Слайд көрсетіледі)

1. Меншіктеу операторы дегенді қалай түсінесің?

2. Меншіктеу операторының жазылу пішімі?

3. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ... алып жазылады.

4. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... x=√0, 5a/(〖tg〗^2 π)

5. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... a=〖7, 9x〗^3/(√12+sinx)


Ү. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, мазмұндау


ҮІ. Бағалау


Күн жады: 13.11-18.11 / 20.11-25.11

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару

Сабактың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қайталау сұрақтары.

1.Алгоритм дегеніміз не?Бұл сөз қайдан шыққан?

2.Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?

3.Алгоритмнің өрнектелу жолдары қандай?

4.Блок-сехма дегеніміз не?Негізгі блоктарга және көмекші блоктарга нелер жатады?

5.Сызықтық,тармақталу және циклдік алгориттдер дегеніміз не?

6.Есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз не?

Проблемалық сұрақ

Алгоритмді өмірімен байланыстыруға болама?Нақты мысал келтір


ІІІ. Жаңа сабақ

Енгізу,шығару операторларына түсініктеме беру.

Жалпы,файлдардан мәліметтерді оқу және оларға жазу әрекеттерін Read,Write,Readln,Writeln оператолары орындайды.

Оқу операторы(Read) өңделетін мәліметтердің берілген мәндерін оқып,операторда көрсетілген айнымалыларға меншіктейді.

Жазылуы: (Read(<����������������������������

���������������������

�������������������

������������������������������������

������������������

������������������

Read ( x, I, a )

Нәтижесі: « n », 30 0.1

Readln операторының Read операторынан айырмашылығы,Readln операторы қатар жазылса,әрбір келесі енгізу операторына қажетті мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек.

Мысалы:

var a,b,c,d: real; 2. Var a.b.c.d read

Begin Begin

Read (a,b) Readln (a,b)

Read( c,d)

Readln (c,d )

Нәтижесі:1,2,3,4 1,2

3,4

Жазу операторы (wrete) өрнектердің нәтижесін экранға шығарады.

Жазылуы: wrete(<���������

�������������������������������

����); (өрнектің нәтижесі шығады).

Wrete (нәтижесі,у);(тізбек және айнымалы түрінде).

Wrete(A[1]); (өрнек индексті айнымалы түрінде).

Ескерту:а) енгізу операторында айнымалылардың идентификаторы міндетті түрде үтірмен ажыратылады, соңынан (;) нүкте -үтір қойылады.

б)Егер Readle операторы қатар жазылса,әрбір келесі енгізу операторына қажетты мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек.

3. Талдау (дағдысы бойынша).Енгізу және шығару операторларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.


Өңделетін мәлімет-

тердің берілген мән-

дерін оқып,оператор-

да көрсетілген

айнымалылырға

меншіктейді


Өрнектердің

нәтижесін

экранға

шығарады


Тілдің негізгі операторлары


Алгоритм

Программа

Блок - схема


алг алгоритмнің аты

басы бүт а,х,у

енгізу а,х

у:=а*х

шығару у

соңы


Program a1;

Var a,x,y:integer;

Begin

Readln (a,x)

Y:=a*x;

writeln ('y='y );

end.


Соңы

у

У:=а*х

а,х

Басы


ІҮ. Бекіту

1-мысал.у=а*х бір айнымалысы бар теңдеу

2.Кітаппен жұмыс.№ 1,2,3,4 есептер

№1

1.Егер х берілген болса ,онда 1-2х +4х-6х өрнегін есептеп шығарындар.

2.Тығыздығы p және биіктігі H болатын сұйықтың баған түбіне түсіретін

қысымын есептеуге арналған программа құр.

№2

1.Төртбұрыштың диагоналін табудың алгоритін және программасын құр.

2.Егер х берілген болса, онда 4-6х+4х өрнегін есептеп шығарындар


№3

1.Үшбұрыштың периметрн табудың програмасын құр.

2.Жылу мөлшері G=cm (t -t) формуласы бойынша есептеуге арналған

программа құрындар.


Ү. Бағалау


ҮІ.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, мазмұндау

Күн жады: 27.11-2.12

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;

  • Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;

  • Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, презентация

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға - техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:

1. Алгоритм дегеніміз не? (Алгоритм - іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы )

2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз? (сызықтық, тармақталған, циклдік)

3. Алгоритм жазу пішімі қандай?

алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары

соңы

4. Берілген блоктың негізгі әрекеті (Математикалық өрнектерді есептеу)

5. Алгоритмді жазу түрлері:

  • Қарапайым тіл арқылы

  • Түйінді сөздер арқылы

  • Блок-схема арқылы

  • Программалау тілі арқылы

6. Мәліметтерді енгізу және шығару блогы қандай? ( )

7. Программа қандай қызметші сөзден басталады? (Program)

8. Алгоритімді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? ( программалау тілі)

V. Жаңа тақырып түсіндіру

Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық программа жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:

Сызықтық алгоритм дегеніміз- іс әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.

Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады:

  • тақырып жолы

  • сипаттау бөлімі

  • операторлар бөлімі

Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.

Паскаль программалау тілінде

Операторлар

Функция мен процедураларды анықтау операторлары

Басқару операторы

Енгізу-шығару операторы

Меншіктеу операторы

Операторлардың жіктелуі

  • Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.

  • Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

  • Сызықтық программа қарапайым операторлардан тұрады.

Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:

«:=» - меншіктеу операторы;

Read немесе readln -енгізу операторы

Write немесе writeln - шығару операторы

Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:

- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.

- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.

- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.

- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.

- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.

- Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.

Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.

Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.

Есеп 1. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.

program qq;

var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі

begin

read ( a, b ); енгізу операторы

c := a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім

writeln ( c ); шығару операторы

end.

Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру,

Программаны орындау үшін .

Паскаль тілінде программаны тексеру - Ғ9

Программаны орындау - CTRL+F9

Нәтижені алу (көру) - ALT + F5


Есеп 2: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын

  • алгоритмін - 1-қатар

  • блок-схемасын - 2-қатар

  • программасын жазыңдар - 3-қатар

Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b

Алдымен Блок-схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік

IX. Сабақтың қорытындысы

• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

• Құрама операторлар қалай ұйымдастырылады?

• Нәтижені экранға шығарудың қандай жолдарын білесіңдер?

• Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?

• Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?


Х. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, мазмұндау


Күн жады: 4.12

Сыныбы: 9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары

туралы мағлұматтар қалыптастыру.

2.Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды

қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың көрнектілігі: Презентациялық бағдарлама,

программалау бағдарламасы

Сабақтың түрі:Аралас, интерактивті сабақ

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмаларын сұрау.

1.Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі

2. Алгоритм жазу пішімі қандай?

алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары

соңы

3. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)

4. Енгізу операторы / read, readln-енгізу/

5. Шығару операторы / write, writeln- шығару

6. Меншіктеу операторы /айнымалы аты:= өрнек/

7. Программа жазу пішімі қалай?

programпрограмма аты

айнымалалар бөлімі

begin

операторлар бөлімі

end.

  1. Жаңа тақырып.

Екі санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін жазу.

алг ЕСҚ табу

(арг бүт а, в,нәт бүт с)

басы

енгізу а, в

с=а+в

шығару с

cоңы

program ecep;

var a,b,c:integer;

begin

readln (a,b);

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

а=12 ,в=10

деп мәндері берілсе

онда программаны былай жазуға болады

programecep;

var a,b,c:integer;

begin

a:=12;b:=10;

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.

Сыныпты үш топқа бөлу.1 топ «Алгоритм»

2 топ «Блок-схема»

3 топ «Программа»

1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.

Өрнектің мәнін табыңдар a=-2 ,болғанда (a-8)/(2a+5) алгоритмін,блок-схемасын

программасын құрыңыз.

2 тапсырма: /топтар ауысады. 1 топ программа құрады,2 топ алгоритм құрады, 3 топ блок схема құрады/ формуласы бойынша есептеу алгоритмі,блок схемасын , программасын құрыңыз.

3 тапсырма: /1 топ блок схемасын, 2 топ программасын, 3 топ алгоритмін құрады/

Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.

  1. Осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.

"Алгоритм" тобы 1 есеп

"Блок-схема" тобы 2 есеп

"Программа" тобы 3 есеп Жазған тапсырмалары тексеріледі.

  1. Бекіту сұрақтары:

Айнымалы бөлім аталуы?

Алгоритм қасиеттерін атаңыз?

Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Енгізу операторы қалай аталады?

Шығару операторы қалай аталады?

  1. Үйге тапсырма.

№1. Y=(AX+B)-С өрнегінің алгоритмін, блок-схемасын,программасын құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.


Күн жады: 12.01-15.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Шартты көшу операторлары

Сабақтың мақсаты

Мақсаты: Оқушыларды шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру

1. Білімділік: Оқушылар шартты операторлардың жазылу тіртібін білуі керек.

2. Дамытушылық: Оқушылар тармақталған алгоритмдерге программа құруды компьютерде көрсету. Тармақталу операторы, Таңдау операторы, Өту операторларымен практикада көрсету.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрау

оператор дегеніміз не?

меншіктеу оператор дегеніміз не?

Оператор қаншаға міндет атқарады?

Жаңа сабақ

Шартты оператор Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұладың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады. Программа операторлары, негізінен,жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту ).Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады.

Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа - құрама, шартты және қайталау операторларына жіктеледі.

Құрама оператор. Құрама оператор бір- бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды біроператор тәрізді орындалатын етіп біріктеу жолымен ұйымдастырылады. Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы 3.9-суретте көрсетілген.

Құрама оператор тілдің ережесіне сәйкес программаның кез келген жерінде тұра береді де, бір оператор сияқты орындалады.

Begin

1- оператор;

2- оператор;

....................

n-1-оператор;

n-оператор

end.

Мұндағы операторды шектеп тұратын BEGIN(басы), END(соңы) түйінді сөздері операторлық жақшалардеп аталады, BEGIN сөзінің соңына және END сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір «;» қойылмайды. Құрама оператордың ішінде тағы да құрама оператор болуы мүмкін. Мысалы, әріптермен белгіленген операторлар жақшалармен көрсетілгендей ((А,В,С,D), ( K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады:

begin

begin

A операторы

B операторы

C операторы

D операторы

еnd;

begin

K оепраторы

L операторы

M операторы

end;

E операторы

begin

R операторы

S операторы

еnd

end .

Құрама операторлар шартты өту, таңдау және қайталау операторлары құрамында жиі кездеседі.

Шартты оператор. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты операторлар бар, олар: If және case.

паа If шартты операторы. If ( егер ) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

Үй тапсырмасын беру: Шартты операторлар

Бағалау:


Күн жады: 19.01-22.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Шартсыз көшу операторлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шартсыз көшу операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Дамытушылық:Программалау ұғымын дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыны ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйесіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: компьютер, тақта

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ

4.Сабақты қортындылау

5.Үйге тапсырма

Жаңа сабақ

Көшу немесе шарсыз көшу операторы оператордың рет-ретімен орналасуын бұзым, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор Goto (көшу ) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін Label бөлімінде сипатталған белгі атауы жазылады.

Көшу операторының пішімі:

GOTO<���������

�����������������������������������������

�����

����


��������������������������������

�������������������

����������������

����е, онда Goto операторында тек қана осы белгілер ғана пайдаланылады, яғни

Goto 20;

немесе

Goto SUM;

Жалпы дұрыс құрылған программалар ережесі бойынша шарсыз көшу операторын қолданбауғатырысу керек. Ол программаны оқуды, мәтінін түсінуді қиындатады.

Бос оператор. Бос оператор ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын көрсетеді, ол программа блогынан шықпай -ақ, бірнеше жолды орындамай өткізіп жіберіп, блок соңына бірден көшетін кезде пайдаланылады.

Мысалы:

label belgi;

begin

goto belgi; { блок соңына көшу}

belgi: end; {бос оператор белгісі}

Сабақты қортындылау:

Үйге тапсырма:3.4.2 шартты көшу операторы оқу

Бағалау



Күн жады: 26.01-29.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.
Дамытушылық: Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
Міндеттері:
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 - цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do - цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; - цикл тұлғасы.
FOR - ҮШІН, TO - ДЕЙІН, DO - ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN - төмен, TO - дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 - ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары
1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2. Қандай циклдік операторлар бар?
3. FOR операторының жазылу форматы қандай?
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Циклдік алгоритмдерді программалау. Цикл түрлері




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал