7


  • Учителю
  • Информатикадан 9 сыныпқа арналған сабақ жоспар

Информатикадан 9 сыныпқа арналған сабақ жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 9____ Күні __________

сабақ №: 2 сағ.саны.: 1

</ Тақырып: Алгоритм ұымы. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi ұсыну тәсiлдерi

Мақсат: Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.

Міндеттер: Білімділік - Оқушылардың алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық -Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ игеру

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пәнаралық байланыс математика

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5 мин)

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:

алгоритм нақты және анық берілуі қажет; модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек); белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек; бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

кескін түрінде жазу - кеңінен қолданылатын тәсіл. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Алгоритм қасиеттері?

  2. Алгоритмнің формальды орындалуы дегеніміз не?

  3. Алгоритмді жазу тәсілдері?

  4. Блок-схема дегеніміз не?

  5. Қандай блок-схема түрлерін білесіңдер?

  6. Блок-схема құру үшін қандай ережелерді білесің?

Тапсырма . Жұмыс дәптеріңе орында.

x - тің кез келген мәні үшін у = (ах3 + b) / (cx3- d) функциясының блок -схемасын құр.

5)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға алгоритм ұғымы және оның қасиеттері туралы мағлұмат беру. Алгоритмге блок-схема құруды үйрету.

6) Үйге тапсырма § 1.1, 1.3, 1.4, 1,5, бет. 4-16

Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритм қасиеттері. Алгоритм жазу тәсілдері. Алгоритм график түрінде кескінделуі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал