7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файылдары

Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файылдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ жоспары

Күні: 05.12.2014ж.

Топ: 20 топ

Пән: Операциялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыздандыру

Сабақтың тақырыбы: MS-DOS командалық файлы.

Резиденттік командалар. Транзиттік командалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға MS DOS операциялық жүйесі жөнінде білімдерін толықтыру, «Командалық жол» қатарында резидентті және транзитті командаларымен жұмыс жасауды үйрету.


Дамытушылық: Білім алушылардың жалпы жүйелік және каталогтарды басқару командаларын меңгерту арқылы ой-өрісін кеңейтіп қызығушылық қабілеттерін арттыру


Тәрбиелік: Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.

Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, плакат, бейне-баян, слайд, оқу құралдары, сандықша, ребус т.б.


Сабақтың типі: ойын сабақ


Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту технологиясы


Пән аралық байланыс: ана тілі, ағылшын, математика т.б.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Амандасу, білім алушыларды түгендеу;

2) Білім алушылардың назарын сабаққа аудару;

3) Білім алушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды

Әлі ашылар құпиялар сан-қырлы, дей келе ал, енді «Сырлы сандықтың, шексіз сырын ашайық». Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.

Сандықтан

  1. 2 түрлі гүлдерді қалауымызша аламыз. Гүлдің түсіне қарай 2 топқа бөлінеміз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ұстанатын қағида: «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең жоғарғы қасиеті», деген ұлы ақынымыз Ғабиден Мұстафин.


Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы өткен тақырыптағы MS DOS операциялық жүйесі бойынша он сұраққа жауап беру арқылы сырлы сандықтың тапсырмасын орындайық. Әр сұрақтың жауабы ұпай санымен көрсетіледі.

Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз.

(Теңге тиыннан құралады) ....


«Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:


Ойынның сұрақтары:

  1. Бағдарлама дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе және оның түрлері?

  3. Windows операциялық жүйесі дегеніміз не?

  4. MS DOS операциялық жүйесі дегеніміз не?

  5. MS DOS ОЖ тарихы және құрылымы?

  6. Операциялық жүйенің жүктеуіші дегеніміз не?

  7. Файлдар дегеніміз не? Қалай жазылады?

  8. Каталогтар дегеніміз не? Қалай жазылады?

  9. Утилиттер дегеніміз не?

  10. BIOS модулі дегенміз?

(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)


ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

«СТОП КАДР».

Жаттығудың сипаттамасы:

Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте - стоп-кадрдың топқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын топқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді».


VI. Жаңа тақырып тапсырмасы мақсатымен орындалу жолымен таныстырылады.

Оқушы нені білуі тиіс:

  • Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметін;

  • Командалардың жіктелуін;

  • Резидентті (ішкі) командалар қызметін;

  • Транзитті (сыртқы) командалар қызметін;


Оқушы нені орындай алуы тиіс:

  • Резидентті (ішкі) командаларды қолдану;

  • Транзитті (сыртқы) командалармен жұмыс;

  • Файлдармен және каталогтармен жұмыс атқаратын командалармен жұмыс;


«Білімді мыңды жығар»

V. Жаңа сабақты түсіндіру: (Интерактивті тақтада жаңа cабақ түсіндіріледі.)

(Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз).


Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды





MS - DOS ОЖ командалық файлдары


(e-learning бағдарламасындағы электрондық оқулықты пайдалана отырып сабақты түсіндіру).

MS - DOS -тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады.

Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.

Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек.

Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.

Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.

Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.

1. DIR командасы - каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.

Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.

Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.

Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.

Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана шығады.

2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы:

C:\md student - C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу.

3. RD (Remowe Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы:

C:\STUDENT\ BASIC > rd tecno2 - STUDENT каталогтың ішіндегі екінші дәрежелі BASIC каталогын жою.

4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «..», «\» арқылы іске асады.

Файлдармен жұмыс істейтін командалар:

Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т.с.с. командалар жатады.

1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай етпен көшірілетіні көрсетіледі.

Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (*және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,

C:\> copy_a:\*.*_c:-A: дискісіндегі барлық файлдарда С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру.

2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,

C:\>ren_port.txt- dora.txt - PORT.TXT атты файлда DORA.TXT деген атқа ауыстыру.

3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы.

4. TYPE командасы - мәтінен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.

C:\>type_program.txt- PROGRAM.TXT файлының мазмұынын экранға шығару.

5. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.

Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелермен DATE_MM_DD_YY командаларын теру керек, мұндағы ММ-ай нөмірі (1-12), DD - күн саны (1-31), YY - жылы.

6. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдынғыға - date командасына ұқсас.

7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MSDOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтарын іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады. Ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, мысалы:

path c:\, c:\ dos; c;\nc, c;\Windows; d: \utilit; d:\my; d:\text.

8. CLS (Clean Screen - экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру жолын экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Бұл команда cls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter пернесін басылады.




«Ой тастау»

VІ. Жаңа сабаққа қорыту

«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»- дей келе әр команданың қызметімен танысып, яғни әр топтан, 4-5 оқушы компьютерде командаларды қолданып «Командалық жолда» каталог құрып тәжірибе жұмысын көрсетеді. 3 оқушы Ребус шешіп, жауабына мағлұмат береді. Қалған оқушылар постерге тақырып бойынша сабақтас әрекеттер сызбасын көрсетеді. Қай топ жұмыстарын бірінші аяқтаса тақтаға шығып түсіндіреді.

  1. САБАҚТАС ӘРЕКЕТТЕРДІҢ СЫЗБАСЫ

Міндеті

  • Әрекеттердің сабақтастығын талдау немесе көрсету

  • Жобаларды жоспарлау.


Элементтері

  • Тікбұрыштар.

  • Сол тікбұрыштарда белгіленген әрекеттердің атауы

  • Әрекеттердің жасалу бағытын белгілейтін нұсқамалар.

Сергіту сәті. Оқушыларға көз жаттығуы жасалады. («Компьютер» әуені қосылады)

Көзге арналған жаттығулар: (Әуен қосылады_)

Көздерді оңға - солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып - жұму;

Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.

1 жаттығу

Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секуд тұруымыз қажет.

2 жаттығу

Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3 жаттығу

Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

4 жаттығу

Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз

5 жаттығу

Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.

6 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд алға қара, содан назарыңды оң жақ қолыңның сұқ саусағына қара, ол мұрын алдында 25-30см жерде, 3-5 секундтан соң қолыңды жібер.


7 жаттығу

Отырып жасаймыз. 2-3 секунд сол қолыңның сұқ саусағын алдыға созып қара, содан қолыңды бүгіп мұрныңа жақындат.


8 жаттығу

Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

VІІ. Сабақты бекіту. Электрондық тест. Студенттер тақтадан тест шешіп, жауабын параққа жазып екі топ бір - біріне тексертеді.


Білім алушыларды бағалау


Рефлекция

І.Психологиялық дайындық. Бүгінгі ұрпақ тарихы кезеңінде өмір сүріп, ұлттық елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған үрпақ. Яғни,

«Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар.


1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір - біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, өмірімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).


Тақтаға 3 смайл ілінеді. Өз гүлдерімізді бүгінгі сабақтан алған көңіл- күйіміз бейнеленген смайлдың жанына ілеміз.


VІІІ. Үйге тапсырма: Н.Ермеков-2008 «Фолиант» баспасы.

«Операциялық жүйелер» Каталогтерді салыстыру -34 бет

Бақылау сұрақтары

  1. Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?

  2. Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?

  3. Каталогтің мазмұнын көру командасы?

  4. Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?

  5. Каталогті жою командасы?

  6. Жаңа уақыт енгізу командасы?

  7. Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?


Рефлекция

І.Психологиялық дайындық. Бүгінгі ұрпақ тарихы кезеңінде өмір сүріп, ұлттық елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған үрпақ. Яғни,

«Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар.


1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір - біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, өмірімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).


Тақтаға 3 смайл ілінеді. Өз гүлдерімізді бүгінгі сабақтан алған көңіл- күйіміз бейнеленген смайлдың жанына ілеміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал