- Учителю
- Сабақтың тақырыбы Алгоритм түрлері
Сабақтың тақырыбы Алгоритм түрлері
Астана қаласы
№ 8 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі
Хасенова Алия Амангельдиновна
Сабақ
Сабақтың тақырыбы
Алгоритм түрлері
мақсаты
Алгоритм түрлерімен танысады,тармақталған алгоритмді құруды үйренеді;
Міндеттері
-
Тармақталу алгоритмін құруды біледі;
Сабақ түрі:
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:
7 модуль
ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
Күтілетін нәтиже
Тармақталған және сызықтық құрылысты алгоритм блок -сызбасын құруды біледі;
Көрнекілік
ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5 мин
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с
Гүл арқылы сыныпты жұп - жұппен бөлу.
Тұсаукесер
Уақыты: 5 мин
Миға шабуыл. «Аңшы» ойыны
Слайд арқылы әр түрлі аңдардың суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған аңдарын таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм құрылу жолдарын ата?
Негізгі бөлім
Уақыты:25 мин
Жаңа сабақ туралы түсінік
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар
қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар
Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми ( 763 - 850 ж. ж) есімінің латынша
Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан.
Алгоритм дегеніміз - іс әрекеттің рет - ретімен орындалуы.
Алгоритмнің атқарушылары:
Адам
Автоматты құрылғы
Компьютер
Робот
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген
барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек.
Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп
шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі
нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге
бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу
мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже
берет</</u>індей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан
кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі
жеке - жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі - үш
бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі
қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез - келген алгоритмнің нәтижесі
болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта
қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда
белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес
мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы
қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы
оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ
алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын
талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу
керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері
қабылданған:
Табиғи тіл
Алгоритмдік тіл
Программалау тілі
Блок - схема
Мысалы, у=2x -(х+8) өрнегін алгоритм жазылу түрлерін де жаз.
табиғи тілде:
а және х мәндерін енгізіңіз.
х және 6 - ны қосу.
x на 2 - ге көбейту.
2x - дан (х+8) қосындысын азайту.
Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у - ті шығару.
Алгоритм тілінде
алг у=2x -(х+8) өрнегін орындау
Арг х, м1, м2
Нәт у
басы
м1:=х+8
м2:=2*x
у:=м1 - м2
соңы
Программалау тілінде:
Program №1;
Var x: integer;
Begin
Writeln('х енгіз');
Readln (a, x);
y:=2*x -(x+8);
Writeln('y=', y);
End.
Блок - схемасы
Қорытынды
Уақыты: 6 мин
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин
Үйге: тақырыпты оқу.
Бағалау
Уақыты: 2 мин
Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.