7


  • Учителю
  • 'Таңдау командасы' тақырыбындағы 9 сыныпқа өткізілген ашық сабақ

'Таңдау командасы' тақырыбындағы 9 сыныпқа өткізілген ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Шартты көшу операторлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Turbo Pascal программалау тілі арқылы оқушылардың есеп құру жүйесін, шешу дағдыларын қалыптастыру, таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру;

Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, дүниетанымын кеңейту, ақпараттық мәдениетін арттыру, программалау ұғымын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік - оқушыларды жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа және ойлау, жоспарлауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды хабарлау;

Сабақтың әдісі: оқу ақпараттарын алгоритмдеу,

модельдеу, талдау, машық жұмысы;

Сабақтың дидактикалық көрнекілігі: Turbo Pascal

программасы, презентация;

Сабақтың техникалық көрнекілігі: компьютер,

видеопроектр

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, тарих;

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

4. Жаңа материалды түсіндіру

5. Сергіту сәті

6. Жаңа білімді бекіту

7. Оқушыларды бағалау.

8. Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру бөлімі. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

2. Үй тапсырмасын тексеру. (5мин)

Үй жұмысын тексеру.

3. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Өткен сабақта екі жағдайдың бірін шарт тексеру арқылы таңдап алдық. Егер шартқа байланысты көптеген таңдаулар жасау қажет болса қайтеміз?

Мысалы апта күні қалай аталатынын анықтау үшін бір шартты жеті рет тексеру қажет болады.

Ондай жағдайда Таңдау командасы қолданылады.

4. Жаңа материалды түсіндіру

Таңдау командасының жалпы жазылуы

case шарт of

1-шарт: 1-серия;

2-шарт: 2-серия;

...

n-шарт: n-серия;

else n+1 -серия;

end;

Мысал1: айдың номері бойынга сәйкес жыл уақытын анықтау программасын құрыңдар.

program M1;

var n:byte;

begin

readln

case n of

1,2,12:writeln('қыс');

3..5: writeln('көктем');

6..8: writeln('жаз');

9..11: writeln('күз');

end; end.

Мысалы: Ертегідегі "Оңға жүрсең - атыңнан айырыласың, солға жүрсең - ажал табасың, түзу жүрсең - дос табасың" әрекеттерін таңдау жасау программасын құрыңдар. (кітаптаңы 17 мысал)

5. Сергіту сәті. (төмендегі сөздер экранда кезекпен кезек шығады, оқушылар жауапты кезекпен кезек оқып береді. Бұл таңдау алгоритімі)

Тәуелсіздік бізге не үшін қымбат?

1. Ол бізге қымбат - ата-бабаның рухын көтергені үшін!

2. Ол бізге қымбат - сөнген мемлекетіміздің отын маздатып, жандырғаны үшін!

3. Ол бізге қымбат - ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, тілімізді, қаз-қаз тұрғызып, "қазақ" деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін!

4. Ол бізге қымбат - елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға қосып, ендіргені үшін!

6. Жаңа білімді бекіту кітаптағы 47 бет №6, №7 есепті шығарамыз

7. Оқушыларды бағалау. (5мин)

8. Үйге тапсырма (3мин) 1 есеп - "тауелсіздік": төмендегі санды енгізгенде экранда қасындағы сөздердің шығу программасын құрыңдар:

1990-Егемендік туралы декларацияға қол қойған жыл

1991-ҚР тауелсіздік алған жыл

1992- Рәміздер бекітілді

1993- Тенге шықты

1994-Мусабаев ғарышқа ұшты

1995-Ата заң қабылданды

program tayelsiz;

var k:integer;

begin

read(k);

case k of

1990: writeln('Egemendik tyrali delaraciaga kol koigan gil');

1991: writeln('KR tayelsizdik algan gil');

1992: writeln('Ramizder bekitildi');

1993: writeln('tenge shikti');

1994: writeln('Mysabaev garshka yshti');

1995: writeln('Ata zan kabildandi');

else writeln ('dyrs san engiz');

end;

end.


Таңдау командасы (Ермеков),

сұрақтар мен тапсырмалар №9 есеп. 48 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал