7


  • Учителю
  • Конспект по информатики на тему 'Өрнектер' (7 класс)

Конспект по информатики на тему 'Өрнектер' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2015 ж ___________________


Пән аты: Информатика

Сыныбы 7 «А», «Б»


Сабақтың тақырыбы: Өрнектер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға әртүрлі өрнектерді қолданып, программа құруды үйрету. Логикалық ойлау, есте сақтау, зерделік қабілеттерді және программалау ортасында жұмыс жасау жағдыларын жетілдіруге ықпал ету.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма: Оператор жазылуындағы қателерді тауып, оларды түзет

  1. Write ©; -оператор пішіміне сәйкес емес.

  2. Writeln; - дұрыс жазу

  3. Writeln(кез келген санды енгіз); -жақша ішіндегі фраза апострофқа алынуы керек

  4. Write x, y; - жақшалар жетіспейді.

  5. WEITELN ('жексенбі, демалыс күні'); - дұрыс жазу.


2-тапсырма: Бос орынға операторлар атауын жаз

______________________ және _______________________ операторларын орындалуындағы айырмашылығы мынада: енгізілу орындалғаннан кейін_______________________________ операторы бойынша меңзер жолдың басына ауыстырылады, ал ________________________ операторында бұл орындалмайды.

Экранды тазалауды және таза экранда программаны орындауды _______________________ сөзінен кейін _________________________________ стандартты әркетінен соң бастау керек.


3-тапсырма: Текст жұмысы

  1. Экранда программаның орындалу нәтижесін ұстап тұру үшін:

  1. Бос шығару операторын қолданады

  2. Бос енгізу операторын қолданады

  3. Бос меншіктеу операторын қолданады

  4. Программаның соңында END жазбайды

  1. Программаны орындау үдерісі кезінде меңзерді жаңа жолға ауыстыру үшін программада ... қолданылады:

  1. Read бос енгізу операторын

  2. Write бос шығару операторын

  3. Readln бос енгізу операторын

  4. Writeln шығару операторын

  1. Программаны Read операторымен орындау үдерісі кезінде пернетақтадан бірнеше мәтін енгізу ... прқылы жүргізіледі.

  1. Бос орын

  2. Үтір

  3. Нүктелі үтір

  4. Енгізу пернесі

  1. Меңзерді жаңа жолдың басына апармай тұрып, мәліметтерді шығару үшін қолданылатын операторды көрсетіңдер.

  1. Read

  2. Write

  3. Writeln

  4. Readln

  1. Мәліметтерді шығару және меңзерді жаңа жолдың басына апару үшін қандай операторларды қолданамыз?

  1. Read

  2. Write

  3. Writeln

  4. Readln

  1. Enter пернесі бірнеше мәнді енгізуді ұйымдастыратын операторды көрсетіңдер:

  1. Read

  2. Write

  3. Writeln

  4. Readln

  1. Экранды тазалау операторын көрсетіңдер:

  1. Read

  2. Write

  3. Writeln

  4. Readln

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өрнек-бір мәнді есептеу әдісін анықтайтын тілдің синтаксистік бірлігі.

Өрнек константтарды, айнымалыларды, белгілерді қолданатын функцияларды және дөңгелек жақшаларды пайдалану арқылы құрастырылады.

Қосу, көбейту, азайту және юөлу арифметикалық амалдарынан басқа өрнектерді div және mod амалдарын қолдануға болады;

div-бүтін сандарды бөлу, былай жазылады: 7 div 3; орындалу нәтижесі 2 саны алынады:

mod- бүтін санды бөлуден қалған қалдықты алу, былай жазылады: 7 mod 3; орындалу нәтижесінде 1 саны алынады;

Әртүрлі типтегі мәндерді өрнектерде қолдану

Өрнек типі оған кіретін шамалар типімен және сонымен бірге, орындалатын амалдарымен анықталады.

Қосу, көбейту, азайту және бөлу амалдары үшін нәтиже типі операнд типіне байланысты болады.

1 операнд

2 операнд

3 операнд

Integer

Integer

Integer

Integer

Real

Real

Real

Integer

Real

Real

Real

Real

Бөлу амалында нәтиже типі операнд типіне тәуелділігі анықталған.

1 операнд

2 операнд

3 операнд

Integer

Integer

Real

Integer

Real

Real

Real

Integer

Real

Real

Real

RealМысалы, с:=a/b өрнегінде мәліметтер типін анықтағанда a:real; b:integer c айнымалысының мәліметтер типін real деп жариялау керек.


Арифметикалық өрнекті жазу ережесі

Pascal-да арифметикалық өрнекті жазу қарапайым математикалық жазбаға ұқсас. Pascal-да арифметикалық әркеттердің барлық белгілері міндетті түрде қойылады: 2*А

Мысалы, математикалық өрнек: 3(А2+В)-10

Pascal-да былай жазылады: 3*(А*А+В)-10

Амалдардың орындалу тізбегі олардың басылымлылығына байланысты анықталады. Жоғары басылымдылққа: div, mod, /,* жатқызуға болады. Қосу және азайту амалдары кіші болып табылады. Ең алдымен жоғарғы амалдар орындалады. Атарымен жазылған үлкен бірдей амалдар жазылу ретімен орындалады: солдан оңға қарай.

Дөңгелек жақшаға әдетте математикалық жай бөлшектер түрінде жазылатын бөлшек өрнектердің алымы мен бөлімі орналасады.

Мысалы, математикалық өрнек:

Былай жазылады:

2*а/(3+5*а+а


Егер жақша алынған бірнеше жұп бар болса, онда алдымен ішкі жақшадағы амалдар орындалады.

Түйін

  • Өрнек- бір мәнді есептеу әдісін анықтайтын тілдің синтаксистік бірлігі.

  • div-бүтін сандарды бөлу, былай жазылады: 7 div 3; орындалу нәтижесі 2 саны алынады:

  • mod- бүтін санды бөлуден қалған қалдықты алу, былай жазылады: 7 mod 3; орындалу нәтижесінде 1 саны алынады;

  • Өрнек типі оған кіретін шамалар типімен және сонымен бірге, орындалатын амалдарымен анықталады.

  • Амалдардың орындалу тізбегі олардың басылымлылығына байланысты анықталады. Жоғары басылымдылққа: div, mod, /,* жатқызуға болады.

  • Егер жақша алынған бірнеше жұп бар болса, онда алдымен ішкі жақшадағы амалдар орындалады.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

1-тапсырма:

Шабдалы компотын дайындау үшін қант, шабдалы және 1:1:3 қатынасында су алынады. Р кг компот дайындау үшін әр өнімнен қанша кг-нан алу қажет?


2-тапсырма: Өрнектегі қателерді тап.

Математикалық жазу

Программалау тіліндегі өрнек

Дұрыс жазу

(a*a+15)/20-b+3a



3*a+2b+15(a/2(b+5)

Үйге тапсырма:

§11 «Өрнектер» тақырыптарын оқып келу. 73-76 беттер.

V . Қорытындылау:

  1. «Өрнек» терминіне анықтама беріңдер?

  2. Өрнек қалай құрылады?

  3. Өрнектердің типі қалай анықталады?программалау тіліндегі бөлшек өрнектер қалай жазылады?

VІ. Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал