7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді жоспар қазақша 'Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу'

Қысқа мерзімді жоспар қазақша 'Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы

Іле ауданы Әли ауылы

Т. Қатаев атындағы

«№22 орта мектеп» МКМ

информатика пәнінің мұғалімі

Дильманова Үміт Мейрамбекқызы


Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Сілтеме

  1. 7 - сынып оқулығы

  2. Тақырыптық презентация

Мақсаты

Word мәтіндік процессорында графикалық объектілер мен көркем жазуларды кірістіруді, суреттер мен жазуларды пішімдеуді практика жүзінде үйрену.

Күтілетін нәтиже

Word мәтіндік процессорында графикалық объектілер мен көркем жазуды кірістіруді, өңдеуді, бағытын ауыстыруды, автофигураның көмегімен сурет құрастыруды, оған мәтін енгізуді үйренеді. Мәтінге сурет қоюдың әдістерін және жазуларды пішімдеуді меңгереді.

Ресурстар

Интербелсенді тақта, компьютерлер, презентация, бағалау парағы, бақыт ағашы, үздік кітапшалар бағы, хан тағы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері

Әдіс - тәсілдері

«Неліктен бұл үздік» әдісі, «Адасқан әріптер» әдісі, Мағынаны тану, «Синквейн» әдісі, «Бес саусақ» әдісі. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқыту модулі

Оқыту мен оқудағы АКТ, СТО, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау.



Сабақтың кезеңдері (тапсырмалар)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтас-тық қалыптастыру

1.«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы. Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау. Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

2. Джигсо стратегиясы арқылы топқа бөлу

  1. Шеңбер құрып, әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...».


2. Джигсо стратегиясы бойынша А,В,С болып, 3 топқа бөлінеді. Топ ішінде рөлдерге бөлінеді.

Хан тағы


Үй тапсырмасы: «Менің шағын кітапшам».

«Хан тағы» әдісі арқылы үздік кітапшаны анықтау. «Неліктен бұл үздік?» сұрағына жауап беру.

Оқушылар шығарған кітапшаларын таныстырады. Топтар бір-бірін бағалайды. Неліктен «үздік» деп тапқанын анықтайды. Үздік кітапша иесі хан тағына отырып, оқушыларға сұрақ қояды.

«Адасқан әріптер» арқылы миға шабуыл


Адасқан әріптер арқылы жаңа тақырыпты анықтау

1.рагфиак- графика
2. утрес-сурет
3. мкерөк уажз - көркем жазу

Жаңа тақырып мақсатын айқындау

Адасқан әріптердің орнын тауып сөзді анықтайды. Жаңа тақырыпты ашады. Сабақ мақсатын айқындайды.

Мағынаны тану


Топтарға тақырып бөлініп беріледі.Тақырыпқа Power Point программасында презентация жасау немесе интербелсенді тақтада түсіндіру тапсырмасы беріледі.

Тақырыпты оқып, негізгі мәліметтерді дәптерге жазып алады. Тақырыпшаны талқылайды. Презентация жасайды немесе интербелсенді тақтада түсіндіруге дайындалады. Баяндамашы түсіндіреді. Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілекпен бағалайды. Әр топ бір сұрақтан қояды.

«Кім жылдам?»

тапсырмасы


«Word мәтіндік процессоры» атауымен рефераттың бірінші бетін жасау.


«Word мәтіндік процессоры» атауымен рефераттың бірінші бетін жасайды.

Жеке жұмыс орындалады.

Сергіту


Жаттығу

Оқушыларға интербелсенді тақтадан қауіпсіздік ережесін сақтау негізінде шағын бейне-ролик көрсетіледі.

Оқушылар бейне-роликтерді көру арқылы дене, көз жаттығуларын жасайды.

Жарнама


Автофигураның көмегімен сурет құрастыру тапсырмасы беріледі. Сурет құрастыруға 4 минут. Қорғауға 2 минут уақыт беріледі.

Топтар ұяшық таңдайды. Онда «ақылды көлік», «робот», «соңғы үлгідегі компьютер» тапсырмасы беріледі. Берілген тапсырмаға автофигураны қолдану арқылы сурет құрастырып, жарнама жасайды.

Синквейн құру


Топтық жұмыс

«Синквейн» құру тапсырмасы беріледі.

Топпен кеңесе отырып, 5 жолды өлең құрастырады. Топ ішінде бағалау іске асады.

Бағалау


Бағалаудың іске асуын бақылайды.

3 ұпайлық жүйемен бағалау іске асады.

13-15 ұпай «5»,

12-10 ұпай «4»,

9-7 ұпай «3»,

6-дан төмен «2» деген баға қойылады.

Оқушылар сабақ кезеңдері бойынша бір-бірін бағалайды. Жинаған ұпайларын жазып, соңында есептейді. Берілген шкала бойынша баға қояды.

Үйге тапсырма


«Менің елім - халықтар достығы жарасқан ел» тақырыбына шығарма жазу және суреттер кірістіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

Кері байланыс


«Бес саусақ» әдісі арқылы

  1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

  2. Не қиын болды?

  3. Маған сабақта не ұнады?

  4. Маған бүгінгі сабақта не көмектесті?

  5. Бүгінгі көңіл күйің?

Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады. Кері байланысты жапсырма қағазға жазып, бақыт ағашына жапсырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал