- Учителю
- Информатикадан 10 сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
Информатикадан 10 сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
Информатикадан
10 сыныпқа арналған
таңдау курсының бағдарламасы
Құрастырған: Информатика пәні мұғалімі:
Жиенбекова Қаракөз Есіркепқызы
№75 мектеп-гиманзиясы
Шымкент қаласы Қ.Қазиев көшесі н/з
karakoz.j00@mail.ru
дом.тел: 8(7252) 28-32-07
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Тез дамып келе жатқан қоғамның қай саласына болмасын, нәтижелі жұмыс көрсете алатын, жаңа типті маман керек. Қазіргі заман талабы мамандарға нарық еңбегін құрайды. Болашақ маманның құндылығы - оның өз бетінше дұрыс жауапты шешім қабылдауға қабілетті, бірігіп топпен жұмыс істеуі, алдына қойған мақсатының нәтижелі жетістіктерін көру, қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі, білім шыңын игеруге талаптануы. Қазіргі мектеп бітірушілер өз білімін жалғастыруда болашақ мүмкіншілігін бағыттай алмауы, ол мемлекет дамуының экономикалық, технологиялық және қорғаныс потенциалы мен болашақ кәсіби іс-әрекетінің қарым - қатынасының жоқтығында. Бұл жағдайдан шығудың бірден - бір жолы жоғарғы сынып оқушыларына болашақ кәсіби әрекет саласына бағдарлау, мектеп жұмыстарына маңызды өзгерістерді енгізу болып табылады.
Оқытудың негізі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін - өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу - танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды. Курс аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.
Мақсаты:
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзыреттілігін қалыптастыру және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін одан әрі жалғастыруға даярлау.
Міндеттері:
- Ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия, ақпарат) бірі болып есептелетінін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- Қоршаған ортаны жаңа - ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
- Оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілеттерін арттыру;
- Ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту;
- Формалдау, модельдеу, компьютерлік тәжірибе және т.б. ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
- Графикалық бейнелердің айырмашылығын ажырата білуді;
- анимация және мультипликацияларды ұйымдастыру негіздерін;
- презентация жасау ережелерін;
- Басып шығару публикациясын құру және өзгерте білуді ;
- Файлдарды жазу және монтаждауды;
- Web - беттерін құру тұжырымдамасын, оны жасап,безендіруді
Курс мазмұны:
Кез келген бағдарламаны еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруды және компакт дискілер немесе драйверлер арқылы қолданбалы бағдарламаларды өз беттерінше орнатуды қамтиды.
Power Point бағдарламасында слайд-фильм құру. MS Publisher бағдарламасымен макет құру, маркетингтік материалдарды жасау, басып шығару және жаңа нысанды туралау технологиясы мен жаңа фотосурет орналастыру мен басқару құралдарын тиімді пайдалану.
Adove Photoshop бағдарламасында суреттерді, мәтіндерді өзгертуді, түрлендіруді, түстер палитрасымен жұмыс істеуді, суреттерді еңгізуді және шығаруды, контурларын ерекшелеуді, түс тандауды, сурет фильтрін тандауды, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуді, суреттерді басып шығаруды меңгерту.
Windows Movie Maker бағдарламасында фильмді жасау және монтаждау. WEB бет құру дизайні. Гипертекст, гиперссылка. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау үшін Web-дизайн ережелерін және негіздерін білу.
Кәсіптік бағдары: компьютерлік дизайн, web - дизайн, жүйелік программалаушы, администратор, секретарь-референт
Пән аралық байланыс: экология, қазақ әдебиеті,бейнелеу,ағылшын,өнер
Білімді меңгеру дейгейлерінің мазмұны, әдіс - тәсілдері, түрі,
құралдармен өзара байланысы
Кезең
Әр кезеңдегі оқытудың шағын мақсаттары
Әр кезеңдерде қолданылатын әдіс - тәсілдер
Ұйымдастыру түрі
Әр кезеңде пайдаланылатын құралдар
І
MS Office-тік программаларды еркін меңгеріп игерген, кез келген электрондық, дидактикалық макет материалдар дайындай алуға үйрету
Шығармашылық жұмыс
Сайыс сабақ
Талдау, жинақтау
Жекеше
Топтық
Жұптық
Жұмыс папкасы
Оқулық
Анықтама-лар
ІІ
Windows Movie Maker бағдарламасының мүмкіндік терін қолданып, шығармашылық потенциалын дамытуға, өз бетімен танымдық және эксперименттік - зерттеушілік қызметін меңгереді
Практикалық әдіс
(сарамандық және практикалық)
Жекеше
Топтық
Жұптық
Фотосурет
Бейнеклиптер
Әуендер
ІІІ
Ақпаратты тарату және қолдана білу арқылы әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру, жеке сайттарын құра білуге үйрету
Сұрақ - жауап
Эвристикалық әдіс
Жекеше
Топтық
Жұптық
Электрон-дық сайттар адрестері
Үйретуші программалар
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1. Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,
А.Б. Дәулетқұлов Алматы - 2004
2. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова,
Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев
3. Web- беттерін құру негіздері М.А.Ғалымжанова Атырау - 2006
4. Интернет сайттары :
www. mail.ru
www. rambler.kz
10 сынып таңдау курсы
№
Тақырып
Сағат саны
Мерзімі
Әдіс-тәсілі
1
Бағдарламамен қамтамасыз ету. Компакт дискіден бағдарламаны іске қосу, орнату
1
Сұрақ - жауап
Талдау, жинақтау
2
Графиктік деректер туралы жалпы мағлұмат. Үлгітүр және дизайн.
1
3
Power Point бағдарламасы слайд құру.
1
Сайыс сабақ
«Көрнекті жарнама»
байқау өткізу
Шығармашы -лық сабақ
4
Презентация жасау, безендіру жолдары, демонстрациялау
1
5
Автомазмұн шебері көмегімен презентация жасау
1
6
Үлгітүр көмегімен жұмыс жасау
1
7-8
Шығармашылық жұмыс
2
9
MS Publisher бағдарламасымен жұмыс, параметрлері, макеті
1
Сұрақ-жауап
« Шебер дизайнер» байқау өткізу
Шығармашылық сабақ
10-11
Басып шығару публикациясы
2
12
Бос публикация
1
13-14
Шығармашылық жұмыс
2
15
Adove Photoshop бағдарлама сымен танысу
1
Сұрақ-жауап
« Ең әдемі коллаж» байқау өткізу
Шығармашы-лық сабақ
16
Бейнелерге сурет салу, редак-у
1
17
Мәтінмен жұмыс жасау негіздері
1
18
Фотолармен жүргізілетін тәжірибелер
1
19-20
Шығармашылық жұмыс
2
21
Windows Movie Maker бағдарламасы
1
Сұрақ-жауап
«Үздік ролик» байқау өткізу
Шығармашы-лық сабақ
22-23
Фильммен орындалатын операция
2
24
Фильмді монтаждау
1
25-26
Шығармашылық жұмыс
2
27
Web бағдарламасы, тораптар құру, дизайн
1
Ізденіс
Саяхат сабақ
«Мазмұнды торап» байқау өткізу
Эвристикалық
(проблемалық)
28
Гипертекст, гиперссылка
1
29
Үлгітүр көмегімен торап құру
1
30
Шебер көмегімен торап құру
1
31
FTP протоколы бойынша торапты серверде жариялау
1
32-33
Шығармашылық жұмыс
2
34
Қайталау
1
Талдау, жинақтау
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары Алматы - 2002
2. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал) Алматы - 2004
3. Как работать с MSOffice2000 . Корпарация Microsoft
4. Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,
А.Б. Дәулетқұлов Алматы - 2004
5. Информатика негіздері № 1 - 6 2005 жыл
6.100% самоучитель Windows ( Все версии от 98 до ХР ) Гаевский А.Ю.
7. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова,
Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев
8. сайты