7


  • Учителю
  • Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде

тиімді пайдалану

Мұғалім теориялық тұрғыдан өз білімін жетілдіріп, дамытып қана қоймай, оны іс жүзінде іске асырып, оқушыға меңгертіп, оқушы сол алған білімін қоғамда өз қажетіне жарата алатындай, шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі қажет. Оқу мен тарбие егіз ұғым болғандықтан,бұл туралы Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиелдегі мақсат-баланы тәрбиешініңі дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деген даналық сөзін айтсақ та жеткілікті. Себебі кез келген тақырыпты менгерген оқушы сол тақырыпты менгеріп қана қоймай, оны кез келген істе қай салада болмасын тиімді пайдалана білуі керек. Мысалы, инфарматиканы оқып, компьютердің мүмкіндігін жай біліп қана қоймай, енді оны өз білімін жетілдіруде, басқа пәндерді меңгеруде, шығармашылықпен айналысуда тиімді пайдалана алуы қажет. Яғни құзыреттілік - адамның білімін, дағдыларына және сыртқы ресурстарын нақты өмірде тиімді пайдалана білуі, кез келген жағдайда шешім қабылдай алуы десек, оқушы құзыреттілігін арттыруымыз қажет. Тек компьютерге байланысты қауіпсіз және гегиеналық талаптарды естен шығармай жұмыс режимін дұрыс сақтауды алғаш күнен бастап әдетке айналдыруы маңызды. Қәзір кез келген мектепте интернетпен байланыс бар. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, ақпарат тасқынан өзіне қажеттісін ала білу,тиімді жұмыс істеуге баулу біздің міндетіміз.

Оқушы интернеттен бір тақырыптағы мәліметті іздегенде тек дайынды көшіріп ала салмай, салыстырмалы түрде жұмыс істеп үйреніп, көп ізденіп, әлемнің басқа мемлекеттерінде осы тақырыпта қандай жаңалықтар бар екенін, олар осы тақырыпта қазір қандай мәселемен шұғылданып жатыр деген оймен жұмыс істесе, оқушы шығармашылығы артып, білім кеңейіп, жан-жақты жұмыс жүргізуге үйренеді. Осы мақсатта қазіргі ақпараттық техналогиялардың тиімділігі өте зор. Мысалы оқушы өзіне қажетті тақырыпты ағылшын тілінде алаттын болса, оны «компьютерлік аудармашының» көмегіне жүгініп аударып, орыс және қазақ тілінде тектес тақырыптағы мәліметтерді де алып,салыстыра келе ой қорытуына болады. Бұл ретте жұмыс істеу оқушыға ақпараттық техналогияларды тиімді пайдаланып, білімін кеңейте түсуге,сонымен қоса үстірт жұмыс істеуден құтқарып, шығармашылықпен ізденуге, өз бетімен білім жетілдіруге тәрбиелейді. Оқушы дайынды көшіре салу, немесе интернеттке кіріп босқа уақыт өткізгенен гөрі тиімді іспен айналысуға жаттығып, оның маңыздылығын түсінеді. Себебі кез келген тақырыптағы жаңалық адамды бей-жай қалдырмайды, өз әлеміне тартып жетелейді. Бұл әдісті тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақыттарда да кеңінен қолдануға болады.

Қандай жаңа технология болса да, үйретуші мен үйренушінің ізденісінсіз, экспериментсізжеке дара ешқандай нәтиже бере алмайтыны белгілі. Жақсы нәтижеге жету осылармен қоса, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен оқушылардың қызығушылығын ескере келе, жаңа технологиялар мүмкіндігін пайдалана отырып оқушыға тиімді деген жақтарын теориялық және практикалық өзектілігін табуға көмектесу-мұғалімнің негізгі міндеті.

Оқыту үрдесінде ақпараттық және педагогикалық техналогиаларды тиімді пайдалану үшін оқыту жүйесін дамытатын, жетілдіретін интеграцияланған (кіріктірілген) интеративті сабақтар қажет. Төменде осы мақсатты басшылыққа ала отырып өткізген бір сабағымның жоспарын назарарыңызға ұсынып отырын. Сабақ барысы дұрыс ұйымдастырылса-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Сондықтан мұғалім-баланың бойындағы инфарматика пәніне деген қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжыуына жағдай туғызып, білімін дамыта түсуіне жағдай туғыза білуі маңызды.

Сабақтаң тақырыбы: Презентация және Power point тақырыбын қорытындылау.

Мақсаты: Презентация жасау тақырыбын қорытындылау. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Пәнаралық байланысты нығайту. Жаңа ақпараттық және педагогикалық техналогияны тиімді пайдалану, құзыреттілігін артытыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген интеративті сабақ.

Қолданылатын әдіс тәсілі: Топпен және жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекті құралдар: ДК, ғаламтор, слайдтар, флипчарттар, электронды оқулық, интерактивті тақта, проектор.

Сабақтың барысы: І.Үй тапсырмасы.

Отырған орны бойынша сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп, компьютердің пайдасы, компьютердің зиянды туралы өз ойларын айтады... Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша презентация әзірлеп, қорғайды. (Қатынасып отырған мұғалімдерден әділқазылар сайланып, екі топтың жұмыстарын қорытындысын сабақ соңында шығарып,жеңімпаз топты анықтайды.)

ІІ бөлім. Сөзөнері. Жұмбақты шешіп, жауабын орыс және ағылшын тіліне аудару . алдын ала дайындалған инфарматика ғылымына байланысты жұмбақтар флипчартта безендіріп жазылған. Осы 10 жұмбақты шешіп, жауабын орыс және ағылғын тіліне аудару керек. Әр тілдегі аудармасына қосымша ұпай қосылады.

ІІІ бөлім. Капитандар сайысы.

Интернеттен ағылшын тілінде қәзіргі копьютердің дамуы туралы мәлімет алу,оны оқып, аудармашының көмегін пайдалана отырып орыс тіліне аудару, қазақ тілінде мағынасын түсіндіру. (Бұл уақытта қалған оқушыларға электронды оқулықтан тапсырма жұмыстары тест беріліп тексеріледі.)

ІV. Кітаптан тыс мілімет беру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмысқа баулу мақсатында «интеративті тактаның мүмкіншілігі» тақырыбына презентация жасау мен флипчарт жасау ұқсастықтары мен айырмашылықтары түсіндіріліп, қарапайым флипчарт жасап көрсетіледі. Бос уақыттарыңда қосымша келіп үйреніп, жұмыс жүргізу ұсынылады.

Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау. Бағалау. Үйге тапсырма беру.









Пән оқытушысы : Д. Қасымбекова





































Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Мектептегі оқу - тәрбие жұмысы. №4 - 2013 ж. Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал.

  2. Информатика негіздері. Ғылыми әдістемелік журнал. №1 - 2013, №3 - 2012































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал