- Учителю
- 17- Сабақ. Растрлық графиканы өңдеу редакторы
17- Сабақ. Растрлық графиканы өңдеу редакторы
17- сабақ . Растрлық графиканы өңдеу редакторы
Сабақтың мақсаты :
-
граммасының интерфейсімен және растрлық иллюстрациясымен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерімен таныстыру .
Оқушылар білуі тиіс : растрлық кескіннің векторлықтан айырмашылығын ,GIMPпрограммасының интерфейсінің ерекшеліктерін, кескінді сақтау бұйрықтары, кескін пішімін, кескін қасиеті туралы ақпаратты алу бұйрығы , кескін өлшемінің өзгерісі, кадрлеу құралдарының қолданылуларын қабылдау , бейнелеуді .
Оқушылар үйренуі тиіс : жұмысты GIMP программасы арқылы жүргізу және бітіру, кескіндерді әр түрлі пішімде сақтау , іс-әрекеттерді қайтару, кескін қасиеті туралы ақпарат алу , осы кескінді алдағы уақытта қолдану мақсатына сәйкес өлшемдерін өзгерту , кадрлеу , бейнелеу және кескінді бұру .
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
III Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
1.Графиканың қандай түрін білмейсіңдер?( растрлық , векторлық, фракталдық және үшөлшемді).
2 Графикалық редактордың қай түрімен таныссыңдар ?(Растрлық -Paint, векторлық - Inkspake . Оқушылар басқа танымал редакторларды атауы мүмкін,мысалға, Coreldraw -векторлық, Photoshop -растрлық және т. б. )
3 Әр түрлі жағдай үшін графикалық кескіннің (растрлық немесе векторлық) типін таңдаңдар . Ұйымның эмблемасын жасау үшін графикалық кескіннің қай типін қолданасыңдар ? ( егер ол кіші визит карточкасында және үлкен плакаттарда басылатын болса):
Растрлық кескін .
-
Векторлық кескін (дурыс жауап ).
4.Сандық фотосуреттерді редакциялау кезінде графиқалық кескіннің қай типін қолданасыңдар ?
-
Растрлық кескін .(дұрыс жауап).
-
Векторлық кескін.
-
Үлкейту немесе кішірейту кезінде қандай кескін сапасын жоғалтпайды?
-
Растрлық кескін.
-
Векторлық кескін (дұрыс жауап).
Сонымен, осы сабақтан бастап GIMP графикалық редакторының мүмкіндіктері туралы оқитын боламыз.
IV Жаңа материалды түсіндіру .
Сурақты талқылау:
1.Растрлық редакторлардың қандай мүмкіндіктерін білесіңдер ?(Олар ескі суреттердің сапасын жоғарылатады , ақ-қара түсті суреттерді өңдейді ).
2.Кескінмен жұмыс істеу барысында интерфейстің қандай баптауларын орындаған жөн ?) Іс- әрекеттер тарихын және панелін қосу )
3 Қандай растрлық графикалық пішімді білесіңдер?
1BMP(Bit Map image) -Windows операциялық жүйесі үшін әмбебап растрлық пішім Осы пішімнің графиқалық файлдары тәжірібе жүзінде барлық графикалық редакторлар мен сүйемелденеді .Кемшілігі - файлдың көлемі өте үлкен , себебі кескіннің бүкіл нүктелер қоды сақталады .
2.GIF(Graphics Interchange Format) -түрлі операциялық жүйелердегі(Windows,Linuh)
Растрлық операциялық файлдардың пішімі . Gif файлы ақаратты жоғалтпай кескінді сызу жолымен құрылады . Бұл бірегей түстегі сурет аймағының кішіреюімен жүзеге асады .Пішімнің кемшілігі -түстер палитрасының шектеулілігі, олардың саны 256.
3JPEG(Joint Photographic Expert Group) -сканерленген суреттер мен иллюстрацияларға тиімді сығу алгоритмін қолданатын растрлық графиқалық файлдардың пішімі . Бұл пішімдердің ең көп тараған түрі. Кемшілігі - файлды сығудан кейін көп ақпараттар жогалады.
4.PNG(Portable Network Graphic) -жоғалтпай сығуды қолданатын , аналогты Gif пішімге арналған, графиқалық ақпаратты сақтауға қажетті растрлық пішім .Бұл пішімнің ерекшеліғі -фонның мөлдірліғін сақтау, бұл жайлы «Суретті фоннан бөлу» тақырыбын оқуда танысасыңдар.
5.XCF (eXperimental Computing facility)- GIMP программалардың «туыстық» пішімі .Оны жұмысты суретпен жалғастыру қажет болған жағдайларда қолданады . Басқа графиқалық редакторлар бұл пішімді оқымайды.
4Кескіннің өлшемін қалай өлшейді ?
5. Бұруды ,бейнелеуді, түрлендіруді орындау үшін қандай құралдар қызмет атқарады?
V Өтілген материалды бекіту
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Ол үшін , жұмысқа қажетті кескіндерді алдын ала дайындапқ керек.
VI Қортындылау
Тәжірибелік жұмыстарды орындағаны үшін мұғалім бағаларын қояды.
VII Үй тапсырмасы
§ 14-ті оқу , бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру .
Алда тәжірибелік тапсырманы және жобаны орындау үшін оқушыларға кескін қажет болады: ақ-қара түсті фотосурет ,ақауы бар фотосуреттер, фонды алмастыруға қажетті кескін .
Мұғалім оқушыларға өздерінің фотосуреттерін дайындауды ұсынады .