- Учителю
- Сабақ жоспары: Mirror – айналық бейнелеу
Сабақ жоспары: Mirror – айналық бейнелеу
Сынып: |
10 | ||
Күні: |
| ||
Сабақтың тақырыбы: |
Mirror - айналық бейнелеу | ||
Сабақтың мақсаты: |
Blender 3D модельдеу бағдарламасының Mirror - айналық бейнелеу модификаторымен таныстырып, mirror-ды тиімді қолдана отырып жоба жасай алу және логикалық ойлау қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау қасиеттерін дамыту | ||
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ | ||
Әдіс-тәсілдер: |
Жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі | ||
Көрнекіліктер: |
Видео, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, Венн диаграммасы | ||
Сабақтың жүру барысы | |||
Кезеңдер |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру |
1 мин |
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру |
Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу |
Үй жұмысын тексеру |
5 мин |
|
Жұмыс компьютерінде практикалық жұмысты ашып тексерту, оқулықтағы тест тапсырмасын дәптерге орындау. Дұрыс жауап кілті бойынша көршісінің жұмысын тексеру, нәтижесін хабарлау. |
Миға шабуыл |
2 мин |
Сұрақ: Күнделікті қолданып жүрген айнаның қандай қасиеттері бар? |
Өз ойларын айтып, ассоциограмма толтыру |
Жаңа тақырып |
7 мин |
|
Жаңа тақырыпты жұбымен бірге оқып, талқылау. Бір сұрақ дайындау. |
Бекіту |
2 мин |
«Жекпе-жек!» әдісі бойынша жұптар бір-біріне сұрақ қояды | |
Практика |
21 мин |
</<font face="Times New Roman, serif">Mirror модификаторы көмегімен модельдеу: Ол үшін Blender-де алдын ала жасалған жұмыстың видеосы көрсетіледі. Практикалық жұмыс барысында кездескен ыстық батырмаларды, жаңа құралдардың қызметін қысқаша дәптерлеріне жазып алуды ескертіп отыру керек |
- Видеоны мұқият қарап түсініксіз жерлері болса мұғалімнен сұрайды. - Blender-ді іске қосады. - Видеоны көре отырып Blender бағдарламасында практикалық жұмысты орындайды. - жаңа түсініктерді, батырмалар мен олардың қызметтерін дәптерге жазып отырады |
Бекіту |
3 мин |
Венн диаграммасы: |
Өткен сабақты еске түсіре отырып, «Сығып шығару бөлімшесі» мен «Mirror» модификаторы ұқсастықтары мен ерекшелігін Венн диаграммасына толтыру
|
Рефлексия |
1 мин |
Білім ағашынан өзіңді белгіле.
|
Әркім өзінің бүгінгі сабақтан алған білімдерінің қаншалықты дәрежеде екендігін «Білім ағашындағы» қай адамға сәйкес келетіндігін таңдап бояп көрсетеді |
Бағалау |
1 мин |
Оқушыларды жасаған жұмыстары мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау |
Күнделікке бағаларын қойдырады |
Үйге тапсырма |
1 мин |
Дәптерлеріне жазып жүрген ыстық батырмаларды, олардың қызметтерін жаттап келу. Тақырып соңындағы тест тапсырмасына дайындалу. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу |