7


  • Учителю
  • Урок по информатике на тему Ақпаратты іздеу

Урок по информатике на тему Ақпаратты іздеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім және ғылым академиясының базалық мекемесі

№51 гимназия





















Тақырыбы: Интернет. Ақпаратты іздеу.





Өткізген: Жумабаева У.Ж. - информатика

пәні мұғалімі

































Ақтөбе қаласы







Сабақтың тақырыбы: Интернет. Ақпаратты іздеу.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Internet ұғымына түсінік беру, интернеттің мүмкіндіктерін, интернет желісінде ақпаратты іздеу мүмкіндіктерін меңгерту;

Ә) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа, ҚТЕ сақтауға, өздігінен жұмыс істеуге баулу;

Б) дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін қалыптастыру

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, АКТ, пікірталас, шығармашылық тапсырма, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, слайд, электронды оқулық, интернет желісі

Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Информатика 9 класс. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков.

  2. «Информатика негіздері», №5, 2007ж.

  3. Электронды оқулық. Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2008ж.



Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру.

-Оқушылармен амандасу;

- сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын, қауіпсіздік ережесін тексеру.



ІІ. Жаңа сабақ. Интернет. Ақпаратты іздеу.

«Google», «Yandex», «Rambler» жазуы бар кеспе қағаздарын таратып, 3 топқа бөлу.

  • Оқушылар, қолдарыңыздағы кеспеқағаздарға қарап не айта аласыңдар?

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз жауаптарын айтады. Оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқулықтың 190 беттегі мәтінді оқып, топ арасында талқылаңдар! Мәтінді оқып, талқылайды. Оқушыларға сары, жасыл, ақ, көк, қызыл конверт ұсыну. Таңдалған конверттің сұрақтарын оқып, түсіндіру. Топтар таңдалған конвертке қарай жұмыс жасайды. Топ болып сұрақтарға жауап береді.

Конверттердің сұрақтары:

Ақ конверт - Фактілер

Менде қандай ақпарат бар?

Маған қандай ақпарат алу қажет?

Білетіңізді ғана жазыңыз.

Қызыл конверт - Түйсік

Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді.

Өз ойларыңды жазыңыз.

Жасыл конверт - Креатив

Менде қандай идеялар бар?

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?

Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Сары конверт - Позитив

Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз .

Көк конверт - шолу

Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ?

Мен оны қалай аша аламын? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.

Жаңа сабақ электронды оқулықпен түсіндіріледі.



ІІІ. Жаңа сабақты тексеру. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.



ІҮ. Бекіту.

  • Оқушылар, интернетте қандай байланысу түрлерін білесіңдер?

  • Өздерін ең жиі қолданатын байланысу түрін атаңдаршы?

  • Ал сендер агенттің пайдалы бағдарлама деп ойлайсыңдар ма?

Ендеше, «М - агент - пайдалы бағдарлама» атты пікірталас ұйымдастырайық.

Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:

  • Вконтакте, агент, мой мир, скайп....

  • М - агент

Оқушылардың ойлары екі жақты болады.

Стикерлер арқылы сарапшы, жақтаушы және даттаушы топтары анықталады.

Стикерлер арқылы даттаушы, жақтаушы, әділқазылар алқасы анықтау

Пікірталасты жүргізу.

Топ стикерлерді таңдау арқылы өз атқаратын жұмыстарын айқындайды.Жақтаушы топ жақтайды, даттаушы топ даттайды, әділқазы алқалары қай топтың позициясы айқындау болды соны анықтайды.

Әр топқа тапсырма беру, тапсырмаларды түсіндіріп кету.

  1. Топ: «Интернет - бүкіләлемдік желі» тақырыбында презентация құру

  2. Топ: «Ақпараттық жүйені жетілдіру - заман талабы» ойтолғау жазу және сыныптағы достарына электронды поштамен жіберу

  3. Топ: «Компьютерлердің желіде байланысу арналары» тақырыбында ермексазбен мүсіндеу және әңгіме құрастыру

1 топ оқушылары интернеттен мәлімет, суреттер іздеу арқылы тауып, презентация құрады.

2 топ оқушылары ойтолғау жазып, оны достарына электронды поштамен жібереді.

3 топ оқушылары желінің байланысу арналары туралы мәлімет интернеттен іздеп, тауып, ермексаздан мүсіндеу арқылы әңгіме құрастырыңдар.

Статустар арқылы оқушыларға өз - өздерін бағалату

Оқушылар онлайн және сөйлесуге әзірмін, мазалама және уақытша орында емеспін, көрінбей отыру және офлайн статустары арқылы өздерін бағалайды.

Кері байланыс үлестірмелі қағаздары тарату

Үлестірмелі қағазға сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне жапсырады.



Ү. Үйге тапсырма: Электронды пошта мен кәдімгі поштасына Венн диаграммасын құру

ҮІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал