- Учителю
- Ақпарат және ақпараттық үрдістер
Ақпарат және ақпараттық үрдістер
Тақырыбы:
-
Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Мақсаты: Ақпарат және ақпараттық үрдістерді жете түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
•Ақпарат ұғымын білу
•Ақпараттың маңызды төрт түрін атап шығу.
•Ақпаратттың әр салаға сәйкес қолданысы қандай екенін айырып тану
•Ақпараттың қасиеттерін түсіндіру
•Ақпарат көздерін ажырату үшін кестелер мен схемаларды қолдану
•Ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін ерекшелеу
•Тұрмыста, ғылымның қай саласында болмасын ақпараттың атқаратын рөлін түйіндеу
•Ақпаратты жеткізу, сақтау, қабылдау үшін қолданылатын әр құралдың тиімділігін қарсы қойып салыстыру
•Бейнелік және таңбалық ақпараттың байланысын анықтау
САБАҚ БЛОКТАРЫ
Сыныпты «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы екі топқа бөлемін.
Сабақты бастамас бұрын «Жүректен -жүрекке» , яғни оқушылар сабаққа сәттілік тілеу мақсатында жүрекшелерге тілек жазып плакаттағы салынған жүрекке барып жабыстырады.
Үй тапсырмасын сұрау:
- тест сұрақтарын талқылау.
- сұрақ-жауап арқылы
Сабақ жоспары:
1. "Ақпарат" терминінің анықтамасы, шығу тарихы
2. Ақпаратты күнделікті өмірде қолдануы, мысалдар
3. Ақпараттың негізгі түрлеріне қысқаша шолу
4. Адамның ақпаратты жеткізуі, сақтауы, қабылдауы
Сабақтың тақырыбы алдын ала оқушыларға беріп жіберілгендіктен, жаңа сабақты оқушылар слайдтарға қарап өздері түсіндіріп шығады.
Слайдтар:5-слайд Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
6-слайд "Ақпарат"сөзінің пайда болу тарихы
"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
8-слайд Ақпараттың қолданысы
-
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларында кеңінен енді.
-
"Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнынбілдіреді.
-
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаган ортаның құрамдыбөліктерінің бірі болып саналады.
9-слайд
3-тақырыпша Ақпараттың негізгі түрлеріне қысқаша шолу
10-слайд Ақпарат түрлері
-
статикалық (тұрақты) немесе динамикалық
-
алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық
-
басқарушы және мәлімет беруші
-
объективті және субъективті
11-слайд Ақпарат қасиеттері
-
Толықтық
-
Сенімділік (анықтық)
-
Бағалылық
-
Маңыздылық (актуалдық)
-
Айқындылық
-
Қысқалық
-
Нанымдылық
12-слайд Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары
-
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер калдырып кетеді.
-
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.
-
Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.
13-слайд Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары
-
Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндайхабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.
-
Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.
14-слайд
4-тақырыпша "Ақпарат" терминінің анықтамасы, шығу тарихы
15-слайд Ақпаратты беру құралы
-
Адам
-
Тілдері
-
Телекоммуникация құралдары
-
Тірі табиғаттағы биохимиялық процестер, т. б.
16-слайд Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады
Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.
17-слайд Ақпаратты жеткізу қалай жүзеге асады?
-
Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,қабылдаушы болады.
-
Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады.
Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т. б.
18-слайд
Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
19-слайд Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады
-
Физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері)
-
Ақылмен ойлау деңгейде
-
Аңдаусыздық деңгейде
Гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді
20-слайд Тапсырма
Берілген тақырыптарға мысал келтіріндер
-
Ақпаратты сақтау
-
Ақпаратты өндеу
-
Ақпаратты жеткізу
21-слайд Адам қабылдайтын ақпараттың түрлері
-
Таңбалы
-
Бейнелі
22-слайд Бейнелік және таңбалық ақпарат
-
Бейнелік ақпарат -табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпарат
-
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны
бойынша қорытынды шығар.
Әр оқушыға кестені таратамын.
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат түрлері
Ақпарат қасиеттері
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
Топтық тапсырмалар:
І топ тапсырмалары
1. Ақпарат деген сөздің мағынасы қандай?
_________________________________________________________
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
_________________________________________________________
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
_________________________________________________________
4. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
_________________________________________________________
5. Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі?
_________________________________________________________
6. Қандай процестерді ақпаратттық процесс деп атайды?
_________________________________________________________
ІІ топ тапсырмалары
1. Кестеге өзің ақпарат алған мысалдары мен олар алынған ақпарат көздерін жаз.Ақпарат
Ақпарат көзі
1. Internet бүкіл әлемнен байланысты.
2. Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың суммасы өзгермейді
3.
Биология оқулығы
4. Токқа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті
5.
Қоңырау сағат
Топтық жұмыс.
-
Әрбір топ өз тапсырмасына сай жауабын дайындайды:
1-топ: Бейнелі ақпараттың мысалдарын келтіру
2-топ: Таңбалық ақпараттың жасанды тілмен берілетін
ақпараттың мысалдарын келтіру
-
Ақпаратқа,оның қасиеттері,алу түрлері т.б. топқа тапсырма беру. (Әр топ ақпарат жайлы топтастырады)
Ақпарат және ақпараттық үдерістер тақырыбын оқу, «Ақпарат және ақпараттық үрдістер» тақырыбына реферат жазып келу. Өзіңді тексер тест сұрақтары.
Формативті бағалау. Топтардың бір-бірін бағалауы
Сабақтан алған әсерлерін қысқаша жаздыру. «Екі жұлдыз бір тілек»
</ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
№54 жалпы орта мектеп
ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үрдістер
Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Баетова А.
Сынып: 7-«Ә»
Күні: 07.10.2016ж
Уақыты: 16.00
Кабинет: 309
2016-2017 оқу жылы