- Учителю
- Открыты урок по информатики Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері (1 курс)
Открыты урок по информатики Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері (1 курс)
бЕКІТЕМІН:
пЦК жетекшісі
______ ___________
(қолы) (аты-жөні)
Сабақ жоспарының конспектісі
ІІ
Топ:
И-И-15
Сабақ нөмірі:
8
Пән атауы:
Информатканың теориялық негізі
Оқытушы аты-жөні:
Турехожаева Шолпан
Мамандығы/
Біліктілігі:
0111000 - «Негізгі орта білім»
Уақыты:
12.11.2016
Өткізілетін орны:
№ 411
Сабақтың тақырыбы:
MS Excel электрондық кестесі графикалық мүмкіндіктері
Сабақ мақсаты:
-
Білімділік:
сандық информацияны электрондық кесте көмегімен компьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу, диагаммалар құру біліктілігін қалыптастыру.
-
Тәрбиелік:
программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын,
объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.
-
Дамытушылық:
құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.оқушыларды ізденімпаздылыққа өзара бірігіп әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
Теориялық
Сабақ типі:
Аралас
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері, оқытудың дифференциалдық технологиялары
Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
SIN_KAZ (халықты ақпараттық сауаттандыру), 10, 11 сынып информатика электронды оқулығы, пән бойынша ОӘК, презентациялар, таратпалар, интернет сайттары (ru.wikipedia.org, bilimdiler.kz/, ustaz.kz/, mugalimder.kz/)
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту»
М.Қ. Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»
Компьютер,
Қосымша әдебиеттер:
«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» электронды оқу бағд,
Оқулық «Информатика» Королева Н.В
«Информатика» Жаппарова
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
«Теория - білім падишасы» (жаңа білім беру)
мультимедияялық тақта арқылы тақырып түсіндіріледі
-
Тақтаға зен қойып тыңдау және түсіну
Оқулық «Информатика» Королева Н.В
«Информатика» Жаппарова
ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер
- «Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге» (өзіндік тапсырмалар)
- «Ой түйіндеу» ( практикалық жұмыс, деңгейлік тапсырма)
- MS Excel программасында тапсырмаларды орындайды
Компьютер, MS Excel программасы, таратпалар
«Информатика» Королева Н.В
«Информатика» Жаппарова
Ү. Білімді бақылау, бағлау
- «Санаға сапар» (оқушылардың білімдерін бекіту)
- бүгінгі алған білімдерін қорытындылайды
Тапсырма жазылған таратпалар
ҮІ. Қорытынды (рефлексия)
Рефлексия парағын толтыру 5 саусақ әдісі
• Бүгін мен ...... білдім.
• ....... қызықты болды.
• Мен ....... үйрендім.
• ...... мені таң қалдырды.
• Енді мен......істей аламын.
Параққа 5 саусағын суретін салып сұрақтарға жауап береді
Бес саусақ парағы
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
Теориялық тапсырма
Шығармашылық тапсырма
-
MS Excel 2010 программасында графикалық мүмкіндіктері
-
Диакраманың 14 түрін пайдаланып диаграмма тұрғызып келу
Өтілген тақырып бойынша теориялық, практикалық, шығармашылық бағыттар бойынша тапсырмалар беріледі
Оқулық «Информатика» Королева Н.В
- «Информатика» Жаппарова
Студенттердің білім көрсеткіші:
-Тақырып бойынша білім көрсеткіштерін анықтау
Алған білімдерін саралау
Тапсырмалар
Оқытушының өзін-өзі бағалауы:
Өзін - өзі бағалай білу
Бағалау түрлері арқылы білімі тексеріледі
Бағалау парағы арқылы , көңіл-күй фишкалары , тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар арқылы
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Сабақтың мақсаты мен жоспары
1) «Ұшқыр ойлар» (үй жұмысын тексеру)
2) «Теория -білім падишасы» (жаңа білім беру)
3) «Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге» (өзіндік тапсырмалар)
4) «Ой түйіндеу» ( практикалық жұмыс)
5) «Санаға сапар» (оқушылардың білімдерін бекіту)
6) Оқушылардың білімдерін бағалау
7) Үйге тапсырма. Бағалау.
1. «Ұшқыр ойлар» (үй жұмысын тексеру)
Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға,
ағылшынға аудару керек.
К Ұ Я Ш И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т
ҒАБНА
ПЕСЕ
ТӘІНМ
ЯФКЦНИУ
МСАУМ
РЕТЕЕЗ
ЫМАҚНАТА
РАҚАТ
-
Баған - столбец - column; Латын әріптерімен белгіленіп, жоғарыдан төмен қарай орналасады
-
Есеп -задача - task; ұйашыққа формула жазылу арқылы шығарылады
-
Мәтін - текст- text; ұйашыққа енгізілетін мәлімет
-
Функция - функция - function; Функция (лат. functіo - орындау, атқару, жүзеге асыру) көп мағыналы сөз: Функция (cәйкестік) анықтамасы: X және Y жиындары берiлсiн. Егер X және Y жиындарының арасындағы f сәйкестiгi бойынша X жиынының әрбiр элементiне Y жиынының бiр ғана элементi сәйкес қойылса, f сәйкестiгiн X жиынынанY жиынына бейнелеу деп аталады. Белгiлеуi: f: X→Y. Егер y элементi f бейнелеуi бойынша x элементiнiң бейнесi болса, оны f(x) = y теңдiгi арқылы жазамыз. Мұндағы x элементi y элементiнiң f бейнелеуі бойынша алғашқы бейнесi, ал y элементi x элементiнiң бейнесi деп аталады.
-
Өз қосынды - сумма - cum; біренше сандардың қосындысын шығару
-
Терезе - окно - window; бағдарламаны қосқаннан кейін ашыланын жұмыс парағы
-
Анықтама - справка - reference;
-
Қатар - строка - string; кестенің санмен белгіленіп солдан оңға қарай жылжитын бөлігі
-
Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.
-
Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады
-
Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;
-
Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету
-
Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;
-
Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады
2. «Теория -білім падишасы» (жаңа тақырыппен таныстыру)
Excel- де диаграммаларды тұрғызу
Excel программасындағы диаграмма термині сандық
мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды.
Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады.
Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын
ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше
мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының
бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер
тұрған парқта немесе кез келген басқа парақта орналасуы мүмкін.
Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста
болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты
түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма
шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар
панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске
қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан
аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің
барысында енізуге болады. Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма
шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз
қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың
қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң
жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген.
Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес
қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері
бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай (
Далее ) батырмасын басамыз.
Диаграмма туралы
Диаграммалар салыстыруды орындауды жеңілдетеді және мәліметтерді көрсету құралы болып табылады.
Диаграммалар жұмыс беттерінде орналасқан мәліметтер негізінде құрылады. Диаграмма бетте мәліметтермен графикалық объект сияқты орналасады. Диаграмманы баспаға шығаруға болады. Барлығы 11 диаграмма түрлері бар. Олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады.
Диаграмма құру
Диаграмма құру алдында мәліметтер бетте диаграмма түріне сәйкес орналасқандығына көз жеткізу керек.
1.Диаграмма құрылатын кесте бөлігін ерекшелеңіз.
2.Қою қосымшасында Диаграммалар тобында керекті диаграмма түрін шертіңіз (сурет 14.1).
Сурет 14.1. Диаграмма түрін таңдау
Бетте таңдалған түрдің диаграммасы құрылады (сурет 14.2)
Сурет 14.2. Құрылған диаграмма
Диаграмма түрін өзгерту
Құрғаннан кейін диаграмма түрін және типін өзгертуге болады.
1.Диаграммалармен жұмыс қосымшасында Түр тобында Диаграмма түрін өзгерту батырмасын басыңыз.
2.Диаграмма түрін өзгерту терезесінде қажетті диаграмма түрін және типін таңдаңыз. (сурет 14.3).
Сурет 14.3. Диаграмма түрін өзгерту
Диаграмма элементтерін қосу және өшіру
Диаграмма макетін таңдау
Диаграмма макетін диаграмма элементтерінің орналасуы анықтайды.
1.Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма макеті тобының Қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз.
2.Қажетті нұсқаны таңдаңыз.(сурет 14.4).
Сурет 14.4. Диаграмма макетін таңдау
Диаграмма элементтерін қосу және өшіру
Диаграммаға жеке элементтер қосуға және өшіруге болады. Ол үшін Диаграммалармен жұмыс қосымшасының элементтерін қолданады (сурет 14.5).
Сурет 14.5 Диаграмма элементтерін қосу және өшіру
Диаграмма өлшемін және элементтерін өзгерту
Үнсіздік бойынша құрылған диаграмманың биіктігі 7,62 см, ұзындығы 12,7 см болады.
Диаграмма өлшемін ерекшеленген диаграмма маркерін жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Диаграмманың нақты өлшемін Диаграммамен жұмыс қосымшасының Өлшем тобының есептеуіштерінде орнатуға болады. (сурет 14.6).
Сурет 14.6. Диаграмма өлшемін өзгерту
Диаграмма элементтерінің өлшемін өзгерту
1.Диаграмма элементін ерекшелеңіз
2.Элемент шекарасының маркерін жылжытыңыз.
Диаграмма тақырыбы, мәліметтердің жазылу элементтерінің өлшемін өзгертуге болмайды.
Диаграмманы безендіру
Безендіру стильін таңдау
Диаграмманы безендіру стильі диаграмма элементтерінің түсін анықтайды.
1.Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма стильі тобында қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз.
2.Қажетті нұсқаны таңдаңыз.(сурет 14.7).
Сурет 14.7. Диаграмма стильін таңдау
Диаграмма элементтеріне құю
Элемент құюын өз бетімен орнатуға болады.
1. Диаграмма элементін таңдаңыз.
2. Диаграммамен жұмыс Пішім қосымшасының Фигура стильі тобында Фигураны құю батырмасын шертіңіз және құю түсін таңдаңыз. (сурет 14.8).
3. «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» (Өзіндік
тапсырмалар)
1-тапсырма
y=x 2 функциясының графигі парабола деп аталады.
Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма
тұрғыз.
х осінің кесіндісі (1-;1), 0,2 қадам
2-тапсырма
Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құру.
Сергіту сәті. (ия, жоқ, білмеймін)
1) 42 =16
2) Сен ИИ-15 тобында оқисын
3) Сәрсенбі аптаның төртінші күні
4) Excel -де формула жазылмайды
5) Қазақ тілінде 42 әріп
6) ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл
7) 1986 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігін алды
8) 81 саны 3 тің 9 дәрежесі
9) ҚР тұңғыш астанасы - Астана
10) Сен болашақ информатика пәнінің мұғалімісін
11) Тышқан компьютердің қосымша құрылғысы
4. «Ой түйіндеу» практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырма)
Оқушылардың жаңа материалды түсінгендігін тексеру үшін тапсырма
беріледі.
Тапсырмалар орындаймыз!
1-тапсырма
Қазақстан халқының өсу диаграммасын салайық
2-тапсырма
Топ оқушыларының жасына сәйкес дөңгелектік диаграмма құру
3-тапсырма
y=x 3 функциясының графигі гипербола деп аталады.
Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма
тұрғыз.
х осінің кесіндісі (-3;3), 1 қадам
4-тапсырма
y=x 2 +z2 функциясыныңүш өлшемді графигі
салу
х,z осінің кесіндісі (-1;1), 1 қадам
</ 5) «Санаға сапар» (оқушылардың білімдерін бекіту)
1-тапсырма. Тест жұмысы (тапсырманы орындағаны бойынша пайызбен
беріледі)
Бағалау: 12-13→5, 11-8→4, 7-4→3 баға қойылады.
6) Оқушылардың білімдерін бағалау (көңіл-күйін смайликтер арқылы
бағалау)
Рефлексия парағын толтыру 5 саусақ әдісі
• Бүгін мен ...... білдім.
• ....... қызықты болды.
• Мен ....... үйрендім.
• ...... мені таң қалдырды.
• Енді мен......істей аламын.
Бағалау парағы5
Оқушының сабақтағы белсенділігі
1 - 0
6
Теориялық біліміне
1 - 0
10-9 ұпай өте жақсы, 8-6 ұпай жақсы 5-3 ұпай қанағаттанарлық
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
Теориялық тапсырма
Шығармашылық тапсырма
-
MS Excel 2010 программасында графикалық мүмкіндіктері
-
Диакраманың 14 түрін пайдаланып диаграмма тұрғызып келу