- Учителю
- По информатике 'Беттерді багандарга бөлу' 6-сынып
По информатике 'Беттерді багандарга бөлу' 6-сынып
Пәні: ИНФОРМАТИКА Класс: 6а
Күні: 05.02.2015
Мұғалімі: Досмалова Гүлжанар
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Беттерді бағандарға бөлу
Сабақтың типі: аралас сабақ (І кезең - 5 минут; ІІ кезең - 25 минут; ІІІ кезең - 15 минут)
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды мәтіндік процессормен жұмыс жасау барысында беттерді бағандарға бөлу түрлерін, қолданылуын меңгерту;
-
Оқушыларды компьютерлік, ақпараттық, программалық сауаттылыққа, шығармашылық ізденімпаздыққа баулу мақсатында тапсырмалар беру арқылы тәрбиелуе;
-
Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың мазмұны:
І - ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар - кілтінде берілген)
Сабақтың әдіс-тәсілі:
І кезеңде: Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыру;
ІІ кезеңде: а) кітаптан өз бетімен ізденіс әдісі;
б) практикада бекіту әдісі;
в) дискуссия.
ІІІ кезеңде: үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы
бағалау әдістері.
Көрнекіліктер:
І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушының жеке
журналдары;
ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;
б) оқулық, жұмыс дәптері;
в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың
жеке журналдары.
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде: а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп, «ашық журналға» белгілеу;
в) «Көпір» тапсырмаларын тексеру;
ІІ кезеңде:
а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға
оқулықтан жауап іздеуі ;
б) интерактивті тақтамен, оқушымен жеке жұмыс;
ІІІ кезеңде:
Дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілеп отырғызу. Үш деңгейді толық орындаған оқушыларға төртінші дейгей тапсырмаларын орындату.
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
Тақырыбы: Беттерді бағандарға бөлу
Ұйымдастыру кезеңі
ІІІ кезең
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
І. Тест жұмысына жауап бер:
-
Артығын таңдаңдар. Тізімдермен жұмыс қай кезде қолданылады ?
а) жұмыс жоспарын құрғанда б) әңгіме мәтінін тергенде
в) құжаттың мазмұнын құрғанда с) мектептегі сабақ кестесін құрғанда
-
Үлгіде берілген қандай тізім?
-
Информатика
-
Математика
-
Физика
а) маркерленген б) нөмірленген в) деңгейлі с) аралас
-
Тізімнің түрін анықтаңдар:
Табиғи - ғылыми пәндер
-
Алгебра
-
География
а) деңгейлі б) маркерленген в) нөмірленген с) аралас
-
Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қайсы ?
а) Басты - Абзац б) Басты - Қаріп в) Кірістіру - Тізім с) Бетті белгілеу - Тізім
5. Тізіммен орналастырылған мәтін теру үшін ең әуелі не істеу керек ?
а) тізімнің түрін таңдау
б) қаріптің түрін таңдау
в) мәтінді ерекшелеу
с) нөмірлеуді орнату
жауабы:
сұрақ №
1
2
3
4
5
Жауабы
ІІ деңгей : (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«Түсіну»
ТҮСІНДІР:
Бетті бағанға бөлуде алдын ала теріліп қойылған мәтінді де бағандарға бөлуге болады ма, әлде алдымен бетті бағандарға бөліп алуымыз керек пе? Түсіндір.
Жауабы:
-
Бетті бағанға бөлуде алдын ала теріліп қойылған мәтінді де бағандарға орналастыруға ____________ және алдымен ______________ бөлінуін _______________ алып, одан кейін ______________ мәтін _____________ болады.