7


  • Учителю
  • 'Информатика әлемінде' ашық сабақ

'Информатика әлемінде' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Информатика әлеміндеCыныптан тыс сабақтың тақырыбы:Информатика әлемінде.Сабақтың мақсаты:-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.-Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.-Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар
предварительный просмотр материала

Информатика әлемінде


Cыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Информатика әлемінде

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы

мен іскерлігін дамыту.

  • Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

  • Интерактивті тақта(ойын презентациясын көрсетуге арналады).

  • Плакаттар (қазақ әліпбиі және ағаш суреті)

  • ДК, калькулятор

Cабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру(3 мин).

Сайысқа екі топ қатысады.

2. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріледі(3 мин).Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1. Кім жылдам? Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

Бағалану - 5 ұпай.

І топтың сұрақтары:

  1. 1 бит .... (1/8 байт)

  2. 10111 2 =? 10 (23)

  3. Алгол, Бейсик, Паскаль … (программалау тілдері)

  4. Бит, байт, килобайт, … (мегабайт, гигабайт)

  5. Есепшот, логарифмдік сызғыш, калькулятор,… (компьютер)

  6. Жүйелік қорап, пернетақта , тінтуір …(монитор)

  7. Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда ... мағынаны

білдіреді? (есептеу)

  1. Microsoft фирмасының негізін салушы екі студент (Пол Ален

және Билл Гейтс)

  1. Компьютерді өшірген уақытта ондағы барлық ақпарат

жойылады. (оперативті жады)

  1. Алғашқы программалаушы (Ада Августа Лавлейс)

ІІ топ сұрақтары:

  1. Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған

әрекетті болдырмайды. (Ctrl+Z)

  1. Монитор, жүйелік блок, пернетақта қандай құрылғылар? (негізгі)

  2. Логарифм сызғышын ойлап тапқан (Д.Робертсон)

  3. Сандардын аталу, жазылу жүйесі (санау жүйесі)

  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс)

  5. Компьютердің "миы" (процессор)

  6. Ақпараттың қайнар көзі (қоршаған орта)

  7. Римдік санау жүйесіндегі С әрпі қай санды білдіреді? (100)

  8. 2*2 қай уақытта 100-ге болады? (екілік санау жүйесінде)

  9. Ауқымды желіге қосылу үшін ... қажет (модем)


2. Ұшқыр оймен .... Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса,

сол топ ойынды бастайды. Әр топқа 2 сұрақтан кезекпен беріледі.

Бағалануы - 10 ұпай

  1. Шыққан сөз қандай қызмет атқарады?

Р

К

У


А

Р

Ь

О

С

Р

П

О

Л

Курсор(меңзер) -

Пароль -

2.Берілген «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ»

тізбегінен компьютер терминіне байланысты сөздерді құрастыр.

Бір әріп бірнеше рет қайталануына болады.Файл, диск,

форма, код, компьютер, колонка, мышь, курсор, т.с.

3. Кодтау. Бұл кезең топтың жанашыларымен өтеді. Олардың дұрыс

жауап беріп жинаған ұпайы өздері жанкүйер болып отырған топқа қосылады. Тақтаға қазақ алфавиті ілінеді, берілген сөздегі әріптердің алфавиттегі

орын реті табылған соң, сол сандар қосылып, қосындыны екілік

санау жүйесіне аудару керек.

1. Файл; (Файл = 29 + 1 + 13+16 = ?10 = ?2)

2. Диск; (Диск =7+12+24+14 = ?10 = ?2)

3. Байт; (Байт =3 + 1 + 13 + 25 = ?10 = ?2)

4. Меню. (Меню = 17 +8 + 18+41 = ?10 = ?2

Бағалану сіздің алған жапырағыңыздың нөміріне байланысты.

4. Шырқау. Төрт бөлікке бөлінген терезеден тақырыпқа сәйкес келетін 4 санның бірін таңдайды. Бұл кезеңде қосымша көмек алуына болады. Бағалану таңдап алған санына байланысты болады.

1. Ақпарат.

1. Компьютердегі ақпарат қай жүйедегі сандар туралы жазылады?

2. Ақпарат алмасу үшін стандартты код ретінде қандай код түрі қолданылады?

3. Хабардың ақпараттық көлемі неге тең?

4. Ағылшын тілінен алынған "binary digit" сөзі қай терминнің

қысқаша атауы.


2. Қай ғалым?


1. Бұл ғалым 1948 жылы "Теория массовых коммуникации" атты кітабында кез келген ақпараттың екілік түрде жазылуы мен информатикаға бит терминін енгізген.


2.

Ол алғаш рет арифметикалық амалдарды орындау ережелерін жазған Орта Азияның ұлы математигі. Оның есімі информатикадағы іргелі ұғыммен байланысты.




  1. Компьютердің жұмысы мен құрылысының схемасын 1946 жылы өз мақаласында ұсынған бұл ғалымның идеясы негізінде ЭЕМ пайда болды.

  2. Дүние жүзі бойынша бірнші бағдарламашы деп саналатын Ада Августа Лавлейс қай жылы, кімнің машинасына бағдарлама жазған?


3. Компьютердің құрылғылары туралы

  1. Өте ерте заманда есептеу құралы ретінде қолданылған бұл құралдың өзертілген түрі

әлі қолданылуда.


2. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін бұл құрылғы кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады.



3. Бұл неміс философы, математигі қазір әр оқушының қолында жүрген оқу құралының бірі болып саналатын төрт арифметикалық амалды орындайтын алғашқы есептеу маши-насын 1694 жылы орыс патшасы

І Петрге тарту еткен. Ол есептеу машинасы қалай аталды.


4. Компьютердің қай құрылғысы адамның ойлау қабілетін модельдейді?


4. Жұмбақтар.


Мәліметті сұраған.

Экранға шығарған.


Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан.


Батырманы басасың

Қажетіңді ашасың.


Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.


Бағалау, марапаттау;

Нәтижесі:

1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты.

2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық білімі де шыңдалады.

Бағалау, марапаттау;

Нәтижесі:

1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты.

2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық

білімі де шыңдалады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал