- Учителю
- Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.(7 класс)
Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.(7 класс)
№36 мектеп-гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі Анесқызы Айдана
Сабақтың тақырыбы
Программалау - алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.
Жалпы мақсаты
-
Программаның құрылымымен танысып, арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазып үйрету;
-
Turbo Pascal программасының мүмкіндіктерін, тілдің алфавитін;
-
Turbo Pascal ортасында жұмыс істеу тәсілдерін.
Күтілетін нәтиже
-
Программаның құрылымымен танысады;
-
Программалау тілінде жазып үйренеді;
-
Топта бағалай алатын болады
</ Негізгі идеялар
Паскаль тіліндегі программа жеке- жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзеру арнайы мәтіндік редакторлар көмегімен атқарылады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір- бірімен (;) нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Паскаль тілінде программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
program программа аты жазылады;
2. сипаттау бөлімі
Var типтері көрсетілген айнымалылар;
begin
3. операторлар бөлімі
Операторлар;
end.
Программалау тілінің алфавиті - ол белгілі бір символдар жиынтығы. Осы символдардың көмегімен
-
Идентификатор;
-
Өрнектер;
-
Операторлар
жазылады.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) - қосу; (-) - азайту;
(*) - көбейту; (/) - бөлу.
Операторлар:
BEGIN, WRITE, READ, END және т.б.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (Мұғалім және оқушы немен айналысады)
-
Ұйымдастыру
1.1. сәлемдесу
1.2. сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. түгелдеу
1.4. топқа бөлу (1, 2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Операциялық жүйе дегеніміз не?
-
Операциялық жүйелердің түрлерін ата.
-
ОЖ қандай талаптарға бөлінеді?
-
Талқылау үшін сұрақтар беріледі
1. Turbo Pascal программасы туралы не білеміз?
2. Turbo Pascal программасының құрылымы неше бөліктен тұрады?
-
Топтық жұмыс
1-тапсырма Кестені толтыр
Іс-әрекет
Бұйрық
Жаңа файл құру
File New
Файлды сақтау
File Save
Сақталған файлды сақтау
File Open
Жаңа атаумен сақтау
File Save as
2-тапсырма бос орынды толтыр
-
Программалау тілдерінің әрқайсысының өзінің компиляторы болады.
-
Программалау тілінің алфавиті - ол белгілі бір символдар жиынтығы.
-
Компиляция - бұл программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі.
3-тапсырма сәйкестендіру
Copy буферге үзіндіні көшіру
Cut буферге үзіндіні қиып алу
Paste буферден үзіндіні кірістіру
Clear буферді тазалау
Select All терезедегі мәтінді түгелдей ерекшелеу
Unselect ерекшелеуді болдырмау
V. Үй тапсырмасы: §8 оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы
VI. Бағалау
Оқушының аты-жөні
1-тапсырма
Жоғарғы ұпай -5
2-тапсырма
Жоғарғы ұпай -8
3-тапсырма
Жоғарғы ұпай -5
Қоcымша жауаптарға
қатысу-6 ұпай
қорытынды
7-30 ұпай: « 5 » 24-26 ұпай : « 4 »
18-23ұпай : « 3 » 0-17 ұпай : « 2 »