- Учителю
- «Paint» графикалық редакторы сабақ жоспар
«Paint» графикалық редакторы сабақ жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Paint» графикалық редакторының мінің, жүктелуін және элементтері туралы түсінік беру, оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу. Оқушыларды логикалық сауаттылыққа, ойлау қабілетін кемелдендіру және компьютерлік редакциялық іскерлігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы (қоршаған ортадағы көрген дүниесін баптауға) бейнелей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: «Paint» графикалық редактор программасының терезесін плакатта көрсету, дидактикалық материалдар, презентация
Сабақ типі: Практикалық сабақ.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру.
-
«Paint» графикалық редакторы неге арналған?
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған
-
«Paint» бағдарламасын іске қосу тізбегін көрсету
-
Терезе элементтерін көрсетіңіздер
-
Тақырып жолы
-
Меню жолы
-
Құрал-саймандар жолы
-
Жұмыс аймағы
-
Палитра
-
Қалып-күй жолы
Ал, ендеше балалар, осы редактордың негізгі құралдарымен жұмыс атқарып көрейік.Суреттері жақсы шыққан оқушыларға фишка таратылады. Сабақтың соңында суретті жақсы салған оқушылар сол жиналған фишкалары арқылы бағаланады.
Карточка көрсету. Бұл қай құрал?
1. Түзу сызық сызу.
Жұмыс істеп ұзақ, Үсті-басы ине
Өрмекші құрды тұзақ, Бұл не деген бейне
Болмады бірақ күткені, Кірпіге ұқсас заты
Оған ешкім түспеді Жайра оның аты
2.Тік төртбұрыш пен шаршы салу
Тіктөртбұрыш құралын пайдалана отырып , поездың суретін салу
3.Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыштар салу
Әр түрлі типті дөңгеленген төртбұрыш құралын пайдаланып пирамида сал
4.Эллипс пен шеңбер салу
- Бұлт-ау, Эллипс құралын пайдаланып
Көктен төнесің, мына композицияларды сал
Қайдан көшіп келесін?
- Мұхит жақтан келемін,
Жел үрлесе, желемін.
5. Қисық сызық салу
Қисық сызық қолданып,
Салып көрші ойланып
Дөңгелек пен көп таяқ
Қиыстырсаң, шығады
Теңіздегі сегізаяқ
Бүріккіш пен құйғыш құралдарын пайдалана отырып осы салған суреттердің түсін өзгертіңдер.
Суреттеріңді сақтаңдар
Сабақты қорыту үшін, мына сөзжұмбақты шешіп көрейік:
-
Бояулар тақтасы қалай аталады?
-
Өшіргіш басқаша қалай аталады?
-
Бұл қандай сызық сызуға арналған құрал?
-
Командалар мен әрекеттер жасау жолы
-
Графикалық редактор не салуға арналған?
Балалар, біз графикалық редактордың қарапайым түрін өттік, графикалық редактордың түрлері көп, мысалы CorelDraw, Fotoschop, Drawing т.б. Оларды өздерің келешекте үйренесіздер.
Үйге тапсырма: Келесі сабақта WordPad бағдарламасын бастаймыз. Сондықтан әрқайсыңыз кестесі бар мәтін дайындап келіңдер.
Бағалау.