7


  • Учителю
  • Поурочный план 6 класс информатика

Поурочный план 6 класс информатика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: поурочный плане 6 класс по теме "кесте. кесте салу". оқушылар кесте салу тақырыбын өз беттерінше меңгеріп, компьютерде "алгоритмдік деңгейден  шығармашылық деңгейге "дейінгі тапсырмаларды орындады. Сабақта бағалаудың әр түрі қолданды. О қушылар сенмантикалық картны толт
предварительный просмотр материала

Информатика 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кесте және кестені құру жолдары туралы түсінік беру арқылы компьютерде кесте құра алады. Өз бетімен жұмыс жасай алады, ойларын ашық айта алады; пәнге қызығушылықтары артады.

Сілтеме: Информатика 6 сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ. Әбенов оқулығы, күнтізбелік жоспар.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

-оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруі;

-Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;
-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;
-Тәжірибелік деңгейлік тапсырмаларды орындауда алған білімдерін қолдана білу дағдысы, кестені әр түрлі әдіспен сыза алу қабілеттерін арттыру.
Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері: жеке, жұппен, топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының сәйкестендіру тесті, Венн диаграммасы, «жеңілден қиынға» деңгейлік тапсырмалары, дарынды және талантты балаға шығармашылық тапсырма, өзін-өзі бағалауға Блоб ағашы,
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы, компьютер, интербелсенді тақта, бағдаршамдар, бағалау ағашы.
Күтілетін нәтиже: Алған теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыста қолдана білуге дағдыландыру; Пікір алмасуға үйренеді; топпен жұмыс жасай отырып, балалардың сыни ойлау дағдылары қалыптасады.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең.

Сыныпқа психологиялық ахуал туғыза отыра сыныпты 3-ке дейін санатып, 3 топқа бөлемін. Топ мүшелері қызметтерін бөлісіп алады. Топ жетекшісі топтағы балалардың атын бағалау парағына жазады.

Бағалау парағы

«5» - 15 және одан жоғары ұпай, «4» - 13-14 ұпай, «3» - 12-11 ұпай, «2»-10 және одан төмен

Оқушының фамилиясы, аты

Сәйкестендіру тесті 5 балл

Дарынды және талантты бала

5 ұпай

Компьютерде тәжірибелік жұмыс «Жеңілден қиынға» 5 ұпай

Венн диаграммасы


Тестік тапсырма

5 ұпай

Жалпы ұпай саны

Баға









































ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сәйкестендіру тесті арқылы білімдері тексеріледі.Дұрыс жауабы экран арқылы тексеріледі. Өзін-өзі бағалау.Әр дұрыс жауап бір ұпай.

Сәйкестендіру тесті


1.Мәтіндік процессор

2.Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

3.Кегль дегеніміз

а) символды кірістіру, қаріпті өзгерту, интервалдарды беру арқылы

б) қаріптің мөлшері

с) басты-абзац

4.Жоларалық интервалды өзгертуге болады

г) Бетбелгілеу-бағандар

5. Жолақтың тізімдермен жұмыс д) жанама мәзір- абзац

істеуге мүмкіндік беретін бөлімі

6. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың е) Кез-келген басып

қай тіркеме бағанында орналасқан ? шығарылатын ақпаратты

жасап шығаруға арналған

компьютерлік бағдарлама

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Жаңа білімді өз бетінше меңгереді, топ ішінде талқылайды. Түсінгендері бойынша ассосация құрады: І топ Кесте құру батырмасы арқылы, ІІ топ Кестені қарындашпен салу, ІІІ топ Кесте - кестені салу командасы арқылы. Топтар бір-бірінің жұмысын бағдаршам арқылы бағалайды. Кесте салудың жолдарын талантты және дарынды балалар үйге берілген шығармашылық тапсырма слайдтар арқылы қосымша түсіндіріп кетеді.

ІV. Компьютерде тәжірибелік деңгейлік тапсырмалар.АКТ-мен жұмыс.

«Алгоритмдік деңгейден шығармашылық деңгейге» деңгейлік тапсырмаларын компьютерде әрқайсысы жеке орындайды. Мұғалім компьютерде Net Control 2 бағдарламасы арқылы «жұлдыз»-дармен оқушылардың жұмыстарын бағалайды. Үш деңгейді де дұрыс орындаған оқушы «алтын жұлдыз», яғни «5» , екі тапсырманы толық орындаған оқушы «күміс жұлдыз», яғни «4», тек бір тапсырманы орындаған оқушы «қола жұлдыз», яғни «3»-тік баға алады.

Компьютерде тәжірибелік жұмыс. «Алгоритмдік деңгейден шығармашылық деңгейге»

А деңгей

  1. Апталық сабақ кестесін құрыңдар. Жолдарға сабақтың номерін, бағанға дүйсенбіден сенбіге дейінгі апта күндерін орналастырыңдар.

  2. Кестені «Сабақ кестесі» деген атпен сақтаңдар.

В деңгей

  1. Өздеріңнің жолдастарың туралы мәліметтерден тұратын мынадай түрдегі кестені құрыңдар:

    Аты-жөні

    Телефон

    Е-mail

    Мекенжайы

  2. Кестені толтыр.

  3. Кестені «Оқушылар» деген атпен сақта.

С деңгей

Үлгі бойынша кесте құрыңдар:

a

b

c

ab

aс

bс

(ab)(aс)

(ab)(aс)( bс)

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

+

+

+

-

+

+

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

+

+

-

+

+

-

-

-

-

-

-

-

-

-

+

-

+

-

-

-

-

+

-

-

+

+

-

+

+

-

-

+

-

+

-

-

+


V. Сабақты қорытындылау.А) Венн диаграммасы

Оқушылар топ ішінде қағаздағы кесте мен компьютердегі кестенің айырмашылығы мен ұқсастығын топ ішінде талқылап, Венн диаграммасына жазып шығады. Топтар бір-біріне жазғандарын оқиды. Бір-бірінің жазғанын топтар сұқ саусақ арқылы бағалайды.

қағазда ортақ қасиеті компьютерде

Б) Тестік тапсырма. Оқушылар тест тапсырмасын орындайды, бірін-бірі экрандағы дұрыс жауап арқылы тексереді. Бағалау шкаласы бойынша бірін-бірі бағалайды, топ жетекшісі бағалау парағына топтағы оқушылардың бағаларын қояды.

Тестік тапсырма:

  1. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?

А) жолақтың кірістіру бөлімінде В) Жолақтың Басты Кестелер бөлімінде С) Жанама мәзірінде Д) Office батырмасының мәзірінде

2. Экспресс-кесте бұйрығының қызметі:

А) кестені тез құруға мүмкіндік береді. В) кестенің артық элементтерін жояды С) 10х10 мөлшерлі стандартты кестені қосады Д) кестелердің дайын шаблондарын қосады

3. Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?

А) қажетті ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы В) бос орын пернесімен С) F1-F12 пернелерімен Д. Меңзерді басқару пернелерімен

4. Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек?А) Shift B) Tab C) Ins D) Break

5. Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?A) Shift+Ins B) Shift+Break C) Shift+Tab D) Tab

Тесті бағалау шкаласы «5»-түгелі дұрыс, «4»-бір қате болса, «3»-екі қате жіберсе, «2»-үш және одан да көп қате болса.

VІІ.Бағалау. Оқушылар өздерінің осы сабақтағы білімдерін Блоб ағашын бояу арқылы көрсетеді. Топ жетекшісі сабақ бойындағы тобындағы оқушының жиынтық бағасын шығарып, бағалау парағына жазады. Мұғалім сабақ бойындағы оқушылардың сабаққа қатысуын бағалап, қорытынды бағаны шығарады.

Рефлексия . Оқушылар Сабақ бойынша ойларын, тілектерін, стикерге жазып бағалау ағашына іледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал