7


  • Учителю
  • Мәліметтер қорында сұраныс жасау. 11 Сынып.

Мәліметтер қорында сұраныс жасау. 11 Сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ №11 «Тексерілді»

Пән аты: Информатика Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

_____________________

Сыныбы:

11 «А» __________2015ж


Сабақтың тақырыбы: Сұраныстарды ұйымдастыру


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға сұраныстар жайлы, ол не үшін қажет, конструктор ұғымы жайлы кең тұрғыда мағлұмат беру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық -абстракциясын дамыту, тәжірибелік жұмыстар арқылы жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-илюстративті;

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар, тапсырмалар.


Сабақтың өту барысы:

І. Оқушыларды ұйымдастыру. Сабаққа дайындығын қадағалап, түгендеу;
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

С деңгейінің тапсырмасын орындау.1218 бет.

ІІІ. Білімді өзектендіру

Сұрақтар

1. Қандай жағдайда кестелерді байланыстыру қажет?

2. Байланысқан кестеде түйінді көрсеткіш болуы мүмкін бе?

3.Бұрын құрылған байланысты жоюға бол ма?

4. Бірнеше кестені қалай байланыстырамыз?

ІV. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Сұраныстар

Сұраныстар - бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылғы. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. Сұраныстың негізгі қызметі -кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу. Бұл жерде бірнеше кестедегі деректерді өзара байланыстыру мүмкіндігі туралы айтылады. Сонымен қатар деректерді таңдау барысында жаңадан қажетті мәліметтері бар уақытша кестелер құрылады. Бұл мақсат үшін MS Access-те сұраныстар қолданылады, ал уақытша қорытынды кестелерді Recordset объектісі деп атайды. Әдетте Recordset объектілерін виртуалды кестелер деп атайды, дегенмен олар сұраныстардың орындалу нәтижелерін деректер қорында емес, компьютердің жадында сақтайды. Дәлірек айтсақ, кестелер арасындағы байланыстар орнату мүмкіндігі реляциондық ДББЖ тізімдерді өңдеу үшін аранлаған тегіс файлдардың процессорлары деп аталатын қарапайым қосымшалардан өзгешелейді. Recordset объектісі - бұл бірнеше кестедегі деректерді тек біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар ондағы деректер іріктеудің нақты белгілеріне сәйкес келу керек. Сонымен бірге есептеу жолымен бір мәннен екінші мәнді алуға болады.

Көптеген ДББЖ сұраныстырдың келесі түрлері қолданылады:

v таңдама(параметрлі) бойынша сұраныс кестедегі деректерді өзеріссіз қалдырып, форма немесе кесте түрінде болады;

v өзгермелі сұраныс деректерді орналастыру немесе өзгерту (деректерді кірістіру, жою, жаңарту) үшін арналады;

v қиылысқан(қорытынды) сұраныстар статистикалық есептердің нәтижелерін көрсету үшін арналған;

Ал енді біз ең күрделі тапсырмалардың бірін қарастыруға - таңдамаға сұраныстар (немесе қарапайым сұраныс деп те атауға болады) құруға кірісеміз.

Таңдамаға сұраныстарды қолдана отырып, деректер қорынан кестелік түрдегі деректердің бейнесін алуға болады. Сұраныстарға арналған деректер бір немесе бірнеше кестелерден, бұрыннан бар сұраныстардан немесе кестелер мен сұраныстардың комбинациясынан түсуі мүмкін. Деректерді алу үшін пайдаланылатын кестелер мен сұраныстар жазбалар көздері деп аталады.

Конструктор- күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып, Конструкторқатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторытерезесі және оған қосымша "Кестені қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұраныснеСұраныс бланкісідеп те атайды.

1-сурет. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері


2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу. Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді (1-сурет).

3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.

Жұмыс технологиясы.

1. Сұраныс-Конструкторкомандасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

2. "Кестені косу" терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерінің үлгілерін (өрістер тізімін) орнату. Олар автоматты түрде байланыстырып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған. Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек).

3. Сұраныс бланкісінің "Өріс" жолына "Сессия_Ст" кестесінен "Фамилиясы-Аты", "Стипендия" кестесінен "Пайыз" атауын көшіру. (Егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді.)

4. "Іріктеу шарты" жолындағы "Пайыз" өрісінің ұяшығына >=2 шарттық өрнегін енгізіп (30-сурет), терезені жабу.

5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезенің Иәбатырмасын шерту.

6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезеге атау енгізіп (мысалы, "Сессия1"), ОК батырмасын шерту.

Ол деректер қорының Сұранысбөліміне жазылып қойылады (2-сурет).

2-сурет. Сұраныс бланкісін толтыру

Фамилиясы

Пайыз

Ахметов А.


Ермекова С.


Мамаев Л.


3-сурет. Бұйрық жобасына арналған Сессия1 сұранысы

Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде дайындау да мүмкін.


V. Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

А деңгейлік «Менің сыныбым» мәліметтер қорымен жұмыс.

Мұғалімдер кестесіне жаңа Жұмыс өтілімі көрсеткішін енгузі керек.143 бет.

В деңгейлік «Емхана» мәліметер қорымен жұмыс.Дәрілер кестесіне Дәрі бағасы жолын енгізіңдер.

С деңгейлік «Туристік агенттік» мәліметтер қорымен жұмыс.

VI. Өзіңді тексер! (145-беттегі тест сұрақтары)

1.Сұраныс дегеніміз не?

2.Қатар тұрған бірнеше көрсеткішті ерекшелеу үшін қандай перне қолданылады?

3.Басқа көрсеткіштер арқылы тізімде тұрған бірнеше көрсеткішті ерекшелеу үшін қандай перне қолданылады?

4. Символдардың кез келген тобы үшін шаблон ретінде қандай символ қолданылады?

VII. Қорытындылау. Сұраныс шеберінің көмегімен қорытынды сұранысты жасай аламыз. Сұраныс барысында sum, avg,min,max, count, var, first, last функцияларын қолданамыз.

VIII. Үй тапсырмасы

$11 оқу,12-146 бет, сұрақтарға жауап беру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал