7


Алгоритм типтері 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ 7.7

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сызықты, тармақталу және циклдік алгоритм түрлерімен танысу, сызба нұсқаларымен жұмыс істеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру, сөйлеу қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекі-демонстрациялық әдіс.

Көркекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеррактивті тақта, компьютер, слайдтар.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Амандасу, түгендеу, кабинет жағдайына назар аудару, оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан,ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.



Тармақталу алгоритмі. схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 және 2 сызықтары арқылы байланысады. Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал, кері жағдайда 2-серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм ары қарай орындалады.



Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада, экономикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер жиі кездеседі. Осындай есептеу процесінің бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атаймыз,ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер ьобы циклдік алгоритмдерге жатады.

Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екіге бөлінеді. Қайталану саны алдын ала белгілі цикл - арифметикалық цикл, ал орындалу саны белгісіз цикл - қадамдық (итерациялық) цикл деп аталады.

Арифметикалық цикл. Алгоритмның атқарылуы алдында циклдің алғашқы мәні (айнымалы аргументі - параметрі) белгілі болады да, келесі қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір тұрақты шамаға (қадамға) өзгеріп отырады. Бұл процесс алдын ала берілген ең соңғы мәнге дейін жалғасады.

Итерациялық (қадамдық) цикл. Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, интерациалық (қадамдық) цикл пайдаланылады. Алдын ала қайталану саны болған жағдайда қадамдық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Цикл сол шарт орындалғанға дейін қайталана береді. Қадамдық циклдің схемасын өрнектегенде циклдің неше рет қайталанатыны алдын ала белгісіз болғандықтан, модификатор қолданылмайды. Ал шарт орындалса, онда цикл қайталанбайды, себебі циклдің неше рет қайталанатынын алдын ала білмейміз.





ІV.Жаңа сабақты бекіту.













V. Қорытындылау.

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

  • Циклдік алгоритм дегеніміз не?

  • Циклдік алгоритмнің түрлерін ата.

  • Тармақталу командаларын ата.

VІ. Бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма:

Алгоритм типтерінің ережелерін жаттау. Алгоритм типтерінің сызба нұсқаларын жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал